Тагильский, у меня вопрос!

20170514_102022«Тагильский, у меня вопрос!», – деді шоқша сақалды Мұхит ұзын дәліздің бойымен пластик трубасын сүйретіп бара жатып. «Эта труба идет вверх от 405-го?»
 
Даңғыр-дұңғыр еткен трубаның дауысы мен еденде қалған сарғылт дақ төртінші қабаттағы күллі кабинетті шарлап жүр.
 
Бұған дейін бөлмемізде ағылшын тілінің шуә дыбысымен өрілген «British English» естілетін. Кешелі бері «тагильский» деп өңеші созылғанша айғайлаған Мұхиттың дауысы басып кетті.
«Давай срежем» дейді. «Тезірек бітірсе екен,» – деймін. Қазір трубадан бүлк-бүлк етіп су атқылап шығып, Oxford пен Cambridge баспасы шығарған ағылшын тілі кітаптарым лай судың бетінде қалқып жүргенін елестетіп отырмын. Парталарым орнынан жылжым кеткен. Аппақ тақтамның бетінде Мұхиттың әлде Тагильскийдің алақанының ізі тұр. 

Ақылды тұтынушы мен «тентек» оператор

Қазақстанда бизнес жасап жүрген шетелдік мамандармен сұхбат құруды бұрыннан ойластырып жүргенмін. Достарыммен шағын бизнес бастап жатқан соң шетелдіктер тәжірибесі қызық. Әсіресе, үлкен компаниялардың ұзақ мерзімдік жоспарлары, бәсекелестермен қарым-қатынасы, маркейтинг тәсілдері т.с.с.

Tele 2 басшысымен кездесудің сәті түскен соң, Tele2 Қазақстан компаниясының басқарма төрағасы Пиетари Кивиккодан «Сіздер туралы басқа мобилді операторлар не ойлайды?» деп сұрадым. Себебі Tele2-нің маркетингтік қылықтары «тентек баланы» еске түсіреді. Оқуды жалғастыру

Малайзия. Мелака. 2009

Ақша туралы…

… сөйлесе алмайды екенмін. Кішкентай кезімде ата-анам бетімді бір рет қайтарып тастаған. Бірақ бәрібір де берілгім келмейді. Ақшамен сөйлескім келеді. Себебі өзгерістен қашуға болмайды деп санаймын.

Малайзия. Мелака. 2009

Малайзия. Мелака. 2009

Америкада жүргенде де ең қиыны осы болатын. Ақша туралы сөйлесу. Олардың ақша туралы әңгімесі арқаға сұғылатын қанжар тәрізді. Күтпеген жерден атып шығатын. Болмашы бір қызмет көрсеткендей болсаң, соның өзінде «Қанша?» деп сұрайды. Оқуды жалғастыру

Турист және сатушы

image

Елге барғанда кездескен таныс блогшыларға сыйлармын деп магнитик қарап жүргенмін. Мынау біреуі ерекше ұнады. Уайоминг штатының картасы формасында жасалған. Әрі негізгі елді-мекендердің табиғаты суреттеліпті. Бағасы қымбаттау болса да алуды ұйғардым. Қызықтың көкесі карточкамды ұсынып, есеп айрысқан соң болды. Чегімде магниттің бағасы арзан екен әрі жалпы саны аз көрсетіліпті. Әрі-сәрі күйде тұрғанымды байқаған сатушы ақырын ғана: «Мен саған екі-үшеуін тегін бердім» дейді. 😉

Зейнетақы қорындағы ақшамыз не болып жатыр?

Зығырданым қайнап, зейнетақы қорымның сайтына шағымданып едім. Бір сағат өтпей қызметкері хабарласып, «Жарты жылдың көлемінде түзетеміз. Өтінішіңіз орынды т.с.с.» деп жуып-шайып жатыр. Сонда да өзімнің қазақша мәлімет алу құқымды даулауды қоймайтын түрім бар. Сұмдық қой… Менің ай сайынғы жалақымның 10 %  алып отыр және ол туралы жөні түзу мәлімет те бермейді.

Бұрындары Зейнетақы қорына аударылып жатқан ақшама мән бермейтінмін. «Пайғамбар жасқа дейін не боларын, Құдай біледі. Сол он пайызы садақа болсын» деп бұл тақырыпты жауып қойғанмын.

Өткен сенбіде студенттерімді «Республика» зейнетақы қорына апардым. Оқуды жалғастыру

Каспий теңізі және Баутино

Еліміздің батыс өлкесін көруді көптен армандайтынмын. Ақтаудың жігіттері рэпті жақсы айтатынын білемін. Әрі  ақтаулық біраз таныстарым да бар. Бірақ сол Каспий толқындары еркелей сипап жатқан Ақтауды көре алмай жүрмін.

Әріптестерім Ақтауға іссапарға барасың дегенде, сол қаланы көрермін деп қиялдағанмын. Оқуды жалғастыру