Қызылорда кітапханашыларына арналған тренингтен

DSC_0366-1024x682

Егер сіз Қызылорда облысының тумасы болсаңыз, өз ауданыңыздың, ауылыңыздың парақшасына жазылып қойсаңыз болады.

Кеше кітапханашылар күні болды. Кітапханашыларға тренинг өткізіп жатқанда бірақ білдім. БҰҰ-ның Дамыту бағдарламасының Қызылорда өңірінде бірнеше жылға жобаланған жоспары бар екен. Сол жобаның бірі – Қызылорданың ауылдық, аудандық жерлерінде Онлайн орталықтар ашу. Бұл орталықтар қазір Қызылордадағы кітапханалар негізінде құрылып жатыр.

Қызылордада 300-ге жуық кітапхана бар. Оның жартысына жуығы ауылдық жерлерде. Қызылорданың аудандары мен ауылдарында Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының көмегімен Онлайн орталықтар ашылып жатыр.

Оқуды жалғастыру

Advertisements

Астана қазақтың санын анықтамақшы

Сұмдық аяз!!! Астанада қатып қалдым! Жылы киініп бармаппын. Суықтан қалтафонымның қуаты азайып, инетке шығу да қиындап кетті. Бірақ астанадағы достарымның жылы пейілі мені жігерлендіріп, арқаның суығында жаурамауыма жәрдемдесті.
Алматы әуежайынан ұшағымыз Астанға бет алды. Менімен бірге қажылықтан келе жатқан кісілер бірге болды. Олар өте жұқа киінген екен. Бір бауырымыздың мұрнынан қан кетті. Қысымнан, ауа температурасының бірден өзгере бергенінен болар деп ойладым. Мені де кейбір кісілер Меккеден келе жатыр деп ойлап қалды. Ниеттеріне шүкір! Айтпақшы, бірінші рет Алматыдан Астанаға жастарға арналған тарифпен (10500 теңгеге!) ұштым.


Жұма күні ҚР Статистика агенттігі алдағы жылы болатын Санаққа орай арнайы семинар өткізді. Бұрын-соңды министрлер үйінде болмаған едім. (Тіпті, 410 теңгеге сол жерде түстендім десем, сенбейтін шығарсың)Сөйтіп, алғаш рет ұзыннан-ұзын салынған Министрлер үйінің 4-кіреберісіндегі ғимаратқа кірдім. Министрлер үйі деген өзі 20 шақты кіреберіске (подъезге) бөлінеді екен де. Әрқайсысында бір-бір министрлік орналасқан екен. Сақшылар күтіп алды. Дорбамның ішінде не бар екенін білу оларға қызық көрінді. Жайнамаз, фотоаппарат, диктафон, оны-мұны, кәкір-шүкір қағаздарды көріп, жібере салды. Семинарға Қызылжардан, Керекуден, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Астанадан да әріптестерім қатысты. Көптен көрмеген достарымды көріп, арқа-жарқа болыстық.

Семинарда не айтылды?

WHAT DOES KAZAKH TALANTS DOING IN NY?

НЬЮ-ЙОРКТЕ ҚАЗАҚ ДАРЫНДАРЫ НЕ ІСТЕП ЖҮР?

Қазақ халқының дарынды ұл қыздары тағдырдың бұйыруымен қазір шет шетте жүр. Солардың бірі – бұл күнде Нью-Йорк қаласында тұратын Әлия МӘЛКЕЕВА. Ол қазір Америкадағы өнер адамдарын мойындатқан айтулы пианист. Әлем астанасы атанған үлкен шаһарға жолым түсіп барғанымда онымен жолығысудың сәті түсті.

– Нью-Йоркке көшіп келуіңізге не себеп болды?

– Кеңес Одағы ыдырамған кезде Мәскеуде тұрып жатқанмын. Сол кездері экономикалық та, рухани құлдырау болды. Мүмкіндігі барлар жан-жаққа көшіп жатты. Мен де ұлымды ертіп, АҚШ-қа көшіп келдім. Өмір дәл осылай өзгереді деп кім ойлаған?! Бұл 1991 жылдың соңы еді. Жаңа мекенге көшіп келгенде қатты қиналдым. Себебі, ешкімді танымайсын. Жүзі жылы ешкім жоқ. Қазақстанның қандай ел екенін түсіндіру мүмкін емес еді. Бізді қытай, кәріс не жапон деп түсінетін. Менің ең үлкен мақсат баламның болашағы болғандықтан, оның мектептегі үлгеріміне, тәртібіне қатты көңіл бөлдім. Тек он жылға жуық уақыт өткен соң, яғни балам колледжге бара бастаған кезде барып, жаңа ортаға да бейімделіп қалғанымды сезіндім. Жан жағыма қарап, қазақтарды іздей бастадым. Екі-үшеуін танитынмын. Кейде бір-бірімізге қонаққа барып тұратынбыз. Сол басқосулар туған елге деген сағынышымызды одан сайын күшейтетін. Бұл кездері Қазақстан қуатты қарқынмен дамып келе жатыр дегенді жиі-жиі еститінмін. Содан өзім Нью-Йорктегі қазақ өкілдігін іздеп тауып: «Егер Сіздерге концерт ұйымдасыру жағынан көмек керек болатын болса, мен қолдан келген көмегімді аямаймын», – деп өз ниетімді білдірдім. Кейін Нью-Йоркте қазақ Мәдени орталығының қорын аштық.
Оқуды жалғастыру

АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚ БҮЛДІРШІНДЕРІ

Біз оларды өз қолымызбен шетелге саттық. Кәдімгі экспортқа шығарған мұнайдың бір баррелі тәрізді бағамен саттық та жібердік. «Тағдыры сол болса, қайтеміз. Жарқын болашақ оларды бұл елде күтіп тұрған жоқ қой», — дедік те қойдық. Ана емшегінен ажырап, өзге елдін топырағында тәй-тәй басқан қазақ бүлдіршіндері өздерінің қай елдің баласы екенін біледі екен. Тәуменді елдің өзекке тепкен ұрпағы атанғанын біліп, енді бір он жылда өкінер ме екен, өшігер ме екен?

Америкалыктар Қазақстаннан асырап алған балаларға казақ тілін үйретуге бар мүмкіндік жасап жатқанын естіп, бұл жайтты көзбен көргенше асықтым. Әр сенбі сайын Нью-Йорк шаһарының Бруклин ауданында Америкадағы Қазақ мәдени орталығы америка қазақтарына арнап, қазақ тілі, домбыра, пианино кластарын ашқан екен. Қазақстанда жүріп туған тіліне менсінбей қарайтындардың бар екенін ескергенде, американдықтардың қазақ балаларына тамырынан ажырамауға жағдай жасап жатқанын көріп, іштей риза боласың. Әйткенмен, американдықтардың бұл кадамға қандай ниетпен барғаны бір Аллаға аян.

Американдықтар асырап алған қазақ балаларына қазақ тілі мен ән-күй дәрістерін өткізу үшін, Чайнатаунның бір бұрышындағы ғимараттың жертөлесінен бір бөлмені жалдаған екен. Бөлме иесі Джой американдықтарға тән ақ көңілдігімен қарсы алды. Әйелі — қазақ. Сондықтан, бұл бөлмені Америкадағы Қазақ мәдениеті орталығына арзан бағаға жалға беруде. Бөлме заттары өте ыңғайлы орналасқан. Ортада үстел. Бір бұрышта пианино. Одан әрі асхана заттары: ыдыс-аяқ, қасықтың ұшы қылтияды. Жұмсақ диван, кілем төселген. Кластың ішінде емес, өз үйіңде жүргендей еркін сезінесің.

Мен кіріп келгенде Әлия Розаға пианино үйретіп жатты. Оқуды жалғастыру

K.Annan, thank you!

АҚШ тағы күндердің бірі. Атақты Ниагара сарқырамасында. Жетінші сыныпта оқып жүргенде алғаш рет Ниагара сарқырамасы туралы Жағырапия оқулығынан оқыған едім. Сол сарқыраманы көзбен көрермін деп еш ойламаппын. Әлхамдулиллаһ! Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Кофи Аннан мырзамен кездестік. Жұрттың көбі Кофи Аннан мен Қауіпсіздік Кеңесі, Жалпы Ассамблеяны шатастырады. мәселен Ливандағы шиеленісті Кофи Аннан тоқтата алмады деп бас кезінде көп шулады. Шындығында ол тоқтата алмайды. Бар болғаны Қауіпсіздік Кеңесіне қарар қабылдау жөнінде ұсыныс айта алады. Ал негізгі шешімді ҚК дегі бес ел шешеді. Білетін шығарсың БҰҰ ЖҮЗ ТОҚСАН ЕКІ ел мүше. Кофи мырза өте шаршаңқы болып көрінді. Келесі жылдың қаңтарынан бастап Бас хатшылыққа Пан Ги Мун келмек.

Алғаш рет суретке түсіп тұрған жоқ қой. Қанша шаршаса да күлімдеп жүруге тырысады.

Greeting!

Ассалаумағалейкум! Міне қазақ қаріптерімен тағы да қиындық пайда болды. Туған тілінде өз ой пікіріңді жаза алмауым қандай қын? Бәлкім қазақ блогтары көбейе түскен сайын бұл мәселе де өз шешімін табар. «Көш жүре түзелер». Гуглдың қазақ тілін енгізіуінің өзі осындай сенім ұялатады. Хош!
Манхеттен.