Қызылорда кітапханашыларына арналған тренингтен

DSC_0366-1024x682

Егер сіз Қызылорда облысының тумасы болсаңыз, өз ауданыңыздың, ауылыңыздың парақшасына жазылып қойсаңыз болады.

Кеше кітапханашылар күні болды. Кітапханашыларға тренинг өткізіп жатқанда бірақ білдім. БҰҰ-ның Дамыту бағдарламасының Қызылорда өңірінде бірнеше жылға жобаланған жоспары бар екен. Сол жобаның бірі – Қызылорданың ауылдық, аудандық жерлерінде Онлайн орталықтар ашу. Бұл орталықтар қазір Қызылордадағы кітапханалар негізінде құрылып жатыр.

Қызылордада 300-ге жуық кітапхана бар. Оның жартысына жуығы ауылдық жерлерде. Қызылорданың аудандары мен ауылдарында Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының көмегімен Онлайн орталықтар ашылып жатыр.

Оқуды жалғастыру

Advertisements

Вашингтон конференциясы жүрегімді жаралады

Вашингтондамын. Көптен күткен конференцияма қатысып отырмын. Interactive Journalism деп аталатын Мультимедиа оқытушыларына арналған конференцияға студенттер қатыстырылмайды. Екі студентке қана шәкіртақы ұсынып, рұқсат берді. Соның бірі атандым. Себебі Қазақстанда медиа тренер болдым, универде мультимедиа оқыттым, әрі ЮНЕСКО-ның журналистиканы оқытуға қатысты силлабусын қазақшаға бейімдеуге ат салысып жатырмын дедім. Өзге шетелдік профессорлардың да ұсыныс хаттары септігін тигізді.  Оқуды жалғастыру

СТИПЕНДИЯ: Master of Arts in Economic Governance and Development Programme

Official logo of the Organization for Security...

Image via Wikipedia

Алдыңғы жазбаны оқып, дауыс бергеніңе көп рахмет (21 оқырманның 17-і «иә» деп жауап берген екен). Төмендегі хабарландыруда  Бішкектегі OSCE Академиясында магистратураға түсуге қатысты мәліметтер берілген. Осы академияны бітірген көптеген таныстарым қазір Қазақстанның халықаралық ұйымдарында қызмет етіп жүр. Орталық Азиядағы ең жақсы оқу орындарының бірі деп білгендіктен ұсынып отырмын. Қызығушылық білдіргендерің бар болса, қатысып көріңдер. Тек университеттегі білімдерің экономикаға қатысты болуы керек екен. Өзіңе болмаса да, қасыңдағы танысың үшін пайдалы ақпарат болуы мүмкін. Сондықтан бөлісуді ұмытппассың 🙂
Call for Applications 
Scholarships for the Master of Arts in Economic Governance and Development Programme 2012-2013
 
The OSCE Academy in Bishkek invites applications for the Master of Arts in Economic Governance and Development Programme. The Programme is a 15-month course work that will start on January 16 2012, including an 8-week internship. Оқуды жалғастыру

ТРЕНИНГ «Создание журналисткой сети по продвижению вопросов гендерного равенства»

Sanatorium "Borovoe"
Image via Wikipedia

Бурабайда тағы бір тренинг өткелі жатыр. Астанадағы журналистерге тамаша мүмкіндік! Орысша екенін деп үрікпей қатысуға кеңес беремін. Жол шығынын, тұратын жерді өздері көтереді. Халықаралық журналистика тақырыбына қалам тербеп жүргендерге осындай Халықаралық Ұйымдардың шараларына қатысқандары өздеріне жақсы. Ең болмаса, жақсы контактілер болады. Іске сәт! UNDP Алматыдағы өкілдіктерін білетін едім. Қосымша сұрақтарыңыз болса, хабар беріңіздер, шамам келгенше ақпараттық көмек көрсетуге тырысамын.

Национальная комиссия по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан совместно с Программой Развития ООН проводит семинар на тему «Создание журналисткой сети по продвижению вопросов гендерного равенства» для представителей печатных и телевизионных СМИ. Оқуды жалғастыру

ТРЕНИНГ для журналистов в Астане и Алматы

Радиотелескоп центра космической связи

Image via Wikipedia

Тағы бір тренинг жайлы ақпарат келіп түсті поштама. Ұйымдастырушыларды жақыннан білетін болғандықтан, әрі тренер Тарас Шевченконың курсына қатысқандықтан олардың тренингтері пайдалы болады деп үміттенемін. Тренинг орыс тілінде өтетініне қарамай қатысып, пайдалы ақпараттарға қанығуға болады.

Тренинги для журналистов в Астане и Алматы ОФ «Правовой медиа-центр» при поддержке Центра ОБСЕ в Астане приглашает журналистов на тренинги в Астане и Алматы.

Мероприятия направлены на повышение уровня знаний журналистов в области международных стандартов свободы слова и применение данных принципов на практике. Оқуды жалғастыру

«Мінбер». Табиғат. Блог

«Мінбердің» жаңа медиаға қатысты Алматыдағы тренингі аяқталды. Екі күн өте тез өте шықты. Қатысушылардың дені «Екі күн аздық етеді» дейді. Шынымен де солай. Мультимедиалық өнім әзірлеуге лайықталған мұндай тренингтер кем дегенде бес күндік болуы керек. Алдағы уақытта енді бес күндік етіп, созу жағын ойластырмақпыз.

Тренинге қатысқандардың дені журналистер. Солардың бірі – Табиғат Абаилдаевты (БЛОГЫ) блогосферадағылар жақсы танитын болар деп ойлаймын. Бірнеше блогта өлеңдері жарияланғанын байқағанмын.

Жас ақынға блог шығармашылығын әрі қарай дамытуға себепші болады деген үміттемін.


Оқуды жалғастыру

«Мінбер» тренингінде тіркелген блогтар

Кеше тренингіміз басталды. Естіген боларсың. ҚазАқпараттан Ербол да хабарлап қойыпты. Әзірге көп нәрсе жазбаспын. Ойларымды, иншАллаһ тренинг аяқталғанда жазармын. Әзірге аздаған суреттерді және кеше тіркелген блогтардың тізімін ғана ұсынып отырмын.

This slideshow requires JavaScript.

  1. http://zhaszhurnalist.wordpress.com
  2. http://mirasym.wordpress.com/
  3. http://sanmensymbat.wordpress.com/
  4. http://injumarjan.wordpress.com
  5. Оқуды жалғастыру