Дата визуалиязация IELTS дайындығына қалай көмектеседі?

WhatsApp Image 2018-06-28 at 21.26.52Сенбі сайын студенттерім IELTS тестін тапсырады. Соңынан нәтижесін талдаймыз. «Мына жауап неге қате? Не себепті дұрыс жауап болмай қалды?» деп тәпсірлейміз.

Қатемен жұмыс – студентке нәтижесін жақсартуға септеседі. Бірақ feedback дұрыс берілуі керек.

Сол себепті IELTS «пробный тестке» баратындарға айтарым «Тестен кейін сіздерге дұрыс feedback беріп, қай жерден қандай қате кетті? Не себепті қателесті? Оны қалай дұрыстау керек?» деген сұрақтарға жауап берсе, «пробныйға» барыңдар деймін.

Әйтпесе, көп орталықта IELTS пробный тесті студенттерің телефондарын алып қалып, маркейтинг үшін қолданады.

Өткен сенбіде студенттерімнің Listening (Тыңдау) бойынша жасаған тестерінің алғашқы 20 жауабын кестеге түсіріп, төрт категорияға бөліп шықтым.

Мақсатым – тыңдау дағдысын дамытудағы subskills-тарға назар аудару еді. Себебі студенттер стратегияны түсіндік дегенімен, не себепті қателесетіндерін кейде дұрыс түсіндіре алмай жатады.

IELTS Visual copy

Жасыл – толықтай дұрыс
Сары – жартылай дұрыс (емле, тыныс белгі қатесі)
Қызыл – дұрыс емес
Қара – жауап жоқ

Нәтижиесінде өзім бұрын аса назар аудармаған жайтты байқадым.

Біріншіден, бұрынырақта әр студенттің жауабын жеке-жеке қарап, талдайтынмын. Бұл жолы жауаптарын ортақ кестеге салғанда студенттер тұтастай алғанда бірінші бөлімде note completion стратегиясын жақсы қолданғанын, бірақ 5 сұраққа бәрі бірдей қиналғанын көрдім. Бесінші сұрақты ашып, қайта тыңдап, неліктен қате шыққанын қарадық.

Екіншіден, note completion  тапсырмасына қарағанда Table completion тапсырмасы қиынға соққан. Бұдан кейін ол тапсырманың нақты қай жері қиындық тудырғанын детальді түрде көре алдым.

Студенттерімнің нәтижесін визуализациялау алдағы уақытта олармен қандай типті тапсырмамен көбірек жұмыс істеу керектігін, қателік нақты неден туындағанын дәл көрсетуге көмектесті.

Бұның маған қажеті не?

Деректерді жинақтап, соның нәтижесінде шешім қабылдау дағдысы күн өткен сайын маңызы артып келеді. Егер жұмыс барысында әртүрлі мәлімет, дерекпен жұмыс істесеңіз, бәрін бір кестеге топтастырып визуализациялап көріңіз. Нәтижесінде болып тұрған жайттың ортақ суретін көресіз. Мәселеге жақыннан емес, алыстан қарағанда кейбір елеусіз жайттар нақты байқалады. Бұл жұмысыңызды әрі қарай жетілдіруде дұрыс шешім қабылдауға түрткі болады.

p.s. Егер IELTS дайындығы курсына жазыламын десеңіз, www.6we.kz сайтымызға кіріп, емтихан дайындығына тіркеле аласыз.

 

Advertisements
TEDxAlmaty конференциясының екінші бөлімін жүргізіп тұрған сәтім.

Айдың арғы бетінен енді оралдым

TEDxAlmaty конференциясының екінші бөлімін жүргізіп тұрған сәтім.

TEDxAlmaty конференциясының екінші бөлімін жүргізіп тұрған сәтім.

#TEDxAlmaty ұйымдастырушылар тобына қосылғалы төрт жылдай болды. Биылғысы ерекше өтті. Көп шаршадым ба, әлде уайымдадым ба, түсіне алмадым. Дәлірегі түсінуге екі аптадай уақыт кетті.

TED ұйымдастырушылар арасында TED Crush деген ұғым бар. Шарадан кейін өзіңе келу үшін бір аптадай тынығу керек. Тыныштыққа сүңгу керек. Мен сүңги алмадым. Оқуды жалғастыру

Бішкекте не жоғалттым?

Бір айдай уақыт бұрын Facebook-ке Назгүлден [darknazgul] хат келген. «Сен қатысатын шара екен. Көрсеңші!» деп. Бұған дейін дата журналистикаға қатысты қатысқан тренингтерімнің ішіндегі ең ұзағы екі күндік еді. Мынау – бір айлық Дата журналистика мектебі. Оқуды жалғастыру

Ciao-Cacao кафесіне не үшін барамын?

Кафе ашқан студентім бұл емес. Бұл – Баубек! [сол жақта]

Кафе ашқан студентім бұл емес. Бұл – Баубек! [сол жақта]

Студентім кафе ашты. Төртінші курста оқиды. Екі семестр сабақ бердім. «Мультимедиа», «Дата журналистика» оқытқан студентім Абылай хан мен Мақатаевтың қиылысында кофехана ұстап отыр. Оқуды жалғастыру

«Дыбыс коммуникациясынан» 11 ой

13537669_10201853266529401_4324300493326333673_n

Көзбен көретін дүние көбейген сайын айналамыздағы дыбыстарға аз құлақ түреміз. Шындығында есту қабілетіміз төмендеп бара жатыр. Ғалымдардың айтары осы. Алдағы он немесе жиырма жылда Қазақстанда құлақ ауруларын емдейтін орталықтар саны көбейіп кетсе, таң қалмаспын. Біз бір-бірімізді тыңдаудан қалып барамыз.
«Есту – табиғи қасиет, ал тыңдау – үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететін қабілет» дегенді түсініп алайық деді,  TED Summit-те «Дыбыс коммуникациясы» тренингін жүргізген Джулиан Трежер.

Тыңдау дегеніміз – дыбыстардан мағына шығару.

Тренингтегі айтылған ойларды жоғалтып алмас үшін есте қалғандарын тізіп отырмын.

  1. Әрқайсымыздың ең алғашқы еститін дыбысымыз жүректің қағысы. Тіпті санамыз әлі қалыптаспаса да ана жатырындағы бір кесек еттің ең бірінші қабылдайтын дыбысы – жүректің дүрсілі.
  2. Құстың сайрағанын естісек, іштей қауіпсіздікті сезінеміз. Себебі қатты дауыл, табиғи апат басталар алдында құстың сайрағанын естімейміз.
  3. Тыңдау дегеніміз – дыбыстардан мағына шығару.
  4. Әр адамның тыңдауы екінші адамдікіне ұқсамайды. Әр адамның саусақ бедері әртүрлі болғаны тәрізді, тыңдауы да әртүрлі. Себебі адам тыңдағанын бірнеше сүзгіден өткізеді. Бұл сүзгілер (мәдени, тілдік, тарихи т.с.с.) әр адамда білімі мен қоршаған ортасына, жасы мен жынысына орай әртүрлі қалыптасады.
  5. Шизофония – көру мен тыңдаудың арасындағы айырмашылық.
  6. Бейсаналы түрде «әдемі киінген адам өмірде аз қателеседі» деп ойлаймыз.
  7. Ер адамдарда редуктивті тыңдау, ал әйелдерде көбіне экпансивті тыңдау дамыған.
  8. Сыни тыңдау мен эмпатик тыңдау арасында үлкен айырмашылық бар.
  9. Сыни тыңдау – сенің басыңдағы кішкентай дыбыстар.
  10. RASA (Receive, Appreciate, Summarise, Ask)
  11. Көпшілік алдында сөйлеушіге арналған кеңес: HONESTY (айтар ойыңда нақты әрі дәл айт), Authenticity (шынайы сөйле, жасанды мінез танытпа), INTEGRITY (сөзің мен ойың, ісің бірдей болсын), LOVE (тыңдармандарыңды жақсы көр)

Тыңдауды дамыту үшін күніне кем дегенде үш минут тыныштықты тыңдау керек. Әртүрлі дыбыстарды ажыратып тыңдап көру керек. Ішкі дауысты ажырату керек.

Қазақ тілінде «есту» мен «тыңдау» сөздерінің әртүрлі мағына беретінін, кей ретте бірінің орнына бірін қолдана алмайтынымызды жақсы түсінетін боларсыз. Әлдекім сіздің ойыңызды ұғып отырғанын тексеру үшін «Сен мені тыңдап отырсың ба?» деп сұраймыз. Ал телефон арқылы әңгімелескенде: «Естіліп тұр ма? «дейміз.

«Тың тыңдау» деген де сөз бар. Бұдан «тыңшы» деген сөз шығады. Менің түсінігімде тыңшылар естіген дыбыстарынан мағына ажыратады. Ал есту дегеніміз жалпы табиғаттан берілген қабілет. «Есту» сөзінің түбірі «ес» дегеннен шығатыны да қызық, ә?

Жеке өз басым тренингтен соң тыңдау қабілетімді үнемі шыңдау қажеттілігімді ұқтым. Себебі мектептен бастап біздерді көбінесе көруге, сөйлеуге баулиды екен де, дұрыс тыңдауды ешкім үйретпейді екен.