Тагильский, у меня вопрос!

20170514_102022«Тагильский, у меня вопрос!», – деді шоқша сақалды Мұхит ұзын дәліздің бойымен пластик трубасын сүйретіп бара жатып. «Эта труба идет вверх от 405-го?»
 
Даңғыр-дұңғыр еткен трубаның дауысы мен еденде қалған сарғылт дақ төртінші қабаттағы күллі кабинетті шарлап жүр.
 
Бұған дейін бөлмемізде ағылшын тілінің шуә дыбысымен өрілген «British English» естілетін. Кешелі бері «тагильский» деп өңеші созылғанша айғайлаған Мұхиттың дауысы басып кетті.
«Давай срежем» дейді. «Тезірек бітірсе екен,» – деймін. Қазір трубадан бүлк-бүлк етіп су атқылап шығып, Oxford пен Cambridge баспасы шығарған ағылшын тілі кітаптарым лай судың бетінде қалқып жүргенін елестетіп отырмын. Парталарым орнынан жылжым кеткен. Аппақ тақтамның бетінде Мұхиттың әлде Тагильскийдің алақанының ізі тұр. 
Advertisements

Жер бетінде Аллаһтың үйі болмаса не істер едік?

Алматыға келгелі пәтер іздеумен әуремін. Кейде шынымен де пәтерсіз жүргеніңе налисың. Кеше сәресінен кейін мешітке бардық. Аллаһтың – жердегі үйі.

Елімізде Аллаһтың үйі болғанына шүкірлік еттім. Басқаны қойшы, біздердің пәтерсіз жүргеніміз мешіті жоқ елді-мекендер қасында түк емес екен-ау.

Жер бетінде Аллаһтың үйі болмаса не істер едік? Ойлаудың өзі қорқынышты. Басқасы басқа ең бірінші Аллаһтың үйі көбейсін. Басқасы бола жатар… Әлһамдулиллаһ!

Оразаларыңыз қабыл болсын, бауырлар!

Тәрелке-қарсылық

2013-06-27 15.48.44

Джулия – Оклахома Штатының тұрғыны. Ауылында түрме бар. Қылмыскерлердің туысқандары үнемі түрме алдында өлім жазасына қарсылық танытып шеру ұйымдастырады.

Кішкене кезінен аталған шараны көріп өскендіктен өлім жазасы туралы көп ойланыпты. Содан өлім жазасына қарсылық ретінде өлген адамның соңғы тамағының мәзірін біліп, суреті мен уақытын тәрелкелердің бетіне салыпты. Бұл -Джулияның аталған жағдайға көрсеткен қарсылығының түрі.

Америка түрмесінде өлім жазасына кесілген адам соңғы өтініші ретінде кез-келген тамақты талап ете алады. Джулияның тәрелкелерінде кейбіреулері торт сұраса, бірі балық сұраған. Енді бірі ешқандай тамақ сұрамаса, енді бірі үлкен дастархан жасауын өтінген екен.

Суретін салған тәрелкелердің көлемі мен бояуы қылмыскердің қандай үкім бойынша жазаға кесілгенін білдіреді.

(Trischa Goodnow, Oregon State University «The Last Supper: Art as Memorial and Protest») #viscom

Үш шартты орындасаң, күнә жасай беруге болады

Бүгін жұманың хұтпасында естіп едім. Ұмытпай тұрғанда түртіп қояйын.

Күнәні көп істеген бір кісі тақуа біреуден «күнә жасауды тоқтатпасам бола ма?» деп ақыл сұрап келіпті. Тақуа кісі: «Егер үш шартты орындай алсаң, күнә жасай беруге болады» дейді. Әлгісі мәз болып қалыпты. «Сонымен ол қандай шарттар?» деп сұрапты.

«Бірінші» депті тақуа саусағын бүгіп «күнәні Аллаһ тағала жаратқан ғаламда емес, басқа жерде жаса» дейді. Әлгіміз желкесін қасып, «бұл енді қиын екен, келесі шарты қайсы» десе: «Екіншісі, күнә жасағың келсе, Аллаһ тағала жаратқаннан нәрседен жемей күнә жасасаң болады» деген екен. «Ондай тамақты әсте таппаспын» депті.

«Сонда үшіншісі не болды?» десе, «Үшіншісі күнә жасағанда Аллаһ тағала саған қарап тұрмайтын жерге барып жаса» деп кеңесін аяқтапты. Соңғы кеңесті естіген соң, күнә жасаушы адам өз істеріне өкініп, дұрыс жолға түсіпті-міс.

 

Айналайын, Ғайни!

Қызды болдық. Құдайға сансыз мадақ! Әке болу сезімі шынымен басқа екен. Жауапкершіліктен бөлек, есейгеніңді түсінесің. Өз әкеңді де жиі ойлайсың. «Әрі қарай не болады?» деген сұрақтар көп түртпектейді. Бірақ кішкентай Ғайнешке қараған сайын әлем тоқтап қалғандай екен. Жаратылыстың құдіретіне бас иесің.

Көпшілік құттықтап жатыр. Ризамыз. Аллаһ разы болсын. Өздерінде де қуаныш көп болсын, әрі сауапқа толы істер жасарлық ниеттеріңіз азаймасын. Оқуды жалғастыру

Кейбіреулер мені елді сағынбады деп ойлайды…

 

Сағынамын ғой!

Алматыдағы Орталық мешіттің үлкен залының сол жағындағы бағанның артына рюгзагымды қойып, намаз оқығанымды. Астанадағы Нұр-Астана мешітінде сәждеге бас қойғанда маңдайыңды қыттықтайтын қызыл қалы кілемді. Ақсай мешітінде ақшамнан кейін имамның айтқан уағыздарын. Нұр-Мүбарак пен Орталық мешіттің жұма күнгі азандарын сағынамын. Оқуды жалғастыру