Бішкекте не жоғалттым?

Бір айдай уақыт бұрын Facebook-ке Назгүлден [darknazgul] хат келген. «Сен қатысатын шара екен. Көрсеңші!» деп. Бұған дейін дата журналистикаға қатысты қатысқан тренингтерімнің ішіндегі ең ұзағы екі күндік еді. Мынау – бір айлық Дата журналистика мектебі. Оқуды жалғастыру

Айналамның бәрі Азиада болып кетті…

Алматыдан Азиаданың иісі шығады. Дәлірек айтқанда алматылықтардың бойынан Азиаданың бір элементін көруге болады. Азиада басталғалы бері Азиада белгісі бар тоқылған бас киім, шалғы киіп жүрген жастарды көрдім.

Сонымен қатар көшеде қызыл киім киген Азиада волонтерлері де жиі көзге ұшырасады. Стадион маңында көк ту сатып тұрады. Көптеген алматылықтардың көліктерінен де көк туымызды байқадым. Өткенде көше ортасында бір жігіт туды желбіретіп жүгіріп Оқуды жалғастыру

Мұңайма, Қырғызстан!

Бірақ мұңға батып жатқан ешкімді көрмей тұрмын. Қырғыз әріптестерім, кешелі бері ақпараттарды жеткізумен әуре. Үйлерінен қадам басып шықса болғаны, атыс естиміз дейді.

Тоқтатыңдар!

Тоқтатыңдар!

ҚазТАГ-қа пікір білдірген Асқар Ақаев (Қырғызстанның бұрынғы президенті): «»Бұның артында АҚШ тұр» депті. Бір есептен ойға қонымды. Манас, т.с.с. Орталық Азияда американың мүддесі жоқ дегенге илана алмайсың.

Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов те: «Бақиев мәселені басқаша, қан төгіссіз шешуі керек еді» депті. Жөн сөз. Басқасы басқа, кісі өлімі жүрекке батады. Дәл қазір жерлеп үлгермей жатқан болар.

Біздегі телеарналар қорқынышты кадрларды көрсетеді. Бұл да саясат. «Көріңдер, міне, азаматтық белсенділік не нәрсеге ұрындыратынын» деген тәрізді. Ғаламторда, әсіресе twitter-де секунд сайын қырғыз интернетшілері не болып жатқанын жазуда. Кеше соларды оқып, есімді жия алмадым. Дәл сол қақтығыстың ішінде жүргендей болдым. Twitter-де тіркелген болсаң, #freekg қыстармасы арқылы бақылай аласың.

Бақиев: «Жеке басым мен жеті ағайынымның және екі баламның қауіпсіздігіне кепіл берілсе, көнемін» депті. Не де болса, өзгеріс болды. Кісі өлімімен, стихиялы түрде болғаны ойлантады.

… интернеттен суреттерді қарап отырмын. Қырғыз блогшы танысым: «Тіпті мұражайды да өртеп жіберді. Қарақшылық қаулап тұр. Тек бүгін қала қалпына келе бастады» дейді.

Ойланып отырмын. Біз қандай сабақ аламыз? Билікті қойшы. Жеке өзімді айтамын. Мардымды жауап тапқан жоқпын. Тек қазадан қара жамылғандарға «Мұңаймаңдар» дегім келеді. Бірақ бұл сөздің өзі аузымнан сенімді шықпайтын сияқты.