Польшада не жоғалттым?

@fundacjaFRSI

TechCampWAW participants are working on their project. February 15, 2017

Кейде миыңның бір бұрышына кіп-кішкентай сауал кіріп кетіп, бос уақытта қайта-қайта есіңе түсіп, мазалай беретін кездері болады. Сондай  #мазабермессауал әдетте шетелге шығуыма себеп болып жатады.

Технологияның жылдам дамуы, әрі оның қолданысқа тез енуі медиа мамандары арасында «Енді не істейміз?» деген сауалға жауап іздеуге мәжбүрлейді. Менің басымда да жүретін сол сауал. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Прага: Карл көпірі, Кафка және көңіл

This slideshow requires JavaScript.

Прага суық қарсы алды. Адамдары да суық болды бұл жолы. Дүкенде, метрода, қонақ үйде. Бір дөрекілікті, сұстылықты сездім. Менсінбеушілік бар сияқты. Себебін Еуропалық одақ елдеріндегі ұлтшылдықтың қанат жайып келе жатқанымен түсіндіреді. Еуропа сығандарды жер көреді. Тобырмен көшіп, өмірдің мәнін сауық-сайранға құрған халықты жек көретіндер жер бетінде жетерлік. Мұның барлығы жай туристке көрер көзге көрінбейтін жайттар болуы мүмкін. Бірақ алғашқы көрген Прага мен қазіргісінің айырмасы үлкен сияқты. Әлде мен өзгердім бе. Соңғысы дұрыс сияқты.
Оқуды жалғастыру

ВИДЕО: Прага метросы

Прагадағы тренинг барысында флип камерамен бір видео сюжет жасауға тапсырма берген. Прага метросында түсірген видеоларды жинақтап осындай бір шағын сюжет жасап шығардық. Айжан да өз блогында Алматыдағы валидаторлар жайлы айтып өткен екен. Оқуды жалғастыру

Варшавада адасып жүрмін…

тура мағынасында айтып отырмын. Таңғы сағат төрте тапсырыс берген таксистім келіп, әуежайға жеткізіп салды. Сағатжетіде ұшуы тиіс ұшақ сегіз жарымда бірақ көтерілді. Сөйтіп, Киевке олардың уақыты бойынша сағат оннан жиырма кете жеттік те, сол жақта төрт сағаттай жүріп, түс қайтара Варшаваға ұштық. Варшаваға Польша уақытымен сағат екі жарымда қондық. Оқуды жалғастыру