Асхат Еркімбай деген кім?


Асхат ЕРКІМБАЙ

  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің түлегі (2005 жыл).
  • Интернеттегі қазақ блогшыларының ішкі хат алмасу торабының үйлестірушісі.
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының жас журналистерге арналған шәкіртақысын жеңіп алып, Нью-Йоркта екі айлық тәжірибеден өткен (2006 жыл).
  • Орта Азия елдеріне арналған “Neweurasia.net” блогындағы қазақ тіліндегі хабарлардың үйлестіруші-редакторы (2007 – 2012 ж.ж.).
  • Прагада өткен “New Essential Media” семинарының қатысушысы (2007 жыл) .
  • Ригада өткен BarCampBaltic’s 08 блогшылардың бейресми конференциясының қатысушысы (2008 жыл).
  • “Мәссаған” жастар порталының жыл блогшысы.
  • 2008-2009 ж.ж “Жас қазақ” ұлттық апталығында қызмет етті.
  • “Award.kz” Ұлттық интернет-жүлде байқауының ұйымдастыру комитетінің мүшесі.
  • “Vox news” қазақ тіліндегі экономикалық радио бағдарламаның жүргізушісі, әрі редакторы болып қызмет етті.
  • “Мінбер” интернет-газетінің редакторы.
  • 2009-2010 оқу жылдары әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде “Жаңа медиа технология” пәні бойынша арнайы курстар өткізді.
  • 2010 жылы АҚШ үкіметінің Шетел Баспасөз Орталығы бөлімі ұйымдастырған FPC Social Media Tour бағдарламасының қатысушысы.
  • 2011 жылы Muskie бағдарламасының шәкіртақысын жеңіп алып, Уайомнг Штатының Ларами қаласындағы Univeristy of Wyoming-те Master of Arts бойынша магистрлік дәрежесін иеленді.
  • 2012 жылы “Жаңа медиа: монологтан дилогқа” деген атпен кітабы жарыққа шықты.
  • 2013 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультетіндегі және “MediaNet” Халықаралық Журналистика орталығындағы жаңа медиа дәрістерін қайта жалғастырды.
  • 2014 жылы Сулейман Демирел Университетінің Журналистика кафедрасында мультимедиа, жаңа медиа бойынша дәрістер оқи бастады.

Қосымша оқимын десеңіз:

  1. Бақылау ешқандай серпін бере алмайды
  2. Бастысы – бар нәрсеммен бөліссем.
  3. Қазіргі менің жұмысым өте кішкентай.
  4. Газетті алақанымыздан оқитын күн тууы ғажап емес
  5. Қазақстан азаматымен бір күн: Асхат Еркімбай (ВИДЕО)
  6. Әлем Қазақстанға орыс журналистерінің көзімен қарайды
  7. “Қазақ интернетінің қолдаушысы аз” Сарыарқа Самалы интернет газеті (мәтін және үнхабар)
  8. “Оқытушы – бірінші кезекте, шығармашылықтың адамы, ол – робот емес” “Екпін” мәдени танымдық журналы

 

60 thoughts on “Асхат Еркімбай деген кім?

  1. Барлықтарыңа көп рахмет. Блогымның екінші тынысы ашылғандай болды. Уордпреспен енді танысып жатырмыз… Әлі ақ бәрін қазақшалап алармыз, Инша Аллаһ!

  2. Рахмет, Бақытнұр! Енді ЖЖ дан да (LiveJournal) ашып қойсам ба деймін. Осы қазақ тілінде блог платформасын жасау мүмкіншілігі қандай?

  3. Оте кушти блог. Кошбасшы блогтардын быры деп санаймын.
    Жумысыныз жемисти болып, казак блоггерлер саны кобейе берсин. Кызыкты кужаттар кутемиз.🙂

  4. therefore, it is very important to write in kazakh language about yourself🙂
    Your english skill is not important for us, it is all over internet

    Осы сiз казак тiлiн латиницага аударганды калай карайсыз?

    Алла каласа сонда казак тiлiнде блог платформасы да, казак тiлiнде блогтар да кобейер ме едi

  5. Сәлем, My name is Askhat!
    Түбі қазақ әліпбиі латын әліпбиіне ауысады деушілердің пікіріне толықтай келісемін.
    Сондай-ақ сөзсіз қазақ тілі мен үшін қашан да ағылшын тілінен қымбат екенін жеткізгім келеді. Қызығушылық танытқаныңызға көп рахмет!

  6. I would like to encourage you to keep the TRUTH out there for the rest of the world to see!!! Please continue what you are doing in practicing your English on this blog site.

  7. Асеке ассаламуалейкум! Блогың құтты болсын. Қазақ қоғамына осылай әрқашан пайдаң тисін!

  8. Жолдас аға, көп рахмет. Сіздер бізге үлгісіз. Сідей ағалардың бар екендігіне қуанамыз.🙂

  9. Сәлем, Асхат. Блогың жақсы екен. бас алмай, бір деммен бәрін оқып тастадым. Молодец!!!

  10. Сәлем, Бэлла! Сені блогымнан көргеніме қуанып отырмын.🙂 Жиі-жиі бас сұғып, пікір қалдырып тұр!

  11. Hey Askhat!

    I found your comment on my blog recently, then came across your blog.

    I lived in Kazakhstan for one year and this country became very dear to me.

    Therefore, I would like to congratulate you with such an initiative – to have a very good independent blog in Kazakh.

    Weak civic society is one of the big problems of Kazakhstan and such virtual platform is definetely able to help it.

    On the other hand, it is good to have it in Kazakh – you need to make sure your culture and your language are developing on their own.

    Good luck with everything!

  12. Қазақ журналистикасының проблемасын іштен білемін дегені ұнады. Қазағым БАҚ-қа жарымады ғой. Қай сайтқа барсаң орысша ашылады. Қазақша нұсқасына бассаң орысшадағы жаңалықтар әлі қазақшаға аударылмаған…

  13. WordPress’те қаншама қазақ блогшылар бар болғанына таң калып отырмын!

    • Таңқалатын несі бар, Observer? Өзгелерден асып түспесе, кем түспейтін қазақ тілі wordpress’те блог жүргізу деңгейіне сай емес деп ойладыңыз ба?🙂
      Жиі-жиі қонақ болып тұрыңыз!

  14. urimtal,екі күн болды,сенің блогыңда отырмын. Тамаша-ақ!Мықты журналист екенсің!
    Арманыңның асқар шыңына шығып,әрдайым биіктерден көрінгейсің!Сәттілік пен ақ жол тілеймін

  15. Рахмет, bahtgul65! Сіздердей тілектес жандардың бар екені көңілге қуаныш ұялатады!!!

  16. assalaumaleikum!men sizdin blognzdan koftegen dunielerdi korif jurmin.kizkti,magnali narseler kof eken.men minau internetke kof uakit bole almagandiktan bilmeitinim de kof.osi rss ti ilu degende ank tusinbegenim?kalay iledi?men tek jaza berudi gana bilif otrmin goi.

    • Uagaleikum assalam, Elaman! Pikirinizge rahmet!
      Baiqaimyn Siz de gmail qoldanady ekensiz. Gmail powtasynda usntingi jagynda reader degen function bar. Sony basyp, qalagan saitynyzga jazylsanyz bolady. Qosymwa, suraqtarynyz bolsa, jeke powtama jazynyz. Ozinizden jauap kutemin! Sattilik bolsyn!!!

    • Келісемін! Қателеспесем, ондай бір бастамалар бар. Алайда оның дені ашу мен ызаға толы болғандықтан көп ретте саналылыққа, ізгілікке емес, мемлекетті жек көруге бағытталып кеткен тәрізді.

  17. менің блогсымағымды көріп сосын орын болса өзіңізге тіркеи салыңзшы!!!Өзге блогты өзіме қайтіп тіркеимін кеңес берсеңіз разы болар едім алдын ала рақмет!!!

  18. Блогыңызбен толық танысып үлгермедім. Бірақ қазақ тіліндегі ақпараттың аясын арттыруға біраз үлес қосып жатыр екенсіз. Қазақ ұлдарының білімділігін паш ететін сіздей азаматтар аман болсын! Блогыңыздың аясы күннен – күнге кеңеюіне тілектеспін!

    • Көп рахмет, Бақытгүл! Блогымды көріп, бей-жай өте шықпағаныңызға рахмет🙂 Құтты қонағым болып тұрыңыз!

  19. Блогыңның контенті күннен күнге байып келеді.Ылғи қарап, жаңалықтан құлағдар болғаныммен бір де бір пікір білдірмеппін ғой.Қазаққа пайда келтіру деген осындай нақты істерден көрінсе керек! Жарайсың бауырым!

  20. Алғаш ұш жылдың алдында ғой деимін укоз кз дан блок ашуға талпындым содан жағаласып алсып журіп осында келдім!!! Басында басқа тілде аштық соңында қазақ тілінде ашып ап тұрақтап жатырмыз..
    Ананы-мынаны басып,уақытты аямай жүріп қыр сырын менгеріп келеміз..
    Мені көріп жерлестерімде блог ашып беруін өтінген соң біраз адамға өз қалауларымен блог ашыпта бердім..

    Енді білгім келетіні осы Ордпрес жайлы түсінік берсеңіз екен.Андан мындан іздестіріп толық ақпарат ала алмадым
    Бағыт бағдар мақсаты жайлы осы ордпрестің қазақ тіліндегі блогтарды кім бақылайды,кімге тәуелдіміз кімнен тәуелсізбіз.Сосын бүгнгісімен ертенгісі жайлы айтып берңізіші.

    • Өте жақсы сұрақ қойдыңыз! Білгенімше жауап берейін: wordpress.com – тегін блогтұғыр. Оны қазақ тіліне блогшылардың өздері аударып жатыр. Қазақстанда ешқандай қаржылық, саяси топқа тәуелді емес. Жекелеген блогтар белгілі бір мекеме немесе ұйымның көзқарасына тәуелді болуы мүмкін. Қалаған адам блогын тіркеп, ойын жаза береді. Сайт қыламын десе, бөлек домен алып, сайтқа немесе жеке блогқа айнала алады. Алғашқы қазақ тіліндегі блогтар wordpress.com-нан 2006 жылдан бастап кездестірдім (одан ертерек те қазақша блогтар тіркелген болуы мүмкін).

      Әзірге осы. Негізі осы тақырыпқа бөлек жазба арнау керек екен🙂

  21. Здраствуй, Өрімтал!
    Нужна помощ т.к. я не силен в английском.
    Сейчас занимаюсь переводом wordpress.com на язык саха (Республика Саха (Якутия)). Наш язык обозначили здесь как Sakha (sah) перевожу я здесь http://translate.wordpress.com/projects/wpcom/sah/default?page=1. Какие еще нужно сделать шаги, чтобы язык появился в списке языков http://en.wordpress.com/languages ?
    Я задавал вопрос администратору, но в силу непонимания языка ничего не понял. Моя почта suulla.uola@hotmail.com

  22. yes, it’s a very good blog)) I have listened u at radio))) are u working there))) and do u know english well))) come and see also my blog)))) there I sometimes wrote english articles translated in kazakh or russian))) I do it myself))xexe))) wish u the best)))

    • Сәлем, Олжас! Өзіңе де сәттілік тілеймін. Зерттеу жұмысың қызықты тақырыпқа арналған екен. Energy радиосында осыдан екі жылдай уақыт бұрын қызмет еткен едім. Қазір ол радиода жұмыс істемеймін. Пікіріңе рахмет!

  23. Ассаламуалейкум!Асхат аға! Мен “Тұран-Түркістан”телеарнасынанмын.Сіз ,бізге трненинг өтткенсіз.Сізге барлық жақсылық пен табыстарды тiлеймiн!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s