Photo by Eric Rothermel on Unsplash

Open Budget Fellowship қатысушыларымен кездесу


#‎openbudgetkaz‬

Дата туралы әңгімелесетін адамдардың болғаны қандай жақсы. Сенбі күні Open Budget Fellowship қатысушыларымен кездестік. Қатысқандарға айтылған сілтемелерді жинақтап беремін деп уәде беріп едім. Біраз дүниені осы жазбадан табасыз.

Open Budget Fellowship – азаматтық белсенділердің бюджет саласына қатысты деректерді түсініп, талдап, өзіндік ұсыныстарын ұсынуға үйрету деп ұқтым. Бағдарлама туралы толығырақ әлеуметтік желідегі парақшаларынан біле аласыз.

Бір жылда бірнеше рет кездесетін бюджет-мамандары арнайы лекциялар, тренингтерге қатысып жыл бойы таңдаған тақырыптары бойынша зерттеу жүргізеді. Мені «Дата көмегімен оқиғаны баяндауға қатысты» білгеніммен бөліссеңіз деп шақырды.

Қатысушылардың әрқайсының өзіндік гипотезалары болғаны қуантты. Гипотеза туралы айтылған мәліметті мына сайттағы ақпаратпен толықтыра аласыздар. Бірінші модулмен танысып шығуға кеңес беремін.

Егер уақыттарыңыз болса, «Media Net» Халықаралық журналистика орталығы әзірлеген онлайн курсты қарап шығуға кеңес беремін. Ішінде Дата журналистикаға кіріспе бойынша менің қысқаша сабағым бар.

Дата сториге қатысты айтылған мысалдар:

  1. Путин және мектеп оқулықтары. New York Times.
  2. Мектептегі сегрегация. Tamba Bay story
  3. Дәрі-дәрмек бағасына қатысы жоба: Mediacamenta
  4. Көзге көрінбейтін байланысқа орай көрсетілген мысал: Invisible Chaina
  5. Қысқа Дата сторилерді оқып тұратын жер: www.indiaspend.com
  6. Ең үздік Дата жобаларды қайдан табуға болады дегенге жауап: Data Award
  7. «Дождь» арнасындағы Продам грип дата стори. Көруге кеңес беремін.
  8. Youtube арнасында SpotLight деген дата журналистердің жұмысын жақсы көрсеткен кино бар. Өмірде болған оқиға негізінде түсірілген. Дата журналист оқиғаны жарияламас бұрын мәлімет қандай процестерден өтетіні жақсы көрсетілген.

Кездесу соңына қарай көрсетілген Google құралдары:

  • Деректерді тиімді іздестіру: Google.com/advanced_search
  • Қажетті деректі поштаға келіп тұратындай етіп, автоматтандыру: Google.com/alerts
  • Интернет қолданушылардың іздеу белсенділігі бойынша тренд анықтау: Google.com/trends
  • Шетел ресурстарындағы контентті түсіну және дыбыстау: Google.translate.com

Бұдан бөлек оқиғаны баяндауда Мырқымбай мен Мырқымгүл оқиғасы айтылып өтті.

Ең маңызды айтылған дүние зерттеу жасамас бұрын гипотезаның дұрыс түзілуі болды деп ойлаймын. Дата-гипотеза дұрыс құрылу үшін негізгі төрт компонет болуы керек әрі оларды өлшей алу керек:

(a) Проблема бар болса, ол қаншалықты үлкен немесе кішкентай

(b) Проблемадан ең көп зардап шегіп жатқан кім? Айрықша топ бар ма?

(c) Проблеманың себебі неде? Оны қалай өлшейміз?

(d) Проблема шешімі қандай?

Қатысушылар өздерінің тақырыптары бойынша жақсы зерттеу жасай алады деп ойлаймын. Жоба өте жақсы ойластырылған. Қатысушыларға сәттілік тілеймін!

 

 

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s