Медиасауаттылық неден басталады?

Медиасауаттылық неден басталады?


Медиасауаттылық неден басталады?

Медиасауаттылық неден басталады?

ЕСКЕРТУ: Төмендегі ойлар бірінші кезекте өзіме арналған. Сізге оның бәрін түсіну шарт емес. Оқып шығамын десеңіз, қарсы емеспін. Тек кейбір жері түсініксіз болып жатса, ренжімеңіз дегенім ғой.

КИМЭП-те «Медиасауаттылықты оқыту ерекшеліктері» атты практикалық-семинарда отырмыз. Семинар барысындағы ойларым шашырап кетпес үшін жинақтап отырмын.

Медиа ақпараттық-сауаттылықты оқыту

Бүгінгі студент университетке немесе кітапханаға ақпарат алу үшін келмейді. Себебі мектеп те, университет те қазір ақпарат қоймасы емес. Оқушы да, студент те ақпаратты интернеттен ала алады. Қазіргі мәселе, сол ақпарат тасқынынан өзіне қажеттісін сүзіп алу. Бүгінгі тәлімгер өзіне қажетті ақпараттың растығын, дұрыстығын біле алуы керек.

Медиасауаттылық сабағында берілетін тапсырма:

  1. Google іздеу құралдарын үйрету
  2. Соңғы жаңалықты табу
  3.  whois арқылы сайт кімнің атына тіркелгенін табу
  4. медиа ұйымға қаржыны кім төлеп отырғанын анықтау
  5. Инфодоступ сайтындағы тапсырманы орындау
  6. Жаңалықтың түрін ажырату
  7. Жаңалықтың ішіндегі деректің растығын тексеру
  8. Ертегіні талдау: Мақта қыз бен мысық
  9. Орман аңдары туралы ойын
  10. Студенттер медиа күнделігін жүргізуі

Америкалық мінез сіңген адамдарда өзгені жылы-жұмсақ сөзбен қолдап жіберу жағы айқын білініп тұрады. Мәселен, көпшілік өз ойын бөлісіп болып, енді өзіне кезегі келгенде: «Не айтарымды білмеймін. Себебі осындағы айтылғандардың бәрі менің ойымды оқып қойғандай екен» деп бастайды. Немесе үндемей отырған адамды көрсе: «Оның үндемей отыруы –  ойының тереңдігінде» деп әдемі қайырады.

Handbook for trainers. Алда болуы мүмкін қауіп – тренер аудиторияны тани алмауы мүмкін. Бір лекция оқып, жалықтырып жіберуі мүмкін.

Бұл кімге арналады? Бүгінгі ақпаратты тұтынушыны не мазалап отыр?

Журналистика стандарттары не нәрсеге негізделген? Халықаралық деклорациялар, ұлттық кодекс т.с.с. Қазақстанда медиа стандарт бар ма? Оны кім жасады? Мысал ретінде Қазақстан Журналистер одағы және Бас редакторлар клубы басқармаларының бірлескен отырысында қабылданған мәтінді қарап көруге болады. 2012 жылғы 30 қазандағы № 1 хаттама:

4. СЕНІМДІЛІК ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІЛІК 4.1. Журналист объективтілік, қасақана емес қадам жасау қағидаттарын ұстанады. 4.2. Журналист белгілі бір мәселелер бойынша пікірлердің толық ауқымын қаперге алады және өзі сенімділігіне көз жеткізген ақпаратты ғана жариялайды. 4.3. Сенімділік, толықтық және объективтілік мақсатында журналист ақпараттарды түрлі көздерден алу үшін барынша күш-жігер жұмсайды. 4.4. Журналист өзінің қызметінде деректерді, пікірлерді, бағамдарды, болжамдарды, нұсқаларды және жорамалдарды жеке көзқарасы тұрғысынан нақты айыра біледі.

Өкінішке қарай, бұл заң емес, тек кодекс болғандықтан оны ұстану-ұстанбау әр журналистің өз санасына беріледі.

Жаңалықтың стандартқа сай келетінін немесе келмейтінін осы Кодекс негізінде жасап шығарды:

  1. Баланс 1-6
  2. Оперативтілік 1-6
  3. Шынайылық 1-6
  4. Пікір мен фактіні айырып беру 1-6
  5. Дәлдік 1-6
  6. Толық (Полнота) 1-6

Өз басым оқыту барысында медиа ақпараттық-сауаттылық тым ауқымды ұғым деп санаймын. Медиа сауаттылық пен ақпараттық технологиялық сауаттылық деп бөліп, сосын медиасауаттылықтың ішінен Жаңалықтануды бөлек алып қарастырған жеңіл тәрізді.

Семинар аяқталды. Бұйыртса, жыл соңына қарай бір әдістемелік құрал әзірлеу ойда бар.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s