by Ales Krivec

Ағаштар неге үнсіз?


Алматы ЖЭС

Алматы ЖЭС

Дәл қазір емес. Кешке. Дала қарайғанда. Сыртқа шықсаңыз ауадан күйген иіс сезесіз. Сезесіз де жүре бересіз. Резеңке жағып жатқан сияқты. Дәл сөйтіп ойлап тұрғанда көзге көрінбейтін улы тікендер қанға араласып жатқанын сезбейміз. Сеземіз-ау.
Сеземіз. Ауырған кезде. Бірнеше жылдан кейін. «Гайморитім асқынып кетті». «Кішкентайым жөтеліп, қызуы көтеріліп жатыр». «Әдетте ауырмайтын едім, қайдан пайда болғанын, жөтел пайда болды».
Алматыда жиі естиісіз. Досыңыздан, танысыңыздан, жақыныңыздан (Әлеуметтік желіде естімесеңіз таңқалмаңыз. Интернетте сіз ғана емес, адамдардың көбі тек өзінің жақсы жағын көрсетеді).
Алматылықтар шағымшыл, кінәмшіл. Жөтелшіл. Бірақ қарбалас. Қарбаласқаны сонша аурудың себебімен емес салдарымен күресу үшін дәріханадан дәрі алады (Неге әр үйдің бұрышында дәріхана көп деп ойланбадыңыз ба?).
Дәрігер емеспін. Ауруыңыздың себебі ауадан деп дөп баспаспын. Бірақ ауа таза болуы керек. Маңайда от жоқ болса, ауадан күлімсі иістің шығуы дұрыс емес екенін түсіну үшін эколог-ғалым болу қажет емес.
Кешке метроға отырыңыз. Соңғы аялдамаңыз Райымбек бекеті болсын. Жер астынан көтеріліп келе жатқанда, Саяхаттың маңайындағы абыр-дабырды естисіз. Танауыңызды қоңыр иіс қытықтайды. Түшкірдіңіз.
Деніңіз сау болсын!
p.s. Airkaz сілтемесін ашсаңыз, дәл қазір Алматының ауасы қаншалықты улы екенін көре аласыз.
Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s