TEDxAlmaty конференциясының екінші бөлімін жүргізіп тұрған сәтім.

Айдың арғы бетінен енді оралдым


TEDxAlmaty конференциясының екінші бөлімін жүргізіп тұрған сәтім.

TEDxAlmaty конференциясының екінші бөлімін жүргізіп тұрған сәтім.

#TEDxAlmaty ұйымдастырушылар тобына қосылғалы төрт жылдай болды. Биылғысы ерекше өтті. Көп шаршадым ба, әлде уайымдадым ба, түсіне алмадым. Дәлірегі түсінуге екі аптадай уақыт кетті.

TED ұйымдастырушылар арасында TED Crush деген ұғым бар. Шарадан кейін өзіңе келу үшін бір аптадай тынығу керек. Тыныштыққа сүңгу керек. Мен сүңги алмадым.
TEDxAlmaty «Айдың арғы беті» деп алғандағы тақырыптың ар жағындағы ой көпке түсінікті болды. Бір қоғам екіге бөлініп бара жатыр дегеннен гөрі, «біз бір-бірімізді жете тани алмай жатқан Ай тәрізді біртұтаспыз» деген ой еді.
Қатысушылардың, спикерлердің пікірлеріне қарап, шара жаман өтпеді деген тоқтамға келдім. Бірақ… іште бұрынғыға қарағанда бір өкініш қалып қойды.
Үйге қонақ шақырғанда ең маңызды қонағың келмей қалған сәт таныс шығар. Соңғы сәтте хабарласып, жағдайын айтып, кешірім сұрап жатады. Сен болсаң қазанға ет салып, талқылайтын тақырыптарды ойша тізбелеп қойдың. Тура сондай. Отырыс өтті. Маңызды қонақсыз да жақсы өтті. Бірақ келмей қалған қонаққа ренжімесең де «Келгенде жақсы болар еді» деп ойланып қаласың.
 * * *
Өткен жексенбіде Ларисаның үйінде жиналдық. Ақысыз, пұлсыз осы жобаны неге ұйымдастырып жүрміз деп тағы да ойландым. Адам өзінің істеп жүргенінен ләззат алмаса, құлшынысы да, ізденісі де тоқтайды. Тоқырайды. Өкінішімнің себебін ұқтым. Қоғамдық жұмысқа кіріскенде негізгі мақсаттан бөлек, өзіңнің кішкентай мақсатың болады. Негізгі мақсат орындалып, көксегеніңнің төбесі көрінбесе, екі ұдай күйде қалады екенсің. Шешімі біреу – кішкентай мақсат орындалмай қалатын болса, оның орнын басқа дүниемен дер кезінде ауыстыру керек екен.

 

 

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s