Photo by William Iven on Unsplash

Facebook-тегі жазбаларды реттеуден, өзгертуден қорықпау керек


Photo by William Iven on Unsplash

Photo by William Iven on Unsplash

Facebook-те үнемі оқып жүрген адамдардың жазбасын бір аптаға сөндіріп қою – қылмыс емес. Олардың жазбалары өзге маңызды жазбаларды көрсетпей, сіздің бір жақты ақпарат алуыңызға түрткі болуда.

Төменде News Literacy жазғы мектебінің алғашқы күнгі сабағында түртіп алған ойларымды жазып отырмын. Өзім үшін. Бірақ сізге де пайдалы болып жатса, оқысаңыз болады.

Үш ай бұрын жақыннан танитын, араласатын достарымның жазбаларын сөндіріп қойдым. Достықты үзбедім. Бар болғаны олардың жазбалары жиі көріне берген соң, сөндіріп қойдым. Жақын достарым болса, олардың көзқарастарын жақсы білетін болсам, жазбаларын оқи бергеннен жаңа нәрсе үйренбеспін, есесіне басқалардың жазбаларын оқиын дедім.

Facebook не істеді дейсіз ғой? Facebook алгоритмі жалма-жан барынша маған қызықты болуы мүмкін жазбаларды ұсына бастады.

Он жыл бұрын Алматыға келгенде танысқан шетелдік досым үйленіпті, Малайзиядағы достарым оқуын бітіріпті, ал Германиядағы досымның үйіндегі фиалкасы гүлдепті. Досымыздың онсыз да білетін көзқарастары мені өзге таныстарымның жазбаларын осылайша көлегейлеп келіпті.

Ғылымда «когнитивті диссонанс» [Cognitive dissonance] деген ұғым бар. Біздің миымыз мәліметтердің өзара үндес болғанын қалайды. Конфликтіге барғысы келмейді. Сол себепті бейсаналы түрде өз көзқарасымызға үндес ақпаратты қабылдағанды жақсы көреміз. Соларға like басамыз, бөлісеміз. Іздейміз. Тиісінше болып жатқан әлемді емес, өзіміз көргіміз келген ақпараттық әлемді жасап, соның құрсауында өмір сүре бастаймыз.

Мәселен, ресейлік бір сайттардың ақпаратын бір рет көрсеңіз Facebook-те үнемі шыға бастайды. Кейін соған сәйкес жарнама табылады. Сосын соған ұқсас ақпараттар сізде жинала бастайды. Сіз алгоритмнің құрсауына түстіңіз.

  • Сенімді ақпарат әрекетке шақыратын ақпарат. Әрекет дегеніміз ақпарат нәтижесінде адам шешім қабылдайды, өзгелермен бөліседі.
  • Мәселе журналистикада емес, сапалы журналистік мақаланы сапасыздан айыра алмайтын қоғамда. Сол себепті қоғамды ақпараттық сауаттандыру жұмысы маңызды.
  • Ақпараттық сауаттылық кем дегенде 12 жастан басталуы тиіс. Осы жастан бастап, өмірде белгілі бір шешім қабылдау үшін ақпарат іздеу кезеңі басталады.
  • Ақпарат сауаттылығы төмендегідей төрт сауалдың төңірігенде топтасқан:
  1. Журналистика ма?
  2. Бұл туралы не білемін?
  3. Ол туралы қалай білемін?
  4. Не білмей қалдым?

Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартатын заң бар. Бірақ кейбір шенеуніктердің жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылмай отыр.

Fake news [жалған жаңалық] туралы көп айтылып жатыр. Бірақ нашар журналистика туралы айтылмай қалды.

 

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s