Бішкекте не жоғалттым?


Бір айдай уақыт бұрын Facebook-ке Назгүлден [darknazgul] хат келген. «Сен қатысатын шара екен. Көрсеңші!» деп. Бұған дейін дата журналистикаға қатысты қатысқан тренингтерімнің ішіндегі ең ұзағы екі күндік еді. Мынау – бір айлық Дата журналистика мектебі.

Талаптарын мұқият оқып, анкетаны толтырдым. Ішімде күмән болды. Себебі Қырғызстанның жоғары оқу орындарының оқытушылары мен журналистеріне арналған деген ескертуі бар еді. Ұйымдастырушыларға Қырғызстаннан емес екенімді айтып, өтінішімді қарастыруларын өтіндім. «Өтінішіңізді қарастырайық, бірақ іріктеуден өтсеңіз барлық шығындарды өзіңіз көтересіз» деді.

Он бес адамды іріктеп таңдапты. Шетелдіктерден Албания, Ауғанстан және Қазақстан бармыз. Қалғандары Қырғызстанның өкілдері. Тренер өте ұнады.

«Дата журналистиканы екі күнде де, екі аптада да үйрету мүмкін емес. Бір айлық тренинг оңай болмайды. Осы бастан соңына дейін қатысар, қатыспасыңызды анықтап алыңыз» дегенінен талап жоғары болатынын ұқтық.

Ева бұған дейін осындай тренингті Монтенегрода, Пәкістанда, Ауғанстанда, Африкада ұйымдастырған. Сондықтан тренинг бағдарламасы да әдістемесі де әбден ысылған.

Бұйыртса, ертең Дата мектебіміздегі сабақ аяқталады. Он бес қатысушыдан соңында бес адам ғана жобасын жасай алды. Бірі уақытын үйлестіре алмады, енді бірі датаны сараптай алғанымен, оқиғасын келістіре алмады т.с.с.

Жоба қорғау сәтінен

Жоба қорғау сәтінен

Неге Қырғызстанда ұйымдастырды десек, Бішкектегі Орта Азиядағы Америка Университеті журналистика мамандығы аясында Дата журналистиканы жүйелі оқытуды қолға алмақ. Сол үшін осы саланы оқытатын оқытушыларды дайындау үшін Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасынан көмек сұраған. Биыл күзден бастап AUCA-да Дата журналистика курсы енеді. Болашақта бөлек мамандық болатын шығар.

Қазақстанда Сүлейман Демирел Университетінде былтырдан бастап «Дата журналистикаға кіріспе» курсын оқытуды бастадық. Бұл пәннің маңызын түсінетін Есенгүл Кәпқызы, Мұхтар Сеңгірбай сынды азаматтар көп себепші болды. Студенттерге қызық болғанымен, ғылыми ізденіске жақындау болатын дата журналистиканы барлығы бірдей жақсы көріп кете алмайды. Ресейде дата журналистиканың екі жылдық магистратурасы бар деп естідім. Америкада Мизури университеті дата журналистерді дайындайтын «фабрика» деп есептеледі. Бірақ Американың өзінде дата журналистер аз.

Мәселе дата журналистиканы түсіну қиын болғанында емес, дұрыс бағытта оқытылмай келе жатқанында деп білемін. Себебі бір айлық курс барысында дата журналистиканы студенттерге оқытуға болатынын, бірақ бірден зерттеуден бастамай, датаға анализ жасауды үйретуден бастау керек деп ұқтым.

Бір айда не үйрендік?

Дата дағды:

  • датаны табу
  • датаны алу
  • датаны тазалау
  • датаны сараптау
  • датандан тапқан мәліметті қарапайым тілге аудару

Дата: түрлері, сенімді, сенімсізін анықтау, датаға сұрау салу

Дата сториге арналған гипотезаның түрлері, дата сторидің құрылымы

Дата стори жасаған кезде ең бастысы аудиторияның әрі қарай не істегенін қалайтыныңды жақсы түсініп ал. Төменде курс барысындағы кейбір ойларымды тізіп отырмын.

  1. Қоғамның назарын аудару әрі оқиғаға қатыстыру
  2. Дата стори керемет дата негізінде жасалмаса да ең соңында биліктен көбірек мәлімет талап етуге міндеттеу керек. Нашар мәлімет туралы дата стори жасауға болады.
  3. Барлық жақсы оқиға адам туралы.
  4. Дата жауап бере алмаған сауалдарға эксперттердің пікірлерін қолдануға болады.
  5. Журналист мәселенің маңызын есептеп сараптады, бірақ эксперттердің оның маңызын тарқатып түсіндіріп берді. Journalist mesured and analyzed the problem and experts interpretted it.
  6. Дата стори интервью әдеттегі интервьюден өзгерек. Себебі сен мәселені біліп отырсың.
  7. Дата стори төменнен жоғары қарай өрілетіні қызық. Сұхбат алатын адамдарыңнан ештеңе білмейтін адам сияқты емес, тақырыпты терең біліп отырған эксперт ретінде сұрақтың астына аласың.
  8. Алғашқы дата жобаң ең жақсысы болуы шарт емес, ең қарапайым болғаны дұрыс.

p.s. Бұйыртса, бір дата жобаны қолға алып жатырмыз. Дата стори ұзақ уақытты алатын жоба. Сондықтан дәл қашан дайын болатынын дөп басып айту қиын.

Advertisements

2 thoughts on “Бішкекте не жоғалттым?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s