Тагильский, у меня вопрос!


20170514_102022«Тагильский, у меня вопрос!», – деді шоқша сақалды Мұхит ұзын дәліздің бойымен пластик трубасын сүйретіп бара жатып. «Эта труба идет вверх от 405-го?»
 
Даңғыр-дұңғыр еткен трубаның дауысы мен еденде қалған сарғылт дақ төртінші қабаттағы күллі кабинетті шарлап жүр.
 
Бұған дейін бөлмемізде ағылшын тілінің шуә дыбысымен өрілген «British English» естілетін. Кешелі бері «тагильский» деп өңеші созылғанша айғайлаған Мұхиттың дауысы басып кетті.
«Давай срежем» дейді. «Тезірек бітірсе екен,» – деймін. Қазір трубадан бүлк-бүлк етіп су атқылап шығып, Oxford пен Cambridge баспасы шығарған ағылшын тілі кітаптарым лай судың бетінде қалқып жүргенін елестетіп отырмын. Парталарым орнынан жылжым кеткен. Аппақ тақтамның бетінде Мұхиттың әлде Тагильскийдің алақанының ізі тұр. 

Өмірімдегі соңғы сантехник кірзі етігін шешпестен төргі бөлмеге кіріп келіп, газ кілтін жердегі кілемге лақтыра салғаны есімде. Содан кейін сары дақ сосын ұзақ уақыт бойы боқтық араласқан темекенің будақтаған түтіні қалған. 46 размерлі кірзі етіктің ізін кетіру үшін кілемді «мойкаға» апарғанбыз.
 
«Тагильский» соның бәрін еске қайта салды. Тимон мен Пумба тәрізді екеуі жақсы түсініседі. Тагильский жирен сақалды, кесек денелі, аз сөйлейтін жігіт. Шын есімі Тагир болуы керек. Оның қасында аласа бойлы Мұхит шапшаң қозғалады, көп сөйлейді. Былайғы уақытта бір-біріне «ахи» дейтін шығар. Шекпейді. Боқтамайды. Үзілісте тек қайнаған су ішеді. Бірақ нені қашан бітіретінін айтпайды.
 
20170514_133808
– Сонда мына трубаны кескен соң, оны алып кетесіңдер ме?
– Біз тек труба кесеміз.
– Мына бұзылған тақтайшаны қайтадан жөндейсіңдер ме?
– Бұны біз бұзған жоқпыз.
– Шошайып қалып қойған трубаны енді суырып алып кетпейсіңдер ме?», – деймін барынша қатқыл дауыспен.
– Үстіңгі этажды жасағанда алып кетеді.
– Оны енді қашан жасайды?
– Білмеймін. Өздерінен сұраңдар.
 
Қысқа сөйлемдермен өрілген диалог осы. Өмірімде бірнеше тіл үйренсем де сантехниктердің тілін үйренбеппін. Сұрақ емес, толық бір сөйлем айтайын десем, іркіліп қаламын. Іштен ашу қысады. Темекі түтіні, боқтық сөз, тот басқан труба көз алдымда көлбеңдейді.
 
20170514_133652
Трубаны кесті. Орнында мына бір «картина» қалды. Біз отырған ғимарат кезінде министрлік болды десе-ді. Алматы астана болып тұрған кезде. Оның алдында қыздарға арналған интернат болыпты-мыс. Паровойды (ыстық су жүретін құбыр) алып тастағанда артынан сары түсті қабырғаның бір бөлігі көрінді. Ескі дәуірдің куәсі. Советский шенеуніктердің көзін тойдырған шығар деймін. Әлде интернатта оқыған бір ақылды қыз осы сары түске қарап отырып, әдемі қиялға берілді ме екен… Боямай осы қалпында қалдыра салсам ба деп қоямын.
«Тагильский, у меня вопрос!» дейді ішімнен Мұхиттың дауысы. Бұл «картина» қай жылғы екен?
Advertisements

2 thoughts on “Тагильский, у меня вопрос!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s