Ciao-Cacao кафесіне не үшін барамын?


Кафе ашқан студентім бұл емес. Бұл – Баубек! [сол жақта]

Кафе ашқан студентім бұл емес. Бұл – Баубек! [сол жақта]

Студентім кафе ашты. Төртінші курста оқиды. Екі семестр сабақ бердім. «Мультимедиа», «Дата журналистика» оқытқан студентім Абылай хан мен Мақатаевтың қиылысында кофехана ұстап отыр.

Төрт айдан бері барып жүрген жерім. Бір бұрышында отырып, біраз жұмыстарымды аяқтадым. Сенбі күндері қыздарымды да ертіп бардым. Ғайниға ішкі интерьері және компоты ұнады. Бірақ іштей сол кафе туралы жазудың ретін таппадым.

This slideshow requires JavaScript.

«Таныстарыма ол кафедегі тамақ ұнамай қалса ше?» «Сол күні кофесі дәмсіздеу болса ше?» деген ойлар тежейтін. Бүгін неге ол кафе туралы айтуым керек екенін түсіндім. Дәлірек айтсам, не себепті кофе мәдениетін дамытып жатқан студентіме қолдау білдіру керектігімді анығырақ ұқтым.

«Өзің ойлап қарашы, біз үнемі ауылда тұра бермейміз. Қазақтың жаны – ауылда. Оны жоққа шығармасаң болады. Бәлеге қаласың. Бірақ қазақ қалаланып келе жатқанын жоққа шығара алмайсың. Сен кофе ұсыну арқылы қалалық мәдениеттің бір бөлшегін ұсынып отырсың».

Түптеп келгенде мәселе тамақта емес. Қажет болса, кафедегі дәмді тамақтың рецептісін тауып, үйден де пісірерсің. Мәселе  –  ұсынып отырған ойда. Идеясында.

Маған іштей қазақтың қалалық болғаны, қала мәдениетін дамытқаны ұнайды. Машинамен емес, автобуспен жүрсе дейсің. Қаланың әрбір бұрышын таза ұстаса дейсің. Театр мен кинотеатрға барып, бала-шағасын әдемі бутиктерден киіндірсе дейсің. «Бұл – біздікі емес» деп үріккенімізбен істеп жүргеніміз осы ғой. Қалада тұрып жатырмыз.

Қалалық болу үшін тіпті кафеге барып кофе ішудің де қажеті жоқ. Бір ауық достарыңмен бас қосып, әңгіме-дүкен құрасың. Шай ішесің. Маған біздердің қалалық болып, қала мәдениетін сіңіргеніміз керек. Қала бізді емес, біз қаланы жатсынбауымыз керек.

Дәуренбек Урметов, "Ciao Cacao" кафесінің басшысы [оң жақта] Суретті түсірген Әбдіманап Кеңес

Дәуренбек Урметов, «Ciao Cacao» кафесінің басшысы [оң жақта] Суретті түсірген Әбдіманап Кеңес

 АДРЕСІ: Алматы қаласы, Абылай хан, 46 (Мақатаевтан сәл төмен).  Ciao Cacao.

 

Advertisements

2 thoughts on “Ciao-Cacao кафесіне не үшін барамын?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s