Польшада не жоғалттым?


@fundacjaFRSI

TechCampWAW participants are working on their project. February 15, 2017

Кейде миыңның бір бұрышына кіп-кішкентай сауал кіріп кетіп, бос уақытта қайта-қайта есіңе түсіп, мазалай беретін кездері болады. Сондай  #мазабермессауал әдетте шетелге шығуыма себеп болып жатады.

Технологияның жылдам дамуы, әрі оның қолданысқа тез енуі медиа мамандары арасында «Енді не істейміз?» деген сауалға жауап іздеуге мәжбүрлейді. Менің басымда да жүретін сол сауал.

Нәтижесінде әр гаджетті бір ұстап, түсініп көруге тырысатынбыз. Сөйтіп, әлдебір құралды түсінгендей болғанда жаңа бір тренд пайда болады. Қазір енді кодтарды түсіну қажеттілігі туындап жатыр.

Темір-терсектен софтқа, содан код деңгейіне түсіп жатырмыз. Әрі қарай не болар екен десем, енді Hacking Growth деген жаңа бағыт күш алып келе жатыр. Аудиториға контентті жылдам жеткізу технологиясы деп түсінуге болады. Бұл орайда жалған ақпарат тарату деген күрделі мәселе туындайды.

2010 жылдан бері Америка Үкіметінің Халықаралық Ақпарат Бағдарламасы TechCamp деген атпен әртүрлі елдерде 40-тан аса шара ұйымдастырды.

Блогкэмппен ұқсастығы еркін форматта өтуінде болғанымен, басты айырмашылығы  – өз саласын білетін санаулы қатысушы шақырылып, тренерлерден нақты дәріс алады.

Сөйтіп, шағын топқа бөлініп, медиа мен технология құралдарына қатысты жоба немесе құрал ойластырады. Идея әрі қарай стартапқа ұласып, бизнеске айналуы мүмкін.

Былтыр  TechCampCA Астанада өткен. Биыл 20-дан астам елдің қатысушыларының басын қосқан TechCampWaw Варшавада өтті. Кэмп түлектерінің RockIT конференция бар екен. Еуропада медиа мен технология саласында жүргендердің ойлары мен уайымдары біздікіндей: fact checking, media biz model, dataviz, data, media startup.

facebook-posts1

Бір ұнайтыны, TechCamp-қа әлемдік компаниялардың өкілдерін тренер ретінде шақырады. Былтыр Астанада HaffingtonPost-та істейтін дата журналист келсе, бұл жолы Google Жаңалықтар бөлімінің зертханасында қызмет ететін маман келді. Өндірісте қызмет етіп жүргендер білгендерімен бөлісіп, екі күн қасыңда жүреді.

Әзірге осы. Біраз ойлар бар. Бірінші кезекте универдегі студенттерімен бөлісермін. Бар үмітім соларда ғой. Бүгін Алматыға кері қайтамыз.

 

Advertisements

2 thoughts on “Польшада не жоғалттым?

  1. Asqat! So very glad to see you are blogging again- I read your blog aloud to practice my Kazakh : )

    I live in London now- you are always welcome! My husband and I will be visiting Kazakhstan this September! The last time I came, in 2013, your family were so very kind to me. I still have a postcard on my wall from you!

    Sonia

    • Hi Sonia, so glad to know that you are following my blog and refreshing your Kazakh. Please, let us know in advance when you arrive to Almaty. We definitely need to meet again.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s