ÜCRETSİZ İNGİLİZCE: Ыстамбұлда не жоғалттым?


CELTA тренингіндегі дәрістен (ICQ)

CELTA тренингіндегі дәрістен (ICQ)

Ыстамбұлдасыз. Оқып жүрсіз немесе жұмыс істейсіз. Ағылшыншаңызды жетілдіргіңіз келеді.

4. Levent метро аялдамасы маңында International Training Centre деген орталық бар. Кэмбридж тарапынан ресми куәлік алып, дүние жүзінен келген ағылшын тілі оқытушыларының біліктілігін жетілдіреді. Бір ай бойы осы орталықта CELTA курсын оқыдым. Курс барысында ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар орталық студенттеріне сабақ бердік.

Сіз де осы курсқа келіп CELTA үміткерлерінің сабақтарына тегін қатыса аласыз. Әртүрлі елден келген оқытушылар сабақ береді.

CELTA – Кэмбридж әдістемесі бойынша ересектерге ағылшын тілін үйрете алатынын растайтын сертификат.

CELTA-ға қатысу үшін интернеттегі тіркеу формасын толтырып, арнайы тапсырмаларын орындайсыз. Бәрі дұрыс болса, ең соңында сұхбатқа шақырады. Интернет-сұхбаттың негізінде CELTA-ға үміткер болуға лайықтысыз ба, жоқ па жауабын айтады. Шамамен IELTS-тан деңгейіңіз 7.0-ден жоғары болса, бұл шарттарынан емін-еркін өтесіз.

CELTA Fellows

CELTA Fellows

Тамыздың басында CELTA-ның 24 үміткері (Австралия, Алжир, Британия, Италия, Иран, Ливия, Малайзия, Молдова, Мысыр, Сауд Арабия, Сирия, Түркия, Тунис, Украина, Филиппин) жиналдық. Өз басым Түркияны бір айға виза керек болмағандықтан, әрі жақын достарымның бір осында жұмыс істеп жүргендіктен таңдадым. Сонымен қатар түрік студенттерінің тіл үйренуде жіберетін қателіктері қазақ студенттерімен көп ретте ұқсас болғандықтан Түркияны қолайлы көрдім. Әйтпесе, CELTA курсының құны дүниежүзі бойынша шамалас.

Бір айлық курстың тапсырмалары апта сайын күрделеніп отырады. CELTA куәлігін барлығы бірдей алмайтыны сондықтан. Курстың ауыртпалығына шыдамай орта жолдан тоқтатады. Біреуі тапсырмасын орындай алмайды, енді бірі Кэмбридж стандартына өзін бейімдей алмайды. Классикалық үлгіде сабақ беру элементтерінен айырылу оңай емес. Себебі көпшілігіміздің сабақ беру тәсіліміз өмірде көрген мұғалімдеріміздің әдістемесімен байланысты. Бізден екі студент соңына қарай тоқтатты.

Күнделікті сабақ берумен қатар арнайы зерттеу тапсымарлары бар. Мысалы, алғашқы тапсырмамыздың бірі – бір студентті таңдап, оның деңгейін, тіл үйренудегі ұнататын тәсілі мен жеке мінезінің сәйкестігін, ағылшын тіліндегі артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу болды. Әрі ол студентке ағылшын тіліндегі кейбір қателіктерін жөндеуге қандай тәсіл қолданған дұрыс екеніндігін негіздеуіміз керек.

TP 8, Self-reflection

TP 8, Self-reflection

Курс бүгін аяқталады. Сертификатымыз Ұлыбританиядан бір ай ішінде келеді. Бұйыртса, қазақ журналистеріне ағылшын тілін үйретсем деген ниетімді әрі қарай Кэмбридж тәсілімен “тұздықтамақпын”.

CELTA әдістемесін алдағы уақытта жаңа медиа, мультимедиа тренингтерінде де пайдаланып көрмек ойым бар.

Ағылшын тілімді жетілдіремін, IELTS емтиханына дайындалуға көмек керек десеңіз немесе таныстарып іздеп жүр еді десеңіз хабарласыңыз. Тел +7 (727) 267 63 52

One thought on “ÜCRETSİZ İNGİLİZCE: Ыстамбұлда не жоғалттым?

  1. Assalamualeikum kaliniz kalai. Otken aptada telefon shalgam okinishke oray keshki kurs jok eken kazir. Tek tanerten, keshki kurs bolsa jazilain ba dep edim.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s