TED Translators at TED Summit 2016

TED Translator боламын десеңіз…


This slideshow requires JavaScript.

TED видеоларын қалай субтитрлеп жүрміз? Бұл жазбада осы сұраққа жауап беруге тырысамын. TED Translator болып тіркелу үшін төмендегі нұсқаулықты мұқият оқуға кеңес беремін.

  1. ted.com сайтына тіркелесіз. gmail.com аккаунтыңызбен тіркелуге кеңес беремін. Тіркелген соң поштаңызға тіркелгеніңізді растайтын хат келеді. Тіркелуді растап жіберіңіз. Уақыт тауып, ted.com-дағы профайлыңызды мәліметтермен толтырып шығуды ұмытпаңыз.
  2. ted.com сайтындағы Participate деген бөлімге өтіп, соның ішіндегі Translate дегенді басасыз. Сол кезде TED Translator бетіне өтесіз.
  3. Бұдан соң осы парақшаның төменгі жағындағы Get Started түймесін басып, Amara сайтына өтеміз. Amara – видеоларды субтитрлеуге арналған арнайы ресурс. Amara ашылған соң енді оның ішінде TED team деген топқа қосыламыз. Топқа қосылу үшін өтініш формасын толтырасыз. Қандай тілдерден аударғыңыз келетінін көрсетесіз. Жеке өз басым бірнеше тілдерді көрсеткеннен гөрі Kazakh – English дегенді таңдауға кеңес беремін. Назар аударатын жайт: English дегенді басыңыз. British English дегенді таңдап қойсаңыз TED видеоларын аудара алмайсыз. Себебі TED видеолары British English, American English деп бөлінбейді.
  4. Тіркелу формасындағы сұраққа барынша шынайы жауап бергеніңіз жөн. Себебі сіздің жазғаныңызды TED Translator ұжымындағы адамдар мұқият оқиды. TED аударма туралы қайдан естідіңіз деген жерге ағылшынша не себепті TED видеоларын қазақшаға аударғыңыз келетінін жазыңыз. Кем дегенде бес күннен кейін сіздің өтінішіңіз қабылданғаны туралы хат келеді. Хат келмесе, өтінішіңіз қабылданбады деген сөз. Өтініш көп ретте техникалық тұрғыдан дұрыс тіркелмесеңіз немесе сұрақтарға жеңіл-желпі жауап берсеңіз қабылданбайды.
  5. TED Translator болғаныңыз туралы хат алған соң жеке поштама urimtal[at]gmail[dot]com хабар берсеңіз, сізді TED Translator – Kazakh деген Facebook-тегі құпия тобымызға қосамын. Сол топтың ішінде TED аудармашылар үшін өткізетін Шәй-Фай кездесулеріміз туралы, аударма жасаудағы қызықтыр мен қиындықтар туралы ақпараттарды біліп отыра аласыз.

TED Talk, TEDx, TED Ed және тағы басқа TED-ке қатысы бар видеоның барлығының субтитрін тек Amara платформасында жасай аласыз. Басқа жолмен жасаған субтирлеріңіз TED.com сайтындағы видеоларда жарияланбайды. Amara – видеоларға субтитр жасауға арналған арнайы платформа.

ЕСКЕРТУ: Алдағы айлардың ішінде TED видеоларын субтитрлейтін Amara платформасына өзгерістер енгізілмек.

TED видеоларын дұрыс субтитрлеу үшін OTP Learning сериясымен берілетін қысқа видео-сабақтарды көріп шығуға кеңес беремін. Әйтпесе, Amara-дағы қай кнопка қай жерде екенін білмей басыңыз қатуы мүмкін.🙂

Қосымша сұрақтарыңызды пікір ретінде қалдырсаңыз болады. Бұл жазбаны уақыт өте келе толықтырып отыруым мүмкін.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s