“Дыбыс коммуникациясынан” 11 ой


13537669_10201853266529401_4324300493326333673_n

Көзбен көретін дүние көбейген сайын айналамыздағы дыбыстарға аз құлақ түреміз. Шындығында есту қабілетіміз төмендеп бара жатыр. Ғалымдардың айтары осы. Алдағы он немесе жиырма жылда Қазақстанда құлақ ауруларын емдейтін орталықтар саны көбейіп кетсе, таң қалмаспын. Біз бір-бірімізді тыңдаудан қалып барамыз.
“Есту – табиғи қасиет, ал тыңдау – үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететін қабілет” дегенді түсініп алайық деді,  TED Summit-те “Дыбыс коммуникациясы” тренингін жүргізген Джулиан Трежер.

Тыңдау дегеніміз – дыбыстардан мағына шығару.

Тренингтегі айтылған ойларды жоғалтып алмас үшін есте қалғандарын тізіп отырмын.

  1. Әрқайсымыздың ең алғашқы еститін дыбысымыз жүректің қағысы. Тіпті санамыз әлі қалыптаспаса да ана жатырындағы бір кесек еттің ең бірінші қабылдайтын дыбысы – жүректің дүрсілі.
  2. Құстың сайрағанын естісек, іштей қауіпсіздікті сезінеміз. Себебі қатты дауыл, табиғи апат басталар алдында құстың сайрағанын естімейміз.
  3. Тыңдау дегеніміз – дыбыстардан мағына шығару.
  4. Әр адамның тыңдауы екінші адамдікіне ұқсамайды. Әр адамның саусақ бедері әртүрлі болғаны тәрізді, тыңдауы да әртүрлі. Себебі адам тыңдағанын бірнеше сүзгіден өткізеді. Бұл сүзгілер (мәдени, тілдік, тарихи т.с.с.) әр адамда білімі мен қоршаған ортасына, жасы мен жынысына орай әртүрлі қалыптасады.
  5. Шизофония – көру мен тыңдаудың арасындағы айырмашылық.
  6. Бейсаналы түрде “әдемі киінген адам өмірде аз қателеседі” деп ойлаймыз.
  7. Ер адамдарда редуктивті тыңдау, ал әйелдерде көбіне экпансивті тыңдау дамыған.
  8. Сыни тыңдау мен эмпатик тыңдау арасында үлкен айырмашылық бар.
  9. Сыни тыңдау – сенің басыңдағы кішкентай дыбыстар.
  10. RASA (Receive, Appreciate, Summarise, Ask)
  11. Көпшілік алдында сөйлеушіге арналған кеңес: HONESTY (айтар ойыңда нақты әрі дәл айт), Authenticity (шынайы сөйле, жасанды мінез танытпа), INTEGRITY (сөзің мен ойың, ісің бірдей болсын), LOVE (тыңдармандарыңды жақсы көр)

Тыңдауды дамыту үшін күніне кем дегенде үш минут тыныштықты тыңдау керек. Әртүрлі дыбыстарды ажыратып тыңдап көру керек. Ішкі дауысты ажырату керек.

Қазақ тілінде “есту” мен “тыңдау” сөздерінің әртүрлі мағына беретінін, кей ретте бірінің орнына бірін қолдана алмайтынымызды жақсы түсінетін боларсыз. Әлдекім сіздің ойыңызды ұғып отырғанын тексеру үшін “Сен мені тыңдап отырсың ба?” деп сұраймыз. Ал телефон арқылы әңгімелескенде: “Естіліп тұр ма? “дейміз.

“Тың тыңдау” деген де сөз бар. Бұдан “тыңшы” деген сөз шығады. Менің түсінігімде тыңшылар естіген дыбыстарынан мағына ажыратады. Ал есту дегеніміз жалпы табиғаттан берілген қабілет. “Есту” сөзінің түбірі “ес” дегеннен шығатыны да қызық, ә?

Жеке өз басым тренингтен соң тыңдау қабілетімді үнемі шыңдау қажеттілігімді ұқтым. Себебі мектептен бастап біздерді көбінесе көруге, сөйлеуге баулиды екен де, дұрыс тыңдауды ешкім үйретпейді екен.

 

 

 

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s