Кейіпкермен кездесу


This slideshow requires JavaScript.

TED Summit-те “Сазбалшықтың көмегімен оқиғаны баяндау” деген тренингке қатыстым. Алдағы өткізетін тренингтеріме біраз идеялар келді. Бірақ айтпағым ол емес. Тренинг барысында ойламаған жерден таныстарыммен кездестім.

Тренингке жеті адам тіркелген екенбіз. Қарсы алдымда Италиядан келген жұп отырды. Дауыстары өте таныс. Басында мәр бермеп едім. Кейін TED Summit-ке қалай келгенін айтып жатқанда жүрегім шым ете қалды. Көзіме жас келді. Аузыма сөз түспеді.

“Біздің Мариомыз дертке шалдығып еді” дегені маған сондай таныс еді. Роберто мен Франческо TED сахнасынан жаңа туған балаларының ауруымен қалай күрескенін әңгімелеген. Олардың TED оқиғасын қазақшаға аударып отырып, өзім де қатты әсерленген едім. Енді міне, ол екеуі қарсы алдымда отыр.

Әдетті TED видеоларын аударуға кейде бір сағат, ал кейде бір ай кетеді. Әрбір сөзін түсіну үшін қайта-қайта тыңдайсың. Дауыстары, сөз саптаулары жатталып қалады.

TED Summit-те осындай күтпгене кездесулер болады екен. Франческо мен Роберт: “Осындай ауруы бар кісілер кездесіп жатса, айта жүріңдер. Біздің әңгімемізді аударғандарыңа мың алғыс” деп жатыр.

p.s. TED Summit-ке Марио да келді.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s