Канадада не жоғалттым? – 2 #TEDSummit


13566957_10156964058405161_2191248236519710984_n
Осыдан алты-жеті ай бұрын TED жобасының жетекшісі Крис Андерсаннан шақырту хат келді. Дүние жүзінен TED шарасына белсенді араласып жүрген 1000 адамды іріктеп, әрі қарайғы TED болашағы туралы ақылдасу үшін TED Summit ұйымдастырып жатырмыз. Сіз сол мың адамның ішіндесіз деген хатты алғанда жерден жеті қоян тапқандай қуанып едім.

Chris Anderson: The summit will bring together 1000 people from around the world who’ve helped build TED into what it is today. We’ve identified you as one of those people, and we would absolutely love for you to join. We’ll share a week-long summer experience that could be transformative both personally and for TED as a whole.

Канаданың Банф қаласындағы TED Summit-ке осылай тап болдым. Түптеп келгенде бұл TED басшылығының субтитрлерді қазақ тіліне аударып жүрген еңбегімізді ескергендері ғой. Бір қызығы Қазақстандағы қазақ тіліне қатысты жасалып отырған жобаларымызға өз еліміздегі адамдар емес, шетелдіктер қуанып, құрмет көрсетіп жататынына не ұяларыңды, не қуанарыңды білмейсің.

Алматыда айына екі рет сенбі сайын Шай-Фай ұйымдастырамын. Шай-Файда TED видеоларының субтитрлерін қазақшаға аударамыз. Осы уақытқа дейін 60 видео аударылды. Өзге тілдерде аударма саны мыңнан асып жығылатынын білгенде бізге әлі көп еңбектену керектігін түсінесің. Ақысыз, тегін жасалатын осындай жобаларға адамдар көбірек тартылса, мемлекеттің ішкі дәулеті де артады екен. Бұл ғылыми теорияда дәлелденіпті. Қоғам болуы үшін адамдар сұрауды емес, өзіндегі барын беруді үйренуі керек екен.

Қазір Банф қаласында 74 елдің адамы жүр. Қазақстаннан TEDxAlmaty жетекшісі Лариса екеумізбіз. Кейбір елдерде әлі күнге TED не екенін білмей жүргенін ескерсек, бұл жақсы нәтиже. Оның үстіне Қазақстанда TED видеоларын телеарнадан көрсетумен айналысатын Bilim Media Group бар. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушылар арасында TED клубтар бар.

TED Summit бос уақытыңда көңіл бөліп айналысып жүрген ісіңнің маңызын терең сезінесің. Айналаңда өзің сияқты 49 аудармашы жүргенде, әрі Саммитте күні бойы жұмыс туралы емес, өзіңе ұнайтын ісің туралы әңгімелегендіктен, жалықпайсың.

Кейде 30-40 жылдан кейін TED не болар екен деп ойлаймын. Бүгінде озық идеяның жалғыз генераторы болып отырған жоба осыдан 10 жыл бұрын дәл осы күні алғашқы 6 видеосын жариялаған еді. Қазір жеті секунд сайын TED және TEDx видеолары жарияланып тұрады.

Әзірге осы. Бұйыртса, ертеңгі күн туралы тағы жазармын.

Бүгін TED басталмас бұрын сахнадан мына бір видеоны көрсетті. TED Summit-ке келмей тұрғанда өз тіліңдегі бір тұрақсы тіркесті жазып жіберші деп еді. Сөйтсек, біздерге осындай сюрприз жасап қойыпты. Енді осындағы қатысушылар біздерден стикерлер жинап жүр.

This slideshow requires JavaScript.

Бүгінгі TED сахнасында сөйлеген кісілердің ойларын түртіп алып едім.

  • Идеяға сенсең, шекара туралы ойлама.
  • “Соқыр болғаным үшін көзімді анығырақ ашып, көпшілік байқамайтынды жақсы байқаймын”.
  • Ағылшын тілі – жансыз тіл.

 

 

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s