#AmalTalks Тимур маған не үйретті?


Ақтау қаласы, 10 наурыз. AmalTalk сахнасы

Ақтау қаласы, 10 наурыз. AmalTalk сахнасы

“Құрдас, Ақтаудағы шараға келесің бе?” Тимурға көмектесу – парыз. Үш күндік жұмысты ысырып қойып, Алматыдағы офисімнің есігін жауып жатқанда: “Қандай жағдай болса да, дайын бол!” деген тәуекелмен шықтым.

Жаңа нәрсені бастау оңай емес. #AmalTalks жаңа формат. Тимурға оның маңызын түсіндіруге қанша уақыт кеткенін толық сезбесем де, болжап отырмын.

Қоғамдық жұмыс, жеке бизнес және отбасы ортасында өзіңді жоғалтып алмай, шапқылау үшін шынымен супер-өнер керек. Тимур қарбаласып жүргенде балаға қарап, қоғамдық шаруамен айналысуға жағдай жасаған Мейірмангүл төзіміне ризамын.

Бір қуанатыным, Маңғыстауда, оның ішінде Ақтауда жаңа нәрсені қабылдауға дайын адамдар бар. Олар өте көп. AmalTalks-тың сәтті өтуі тікелей соларға байланысты. Олардың кім екенін білмеймін. Бірақ олар өте көп екенін Ақтауда жүрген күні жақсы сездім.

Тимур жылдар бойы, айлар бойы, күндер бойы, минуттар мен секундтар бойы (дәл қазір сіз осыны оқып отырғанда ол сөзсіз инетте әлдебіреумен чаттасып отыр) жақсы адамдар арасында көзге көрінбейтін жүйе құрып келеді. Тимурдан үлгі алу керек болса, қажетті адамдармен дұрыс қарым-қатынас құра білуінің құпиясына үңілген жөн. Мысалы, Тимур үнемі жылт еткен жақсы дүниеге қуана біледі. Ұнамайтын іске дұрыс ашулана біледі.

Алматы мен Астанада емес, 200 мыңдай тұрғыны бар Ақтауда аспаннан идея жаудыру үшін көп тер төгілгені сөзсіз. Ендігісі Тимурға емес, Тимурды қолдаушыларға сын.

Алғашқы күні Ақтау қонақ үйіндегі бөлмеге кіріп барғанда үстелде әрқайсымызға арналған сыйлық жатты. Әкімнің визитикасы, Маңғыстау туралы кітап және алдағы үш күнгі күн райы туралы ақпаратты да қосқан. Тамаша! Дайындыққа креативті адамдар кіріскенін осыдан аңғарасың. Маған күн райы туралы парақшаны қонақ үйдегі бөлмеме ұқыптап қойып кеткенінің өзі жеткілікті еді.

Облыстық әкімдік тарапынан ұйымдастырылған шара ресмиліктен барынша ада болып, еркіндік пен шығармашылыққа мол мүмкіндік беріледі деп мүлдем ойламаппын. Маңғыстау облысы әкімдігі қызметкерлерінің ісі шынымен өзгелерге көп үлгі. Ішкі саясат бөліміндегі қыз-жігіттердің ілтипаты мен көзге көрінбес жылдамдықпен бәрін реттеп отырғанын сезіп, көз қуанды.

Сосын көптен көрмеген интернет-достарымды көргеніме қуандым. Ербол екеуміз Алматыда жүріп, жиі кездесе алмайтынымыз рас. Ақтауда құрдастармен біраз “қауқылдасып” қалдық.

AmalTalks_AYerkimbay

“AmalTalks сахасындағы сөзің жақсы шықты” деп жатыр. Білмедім. Өзіме онша сезілмеді. Бірақ сөзімнен кейін кісілер келіп, “көзімізге жас келді” дегенін естіп, өзім де толқып кеттім.

Сонымен Тимур бастаған AmalTalks маған не үйретті? Бір адам өзінің айналасын өзгертемін десе, өзгерте алатынын, бірақ ол үшін әуелі өзі өзгеру керектігін үйретті. Ал саған ше?

 

 

 

 

 

One thought on “#AmalTalks Тимур маған не үйретті?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s