ТЫҢДАУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІН: Земля Казахстана


…за доброе сердце степного казаха …

Көршілеріміз өзге ұлттың өкілдері екенін 91 жылдары олар көшіп жатқанда білдім. Оған дейін бәрін орыс деп танитынмын.

Біз үш қабатты үйде тұрдық. Қарсы есікте дүнген Үміт апа тұрды (дүнген лапшасын алғаш рет сол үйде жеп едік). Ортадағы есікте армяндар тұрған. Бір жылдары оларда жер сілкінісі болып, анам оларға торт пісіргені бар. Бірақ тортты Арменияға қалай жеткізгендерін білмедім. Астыңғы қабатта татар апа тұратын.

Бірінші подъезде неміс апа тұрған. Бірақ ол кезде бұлай ұлтымен айтпайтынбыз. Тіпті қазақша сайрап жүретін тетя Нина белорус екенін білгенде тіпті таңқалдым. Бір көршіміз молдован болғаны есімде.

Өмірімде алғаш көрген өзге ұлт өкілдері солар болатын. Орыс балабақшасына барғанмын. Коля, Артем деген достарым болды. Бірінің фамилиясы Етсіз болатын. Ішімнен “Еті қайда?” деп ойлап қоятынмын. Сөйтсем, неміс фамилиясы екен ғой. Кәрістер де көп еді.

Анамның ұжымында да әртүрлі дәстүр мен салт ұстанған адамдар болды. Бәрі қазақша орысша араластырып сөйлей беретін. Біздің ес жиған кезіміз Советтің төңкерілген кезі ғой. Көршілеріміз үлкен контейнерлі машиналармен көшіп жатқанда үйдегілердің жылап қоштасқаны, олардың да көздері жасқа толғаны көз алдымда.

Жездінің дені шахтерлер, шахтаға қатысы барлар еді ғой. Сондықтан саясат туралы ол кезде әңгіме де қозғалмайтын.

Аллаһ тағала Құранда бізді әртүрлі қылып жаратуының себебін түсіндіреді. Бір-біріңді тану үшін деп… Адам бір-бірін терең танығанда жақсы көреді екен. Жақсы көру деген сөздің келесі мағынасы да жақсы тануда жатса керек.

p.s. Мына видеоны Америкада оқып жүргенде тауып алдым. Универде оқып жүргенде кітапханада кейде ғылыми жұмысым жазылмай жатса, осыны көретінмін. Жауапкершілік жүктейтін өлең. Біз де ата-бабаларымыз секілді ділімізді мықты ұстай алар ма екенбіз…

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s