WordPress жабық, ал біз блог аштық


Өткен аптада WordPress-те қазақша бірнеше блог тіркелді

Өткен аптада WordPress-те қазақша бірнеше блог тіркелді

Күлетін шығарсың. Бірақ, рас, әлі күнге студенттерге wordpress-те блог бастауды үйретіп жүрмін. “WordPress-те блог жүргізсең онлайн проектіңді бастайсың” деген сөзім ұнайды ғой деймін.

WordPress қызығушылықты кәсіпке айналдыруды үйретті. Блогшылардың көбі осыдан 6-7 жыл бұрын алғашқы жазбаларында ішкі толғаныстарын жазатын. Сол арқылы:

  1. идеялас адамдар бір-бірін оңай тапты. Нәтижесінде жаңа жобалар пайда болды. Мәселен, Димаш пен Патик екеуі Киностанды бастады.
  2. идеясының пайдалы екенін ұқты. Мысалы, Бақытгүлдің Білім туралы, әдебиет туралы жазбалары кейін Білімпаз сайтына ұласты.
  3. идеясына бизнес тұрғысынан қызығушылық бар екенін түсінді. Мәселен, Жалғас блогшылардың ортасында танымал адамдар ашқан жобалардың басын құрап компания құрды.
  4. идея арқылы танымал болуға болатынын ұқты. Мысалы, Өркен Қазақстандағы танымал Интернет тұлғаға айналды.
  5. идеясын тарату арқылы әрі қарай жаңа жоба бастауға болатынын ұқты. Мысалы, Тимурдың IT-тірлік блогының атауына Ерлан Оспанның алғашқы блогтарының бірі түрткі болды.
  6. мына жерге тағы да мысалдар жазылуы мүмкін.

Егер адамдардың дұрыс, сапалы жазуы әрі контент басқару жұмысын жақсы меңгеруі әрі қарайғы өсуіне пайдалы болса, неге үйретпеске? Түптеп келгенде студенттерге блог үйретудегі мақсатым – блогшы қылдыру емес. WordPress-тен блог жүргізіп көру арқылы Интернет журналистикадағы контенттің әзірлену, ұсынылуы, таратылуын техникалық тұрғыдан көрсету екенін ашып айтамын. Себебі бүгінгі оқырманның дені әлеуметтік желілерде болғанымен ертеңгі интернет редакциялар сайттарына HTML, CMS, SEO, SMM білетін инетте мақала жариялаудың қарапайым ережелерін білетін журналист іздейді.

Студенттерге блог үйретудегі мақсатым – блогшы қылдыру емес. WordPress оларға жұмыс іздеуге емес, өздері жеке бизнес-жоба бастауға көмектессе деймін. Себебі бүгінгі оқырман әлеуметтік желілерде жүргенімен ертеңгі компаниялар HTML, CMS, SEO, SMM білетін, кодты түсінетін, инетте мақала жариялаудың қарапайым ережелерін білетін журналист адамды іздейді.

Журфактар Интернетте жұмыс істей алатын мамандарды дайындамай отыр деген тізесі шығып кеткен пікір бар. Шындығында студенттердің дені мектептен шикі базамен келеді. Сондықтан бизнесте жүргендердің қайсы болмасын дұрыс кадрды өндірісте дайындап алу керектігін біледі.

Жеке өз басым, сауатты сөйлем құрап, ойын компқа дұрыс түсіре алмайтынға SMM, SEO, CMS үйреткеннен гөрі әуелі сауатты жазуды, маңызды оқиғаны көре білуді, ең арысы сыни ойлау дағдыларын үйрету маңызды деп санаймын.

Студентке инеттегі әлдебір сервиспен қалай жұмыс істейтінін, қай кнопканы басу керектігін үйреткеннен гөрі Инеттегі аудиторияға контент әзірлеудің ерекшеліктерін баса айтқан дұрыс. Содан кейін аудиториясына лайықты контент әзірлеу үшін қандай сервис керектігін өзі ұға бастайды.

Журфакта студенттердің бәріне Интернет журналистиканы оқытудың қажеті жоқ. Университеттер ойлана білетін, айналасын бағдарлай білетін, керектісін әрі қарай өзі түсініп, саралай алатын дағдыларды үйретсе жеткілікті. Бұл тек журфак емес, барлық мамандыққа қатысты деп ойлаймын.

Қысқасы, өткен аптада студенттерім wordpress, blogspot, tumblr-дан блог ашты. Бірақ wordpress блогтары Қазақстандағы интернет қолданушыларға көрінбейді. Біз сонда да аштық. Себебі студенттер қандай жағдайда болса да өздеріне қажетті нәрсені үйренуге, білуге хақылы.

пысы. Егер кезінде сабақ барысында немесе тренингімде сен де алғаш рет блог ашқан болсаң, оның қаншалықты қызықты болғаны есіңде бар болар. Өткен аптада блог ашқан студенттерім  де дәл сондай сезімде жүр. Уақытың болса, блогтарына кіріп, бір ауыз пікір қалдырып кетсең, алғыстан басқа айтарым жоқ. АРБ!

9 thoughts on “WordPress жабық, ал біз блог аштық

  1. Дұрыс ойлар жазыпсыз. Еңбегіңіз жана берсін!
    Мен әлі күнге дейін wordpress-тен кете алмай жүрмін. Бұған блог емес, күнделік ретінде қараймын. Содан ба?
    wordpress-ті қайтадан жауып тастады ма? Мен соңғы апта жазбамды жариялай алмай қойып едім. Телефонымнан ба деп, бағдарламаны өшіріп, қайта жүктеп, әуре болып жүрмін.
    Байқағаным, wordpress-те англиялықтар көп. Қазақша блогтарды таба алмадым.😦

    • Көпшілігіміз күнделік ретінде бастағанбыз. Бірте-бірте қалайша бір саланың “кәсіби маманы” атанып кеткенімізді білмей қалдық.🙂

  2. Сіздің оқушыларыңыздың (студенттеріңіздің) бірқатарының блогын қарап шықтым. Бастамасы жақсы. Ішінде жақсы ой айтқандары көп. Бастысы, бастаған істі орта жолда қалдырмай, ерінбей, блогты тұрақты жүргізсе деймін. Орысша, қазақша, ағылшынша қатар жаза алатын жастардың көп болғаны сондай қуанышты.

    • Уақыт тауып, қарап шыққаныңызға рахмет. Кейбіреуіне пікір де қалдырған екенсіз. Сөзсіз сіздің пікіріңіз олар үшін өте құнды болмақ!

  3. жақсы жазыпсыз. Мен де блог ашқан едім, қарап көрсеңіз. bolisemin.blogspot.com , bolisemin.wordpress.com

  4. Асеке, бір кездері өзіңізден үйренгеніңіз бойынша блог ашып едік, кейін уордпрессті жауып тастаған соң, көңіліміз қалып қойыпты. Кейін тағы да қызығушылығымыз артып келеді. Бірақ, бұрынғыдай қарқын байқалмай жатыр? Әлде уордпрессте белсенділік азайған ба?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s