Қызылорда кітапханашыларына арналған тренингтен


DSC_0366-1024x682

Егер сіз Қызылорда облысының тумасы болсаңыз, өз ауданыңыздың, ауылыңыздың парақшасына жазылып қойсаңыз болады.

Кеше кітапханашылар күні болды. Кітапханашыларға тренинг өткізіп жатқанда бірақ білдім. БҰҰ-ның Дамыту бағдарламасының Қызылорда өңірінде бірнеше жылға жобаланған жоспары бар екен. Сол жобаның бірі – Қызылорданың ауылдық, аудандық жерлерінде Онлайн орталықтар ашу. Бұл орталықтар қазір Қызылордадағы кітапханалар негізінде құрылып жатыр.

Қызылордада 300-ге жуық кітапхана бар. Оның жартысына жуығы ауылдық жерлерде. Қызылорданың аудандары мен ауылдарында Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының көмегімен Онлайн орталықтар ашылып жатыр.

Есенгүл апай екеумізді сол орталық қызметкерлеріне жаңа медианы үйретуге шақырды. Алғашқы қадам ретінде ЮНЕСКО-ның Қауымдық БАҚ құру негізін көрсеттік. Кітапханашылар екі күн бойы жаңа медиамен танысып, соңында Facebook-те онлайн орталықтарының парақшасын тіркеді.

Парақшалардың сілтемесін төменде көрсетіп отырмын. Егер сіз Қызылорда облысының тумасы болсаңыз, өз ауданыңыздың, ауылыңыздың парақшасына жазылып қойсаңыз болады.

1. Мәдениет
2. Еңбекші
3. Сұлутөбе
4. Шижаға
5. Қамбаш
6. Жанқожа
7. Өркендеу
8. Іңкәрдария
9. Ақжарма
10. Аққұм
11. Төретам
12. Сунақата
13. Қызылорда облысы кітапханашылар қауымдастығы

Бұйыртса, алдағы уақытта парақшалардың бәрінің басын құрайтын бір App жасау жоспарланып отыр. Ал әзірге парақшалардың жұмысы қалай болатынын бақылауымыз керек. Сіз жоғарыдағы парақшалардағы ақпараттар оқырманға қызық болады деп ойлайсыз ба? Жаңа медиа ауыл тіршілігін жандандыру үшін тағы не істей алады деп ойлайсыз?

Advertisements

2 thoughts on “Қызылорда кітапханашыларына арналған тренингтен

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s