“Қазконтент” тренингінен соң…


Әлдебір ұжымға немесе қызметкерлеріне бір дағдыны үйреткісі, көрсеткісі келетін мекемелер аз. Өкініштісі сол. Еліміздегі мемлекеттік мекемелердің дені қызметкерлеріне көп талап қойғанымен, тапсырманы қалай орындау керектігін үйрете бермейді. Осы орайда “Қазконтент” ұнайды. Бұған дейін ұжымды шетел көрген, менеджементтің жаңа үлгісін білетіндер басқарғандықтан болар. Қысқасы, “Қазконтентпен” тренер тұрғысынан жұмыс істеу әлдеқайда оңай. Себебі басшылық тарапынан қызметкерлерді, журналистердің біліктілігін жетілдіруге үнемі жағдай жасау керектігін түсінеді.

“Қазконтент” мекемесі туралы естіген боларсыз. Еліміздегі басылымдарды интернетке бейімдеп, редакцияларға тегін сайт жасап беріп жүр. Одан бөлек тағы көптеген жобалары бар. Өткен аптада “Қазконтенттің” шақыртуымен Астанаға барғанмын.

Өңірден келген журналистерге арнап конференция ұйымдастырған екен. Конференция аясында тренинг өткіздік. Тренинг барысында негізінен басылымдағы мәтінді интернетке бейімдеу туралы айтсам деген ой болған. Бірақ қатысушылардың жаңа медиа туралы түсініктері әртүрлі болғандықтан тез арада айтатын контентімді өзгертуге тура келді. Сонымен тренингте мына нәрселерді айтып өттім:

  1. Жаңа медиа деген не? Қоғамда қалай қолданыс тауып жатыр?
  2. Google-ды неге білу керекпіз? Google мен Mail.ru айырмашылықтары мен ұқсастықтары
  3. Google өнімдері: google alerts, trends, translation, gdocs
  4. Интернеттегі аудио-визуалды контент: саундслайд
  5. Смартфон көмегімен суретке түсіру.
  6. Смартфон көмегімен дыбыс жазу

Төрт сағат ішінде қамтып үлгергенім осылар болды. Ең бастысы қатысушылардың арасында өз қолдарымен суретке түсіріп, саундслайд жасап, бірнеше суреттерге түсіріп үлгергендер болды.

Қатысушылардың қызығушылығы мен мультимедиалы журналистикаға деген қызығушылықтары өте ұнады.

 

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s