Журналистерге арналған ағылшын тілі курсы


 

Былтыр жазда осындай атпен арнайы курс бастағанбыз. Profi Asia атты орталықты құрудағы мақсатымыздың да бірі қазақ журналистерін орыс тіліндегі ақпараттық шырмауда қалдырмай, шетелдік дереккөздерді қолданудың жолдарын көрсету еді.

English For Journalist  курсымызға сол кезде guest speaker ретінде Американың Алматыдағы қызметкелерін де шақырғаным бар. Біздің жобаның мақсатын түсініп, қолдау білдіруге дайын еді. Бірақ мұндай қолдаулар өзіміздің тараптан болмай жататыны қынжылтып еді.

Өткенде Америка елшілігінің қызметкерлері осындай бағдарлама бастамақ ойларын айтып, “тәтті шайға” келген🙂 Сол кезде осындай бір жүйелі жоба керектігін айтып едім. Төменде тамаша мүмкіндіктің хабарландаруын тіркеп отырмын. Мүмкіндікті жіберіп алмассыңдар!

Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулдығы MediaNet Халықаралық журналистика орталығымен бірге журналистерге арналған ағылшын тілі курсын ұйымдастырмақшы. Жобаның мақсаты журналистердің ағылшын тілін қолданудағы дағдыларын дамыту және ағылшын тіліндегі медиа платформалар мен ресурстарды еркін пайдалануына мүмкіндік жасау.

Курсқа тіркелу үшін онлайн тіркелу формасын толтыру керек.

Сілтеме: http://medianet.kz/ru/english-for-journalists/online-registration-184

Өтетін орны: MediaNet Халықаралық журналистика орталығы

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 15 Б (Байтұрсынов көшесінің қиылысы), 10-кеңсе

Байланыс үшін: Айгерім Сакенова, Сәния Әбдіғапар

E_mail: medianet.smm@gmail.com

тел. +7 727 292 20 46

2 thoughts on “Журналистерге арналған ағылшын тілі курсы

    • Бұйыртса, келесі айда бастаймыз. Алматыда болсаңыз, MediaNet-ке хабарласып, тіркеліп қойғаныңыз жөн.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s