“Қазақия” жазбаларын қалай бағалаймын?


10155736_10153948674035161_496020116_n
Үш күн сайын қазылар құрамындағылар өз пікірімізді жазып отырамыз дегенбіз. Бұған дейін Блогиада жазбаларын бағалағандықтан ендігісі оңай болар дегенмін. Бірақ негізінен әлеуметтік желі оқырмандарына бағытталғандықтан қиындығы болатынын да білдім.

Қазақия – 2015 жобасының басты мақсаты – интернеттегі қазақша түсінетін аудиторияға белсенді интернетшінің көзімен біз көрмей жүрген “жаңа” Қазақстанды таныту. Общым мен солай ұқтым. Әрі жазбаларға сол призма тұрғысынан қарауға тырысамын. Бұл жердегі “жаңа” сөзі, жаңа медиадағы “жаңа” сөзі сияқты. Жаңа деген жаңалықты емес, жан-жақты жаңа дегенді білдіреді🙂

Сенбі күні кейбір қатысушылармен Алматыда кездестім. “Негізі жақсы жазбаның құрамы қандай?” деген тәріздес сұрақ қойылды. Жобамен былай жауап бердім:

Біріншіден, қателесіңдер. (“Грамматикалық қате ме?” деп сұрады сонда біреуі). Қателесіңдер дегенім, батыл болыңдар, айналаға басқаша қараудан қорықпаңдар дегенім еді. Себебі ерекшелік күтеміз.

Екіншіден, функционалдық. Жазбаңыз біреудің кәдесіне жарауы тиіс. Жақсы мағынадағы пайдалы коэфициенті болсын. Титтей болса да. Бұл тікелей бірнәрсені жасап көруге итермелеу, бірдеңе жасау, білмеген жаңа бір ақпаратты біліп қалу. Мысалы, Эльвираның дүкендегі бағаларды салыстыруы, Ақботаның блог ашуға үйретуі т.с.с.

Үшіншіден, қарапайым. Түсінуге жеңіл, қызық, оңай болсын. Құрғақ ақпарат, яки түсініксіз каламбур емес. Ойнақы, түсінікті, әңгімеге шақыратын тіл болғаны дұрыс. Себебі негізінен жазбалар әлеуметтік желі оқырмандарына бағытталып отыр. Әлеуметтік желідегілердің дені – қыңыр адамдар. Қағытып қалғанды, сөз қыстырғанды жақсы көреді. Жылт етіп қарағанда түсіне қалуымыз керек🙂

Төртіншіден, әдемілік. Әдемі сурет, әдемі кадр, әдемі дауыс, әдемі жазу, әдемі ой, әдемі мінез, әдемі безендіру. Әрбір әріптегі ұқыптылық.

Бесіншіден, батырлық. Мінез көрсетіңдер. Көп ішінен іріктелген санаулы ғана қатысушы болғандықтан, әрі өзгелерге берілмеген мүмкіндікті пайдаланып отырғандықтан әрбір жазбаға мінезбен кіріскен дұрыс. Мінез дегенім дөрекілік емес екенін түсініп отырған боларсыңдар🙂

Үш күннің жазбаларын бағаладым. Өте қатты ұнағандары бар. Қатысушыларға күн сайын бір межеден екіншісіне бару әрі пойызбан жүру оңай емес. Тіпті техникалық ақаулардың кесірінен кейбір жазбалар дұрыс ашылмай қалып жатқан кездер де бар. Саяхаттап жүріп жазба жарыстыру – алғашқы жоба.

Қатысушылардың жазбаларындағы визуалды ойланулары ұнайды. Бірақ әлі де пісіру керек. Кейде әдемі ойларына дұрыс форма таппай қалады. Сурет, яки видео, инфографика керек емес жерде қолданылып кетеді. Сосын таза журналистика жағына ойысып кететін тұстар бар.

Төменде жазбаларды оқығанан кейін туған ойларымды жинақтап беріп отырмын. Бұл ойларды көбіне өзім үшін жазып қоятындықтан кейбір тұстары түсініксіздеу болуы мүмкін.

Бірақ сендерге арнап, кеше Алматы-Шымкент бағытынан хат жазып қойып едім. Ұшақта отырғаннан ба? Тым эпистолярный болып кетті. Сондықтан сурет күйінде қалдырдым🙂

Миыңның әлдебір қыртысында кезекті тақырыпты пісіріп жатқан боларсың...

Миыңның әлдебір қыртысында кезекті тақырыпты пісіріп жатқан боларсың…

Бірінші күнгі жазбаларға қатысты ойлар

  • Айттым ғой overqualified деп🙂 Автобустың маршрутын, кеткен сомасын сосын тауға шыққанда нақты не істеу керектігін қоса жазғанда. Бірақ жазба онсыз да – бүтін.
  • Метро суреттері үшін ғана 4 қойып отырмын. Ал былай алғанда өзекті емес. Трамвай туралысы қызығырақ. Суреттері әдемі. Жазбасына тереңдік жетіспейді + .5 ұпай
  • Хмм. Көктөбесін көріп, мүлдем төмен ұпай қойғым келіп отырған. Себебі бұл байқауда түсінуімше журналистика емес, блогшылық, субъективтілік көбірек болуы керек еді. Бала туралы сюжеттің де формасын өзгертіп бергенде осы байқау талабына сай келер ме еді. Ақбота – жақсы журналист. Көрініп тұр. Бірақ интернетшілер мұндай теле сюжеттерді ТВ-дан көріп үйренгендіктен, жеткізу формасын өзгерту керек сияқты.
  • Суреттерде көңілді эмоция бар. Жазбасында пайдалы бір ақпарат бар. Көшеттерде осы жерден алады деген. Бір стори қосу керек еді. 25 автобус туралы жазбасында “жауапсыз қалған” интрига бар. So What дегенге жауап жоқ. Ең болмаса, Еркінбек өзі осы оқиға туралы не ойлайтынын айта салмады ма? Еркінбек әлеуметтік желіде бар ма екен өзі?
  • Әжелермен биі ұнады. Блогшыны емес, адамды көрдім. Күшті!!!
  • Жазба аяқсыз. Терең ізденіс байқай алмадым. Бірақ жазба аудиторияны пікірлесуге шақырады. Кішкене ресмиліктен қашу керек пе еді. Проблеманы айта отырып, оны шешу жолын да ұсынса орынды. Метроға сурет қойған кім, ол неге осы суретті таңдады деген сұрақтар жауапсыз қалды…
  • Суреттерде композиция жоқ. Тек жай ғана кадрлар жиынтығы. Негізгі айтпақ ойын түсіне алмадым.
  • Сурет пен сөйлем ғана көрдім. Ар жағынан ой көре алмадым.😦
  • Кешіктіріп жариялағаны үшін ұпайын төмендетіп отырмын. Семіз 4-ке лайықты жазба!

Екінші күнгі жазбаларға қатысты ойлар

  • Тың дерек. Түсінікті тіл. Сарыөзек ерекшелігін жақсы ашқан.
  • Уақыттары тапшы екенін түсінемін. Асығыстық сезіледі. Ойлары аяқсыз. Оқырман үшін жұмыс істеп жүр. Ұнады. Инфографикасы тек инфографика үшін әзірленген. Нақты талаптары сақталмаған. Тек әдемі демесек, инфографика басқа ақпараттық жүкті көтеріп тұрған жоқ.
  • Тракторшының тақырыбы, әлеуметтік желідегі префейсы жақсы шыққан. Суретке түсіруді жақсылап пісіру керек. Осылай ресмиліктен қашқаны жөн. Елді мекен туралы көбірек әрі әртүрлі жағынан ақпарат берген.
  • Қызықты кейіпкер тапқан. Суреттері де әдемі. Легкий стеб сезіледі. Дүкеншімен жасаған сұхбаты шынайы шыққан. Өмір бар.
  • “Әлеуметтік жүгі бар. Ақпараттық стильде жазады. Блогқа тән ойнақылық жетіспейді.”
  • Шоқан туралы болып кеткен. Сарыөзек туралысы жалпы фактаж. Сары Парижі танымдық екен.
  • Позитиві ұнайды. Бір күні осы позитиві үшін бір ұпай көтермелеп қоятын шығармын.:)
  • “Сарыөзек туралы емес, Шоқан туралы болып кетіпті.😦
  • Пайдалылық коэфициенті өте төмен.

Үшінші күнгі жазбаларға қатысты ойларым:

  • Әлсіздеу. Эмоциямен алғысы келген. Ой бар енді. Бірақ ізденіс көргім келген.
  • Зарисовка жасаған. Видеосы ашылмады. Сюприз күтіп едім. Үштөбені тек бір қырынан көрсете алған.
  • Өте үлкен еңбекті көріп отырмын. Тек тілі сәл ресмилеу. Ізденісі ерекше ұнайды. Жұртқа блог ашуды үйреткені жүрегімді жібітті🙂
  • Цехтердің Үштөбедегі маңызына азырақ тоқталар ма екен деп алаңдап едім. Соңына қарай негізгі фокусына қайта оралыпты. Вокс поптан видео жетпей қалды. Бес қояр едім ғой!
  • Кейбір сілтемелері ашылмады. Негізі әртүрлі формада ұсынуға тырысқан екен.
    Ізденісі жақсы. Бірақ журналистік бағыты қатты сезіледі.
  • Қызықтыра алмады. Жазбасы әңгімеге, ойлануға шақырмайды.
  • Өсу бар. Тақырып жаман емес. Әлі де ізденіс жетіспейді. Форма мен контент жағынан.
  • Кітап туралы. Тақырып та, ой да ашылмаған.

пысы. Бір нәрсені анық түсінсең екен деймін. Мен қойған бағаны ар жағында “Елдің сенің жазбаң туралы пікірі біз ойлағаннан да жақсы болса екен деген” ниет жатыр. Сосын, Құдай үшін, жоғарыдағының бәрін заң емес, кеңес деп қабылдашы. Жарай ма?🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s