20150126_113418

Активиа зауытынан түртіп алған 10 ой


20150126_113439

“Айранды – кефир, ал йогуртты – ұйыған құрт” деп білетінмін. Активианы қалай жасап шығаратынын көрген соң, Алматыдан шығатын сүт өнімдерінің іші мен сырты әртүрлі болатынына көз жетті.

Өткен айда Алматы көшелерінде Danon компаниясының “Активиа классикалық” деген жарнамасын көрген боларсыз. Өзім анда-санда жолға шыққанда алатыным болмаса, қымбатсынып алмайтынмын. Оның үстіне Made in Kazakhstan дегендерге басымдық беретіндерденмін.

Активиа бізді зауытына шақырды. Қалаға жақын жерде орналасыпты.

Danon деген француздың Daniel-інің еркелеткен атауы екенін сол кезде білдім.

Зауыт ішінде техникалық қауіпсіздікке ерекше назар аударады екен.

20150126_111430

Аяқта – бахила. Үстімізде – халат. Кіре берісте қолымызды бес қайтара жуғызды. Алтыншысында спирт қосылған сұйықтықпен тағы жудық. “Қолдарыңды сүртпеңдер, өзі кебеді” деді бізді күтіп алған Жанна (суретте) есімді келіншек.

Сол Жаннаның аузынан мынадай қызықты деректерді түртіп алдым.

  1. Активиадағы сүт қазақтың суы мен шөбін жеген сиырдікі. Компания 250 шақырым айналасында орналасқан 12 шаруа қожалығымен келісім жасасыпты. Сүтті арнайы машинамен барып тек солардың сиырларынан алады.
  2. Қант та өзімізден. Активианы ішкен сайын Қостанай мен Шымкент бюджетіне аз-маз үлес қосамыз.
  3. Қалған қоспалар сырттан алынады. Мысалы, құрғақ сүт Белоруссиядан, биоферменттер – Польшадан, жеміс-жидектер Ресейден. Осы жерде намыстанып кетпеймін бе. “Құдай-ау, бізде өрік те, алма да, бидай да бар емес пе? Алыстан арбалап не көрінді?” деймін кішкене фғансузкий акцентпен. Сөйтсем, бізде байлық бар екен де ұқыптылық жоқ екен. Адам денсаулығына қауіпсіз екендігін білдіретін талаптарға жоқ екен. Мысалы, сол жемістерді жуып, тазалап сақтайтын, жеткізіп беретін арнайы зауыттар жоқ. Еуропейский сапаға сай болуы керек-мыс. Зауыт ашайын ба, әлде сиыр ұстайтын ферма ашайын ба деген әдемі бизнес ойдың құлағы қылтиды.
  4. Құрғақ сүт туралы. Кішкентай кезімде (сиырлар суалып, свет пен жылу жоқ кездер) қонақ келгенде шайды бұйралауға тиісті құрғақ сүтті ұрланып жеймін деп қатты ауырып қалғаным бар. Содан бері құрғақ сүтті жек көремін.
  5. Бифидобактерия. Жаттап алыңыз. Өте пайдалы фермент. Бұл бактериялар тамақтың жақсырақ сіңуіне септеседі. Антибиотик дегенді естіген шығарсыз. Антибиотик бактерияны өлтірсе, бифидобактерия бактерия өмір сүретін ортаны жандандырады. Дүниежүзінде бифидобактерияны патенттеп алған мекеме бар болса, ол осы – Danon екен.
  6. Кефир деген сұйықтау, ал айран деген қоюлау, әрі тұзы бар өнім екен. Мен үшін екеуі бір нәрсе болатын. Сөйтсем, айран деген сөз аударылмай қолданады екен.
  7. Йогурт. Йогурт алатын болсаңыз, шын иогурт өнімінде “Йогурт” деген жазу болуы керек. Заң соған міндеттейді. Кейбір қитұрқылыққа баратындар “Йогуртовый т.с.с.” деген сөз тіркесі кездессе, ол таза йогурт емес екен.
  8. Құрғақ сүтті кәдімгі табиғи сүттен жасайды. Бар болғаны сұйықтығын бөліп алады екен. Нәтижесінде сол өзіміздің сүтті құрғақ күйінде қалдырады. Табиғи құрғақ сүт дегеніміз сол. Құрғақ сүтті не үшін қолданасыздар десек, құрғақ сүт йогуртқа қою қалып береді.
  9. Колония түзетін бактериялар. Үйіңізде сүт өнімі бар болса, орамасын мұқият қараңыз. 10 (7 дәреже) Кое/г деген жазу тұруы керек. Бұл “біздің өнім онның жеті дәрежесіне дейін колония түзеуші бактерияларға кепілдік береміз” дегендері екен.
  10. Қантты көп мөлшерде тұтыну – зиян екенін білесіздер ғой. Сол қанттың мөлшеріне мұқият болу керек. Әдетте өнімдердің сыртында 100 г. өнімдегі қант мөлшері жазылады. Danon 6 граммның айналасында қосады екен. Соңғы шыққан балаларға арналған өнімдеріне мүлдем қант қоспайтын болыпты. Ер адам күніне 47 граммдай қант тұтынса, бұл тамақты қорытуға, сіңіруге жеткілікті екен. Сонда бір Активиа ішсеңіз қанттың бір күндік нормасын жедіңіз деген сөз болмақ.
Скетч. Активианың құрамы.

Скетч. Активианың құрамы.

Активианы қашан ішу керек? Бұған қатысты тағамтанушылардың пікірі екіге жарылыпты. Егер асқазаныңыз супер-пупер жұмыс істесе, тамақ алдында ішкен дұрыс десе, енді бірі “Бұның құрамында бактерия бар. Әрі қышқыл бөледі. Сондықтан дұрыс қорыту үшін тамақтан кейін ішу керек” дейді. Өзім екінші кеңесті құп алдым. Ал сіз мұндай кеңестерге назар аударасыз ба?

One thought on “Активиа зауытынан түртіп алған 10 ой

  1. Рахмет, Асхат, мақала үшін, осы өнім өзіме ұнайды🙂 Айтайын дегенім, біз жақта айран деген керісінше сұйық (buttermilk) келеді, ал кефир (қатық, curd) қою. Айран Әзербайжанда да, Германияда да “airan” деп, ал Индияда “buttermilk” деп сатылады. Curd – свежий болса қатыққа (кефирге) келеді де, 2-3 күндігі қаймаққа келеді. Өз түйгендерім🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s