“Шын жүректен” таңқалдыру


Алматының қым-қуыт тірлігі ешқашан соңына жеткізбейді. Кейде күннің бұлыңғыр болуы, кондуктордың әлдебір әдепсіз қылығы, дүкендегі азық-түліктің қымбаттауы т.с.с. майда-шүйделер көңіл-күйіңді құртатын кездер болады.

Қоғамды кінәлайсың, өзіңнен кінә іздейсің, әйтеуір “күйзеліс” деген жабысқақты жұқтырып аласың.

Сосын Жұма күні шүкір етесің. Іштей бір жақсылық жасауға ниеттенесің. Біреудің көңілін көтергің келеді. Шын жүректен. Бірақ оған да кейде бір нәрсе түрткі болуы керек болып жатады. Оны біреулер мотивация деп таниды. Мәселен, бір адам садақа салып жатыр, сен де садақа бересің. Өзің бірінші болып бастауға, бір нәрсе кедергі болып тұрады. “Біреу бастасын, сосын мен жалғастырамын” дейсің.

Кейбір ғалымдар мотивация болуы үшін “эмоция” керек деген пікірде. Құлазыған көңілді тек эмоция бұзып-жарады дейді.

Сондай бір жақсылықтың жаршысы болып жүргендер бар. “Шын жүректен” деген бағдарламаны көрген боларсыз. Өзің де біреуге “сюрприз” жасағың келіп кетеді.

“Шын жүректен” деген бағдарламаны бір үйге қонаққа барғанда байқап қалдым. Шетелдік бір леп сезіледі. Қойылымнан, кейіпкерлердің сөйлеуінен, оператордың жұмысынан. Басында жасандылық па деп ойладым. Себебі үйреніп қалған бір сарынды кадрлар емес, мұңлы адамдарды емес, қуанып жүрген, армандап жүргендерді көресің.

“Шын жүректен” бағдарламасы қай елдің бағдарламасының негізінде (бәлкім, көшірме емес те болар) жасалатынын білмеймін. Бірақ сценарийді табу, кейіпкерге білдірмей “сюприз” жасау оңай емес.

Көріп отырған көрерменге соңында бәрі де жақсы болатынын іштей сезіп тұрсаң да, қуанған кездегі эмоциясын көру үшін соңына дейін қарап отырасың.

Армандар орындалуы керек. Адамдар армандай білуі керек. Армандай алмайтындарды ұнатпаймын. Әсірісе біздің қоғамда.

“Шын жүректен” бағдарламасы әлдебір адамға қуаныш сыйлауға себепші болып жатқаны, әрі өзгелерді де жақсылық жасауға шақырып жатқаны қуантады.

“Шын жүректен” Жұма күні кешке көрсетіледі.


p.s. Медиа өнім жүрекке әсер етуі үшін бірінші кезекте фокус болуы керек. Екіншісі сюрприз элементі болуы тиіс. Үшіншісі – кейіпкер. Төртіншісі оқиғаның логикалық бір құрылымы болуы шарт. Зер салсаңыз “Шын жүректен” бағдарламасында бұның бәрі бар.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s