"Қазақстан Дауысы" шоуына қатысушылар

Студентім өз кейіпкерін “Қазақстан дауысынан” тапты


“Сәлеметсіз бе, ағай?! Халыңыз қалай? Тапсырмаңызды орындадым. Жасаған жұмысым көңілімнен шыққан жоқ. Бұдан да күшті жасауға болатын еді”.

Сулейман Демирел Университетіндегі студенттерімнің жолдайтын хаттары әдетте осындай сөйлемдермен басталады. Үй тапсырмасын жақсы орындаса да “көңілімнен шықпадымен” бастайды. Сенбі күндізгі сағат 12.00-ден кешіктірмей студенттерім үй тапсырмасын жолдауы тиіс. Бұл – дедлайн (deadline – ағылшын тілінен тура аударғанда “өлім сызығы” дегенді білдіреді. Тапсырманы өткізудің ең соңғы мерзімі деген сөз).

Бұл – өткен семестрде “Audio Storytelling” деген курсымда оқыған Айгерім Табылдиева деген студентімнің үй тапсырмасы. Видеода өткен аптада “Қазақстан Дауысы” жобасына қатысқан Айдана Риза деген әншінің ойы баяндалады. Студентімнің тапсырмасы (орыс бөлімінде оқығандықтан орыс тілінде жасалды) “сюрприз” элементімен есімде қалдырды. Себебі слайдкастың бас кезінде кейіпкерінің нақты кім екені айтылмайды. Алпысқа жуық үй тапсырмасын қарап отырғанда “Соңы не болды екен?” дегізетін осындай жұмыстар ұнайды.

Басты мақсат – “құрғақ ақпарат” жеткізу емес, мультимедиада оқиғаны әлдебіреуге әңгіме айтып отырғандай (stroytelling) немесе кейіпкердің өзі әңгімесін тыңдап отырғандай әсер қалдыру болатын. Әрі көрерменге ұнау үшін ішіне сюрприз элементін қосу керек.

Бәрі мінсіз дей алмаймын. Студенттеріме қателесуге үнемі мүмкіндік беремін. Күрес үйірмесіне алғаш барғандардың есінде бар болар. Алғашқы жаттығулар кілемге қалай құлау керектігін үйретуге арналатын.

Университет табалдырығын енді аттаған студентке кейіпкер табу, дұрыс сұрақ қойып, оны сапалы жазу, оқиғаны қызықты жеткіздің концепциясын жүйелеп, визуалды контентті қолдана отырып, монтаж жасау – оңай шаруа емес. Теледидарда бұл істің әрқайсысын жеке-жеке кәсіби мамандар жасайды. Университетте студенттерге осы қадамдарды өздеріне жасатқызуға тырысамын.

Сондықтан студенттерімнің апта сайын жолдайтын тапсырмаларынан бірінші кезекте “Тұтас концепцияны түсіне алды ма, оқиғаны сезіне алды ма, жеткізе білуде шынайылығы бар ма…” деген “іш пыстыратын” сауалдарға жауап іздеймін.

"Қазақстан Дауысы" шоуына қатысушылар

“Қазақстан Дауысы” шоуына қатысушылар


Студентім “Армандай білу, арманға қол жеткізу” деген тақырыпта өзгелерге ой салу үшін осы кейіпкерді таңдапты. Кейіпкерді таңдау, оның оқиғасын жүйелеу, сөйлету, монтаж жасап, тұтас ойды жеткізетін дүние жасап шығару оңай көрінуі мүмкін. Шындығында үлкен бір “шығармашылық процесс”.

Слайдкастта Айгерім кейіпкерінің арманы не екенін біраз уақыт жасырып ұстайды да, біраз уақыттан кейін арманы не екенін, әрі өмірде күтпеген жеңістің болатынын, бұл адамға қанат бітіретінін жақсы келтірген. Айгерімнің бұдан өзге де жақсы жұмыстары бар. Бұйыртса, студенттерім үйретілген нәрсені ұмытып қалмай, әрі қарай дамыта түседі деген үмітім бар.

P.S. Өткен аптада “Қазақстан дауысын” көріп отырып, студентімнің өткен семестрде маған жолдаған үй тапсырмасы есіме түсті. Бүгін – жексенбі. “Қазақстан дауысында” өзгелерге армандарына қол жеткізуге ой салатын бірнеше кейіпкер сахнаға шықпақ. Бәріне де сәттілік тілеймін! Студенттеріме де!!!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s