stat

Сайттардың статистикасы: Beeline, Tele2, Kcell, Activ және Altel


Бұл жазбада Қазақстандағы мобильді операторлардың сайттарын салыстырмақпын. Дәлірек айтқанда кейбіреулер мойындамайтын Alexa сайтындағы деректерін салыстырдым. Alexa-да “накрутка” жасауға болады дегенді оқығаным бар. Сондықтан мұндай “счетчиктерге” қатысты пікірлер қашан да дауға толы.

Төменде Alexa.com сайтындағы бес сайттың мәліметтері негізінде шығарған есебімді көріп тұрсыз.

stat

Beeline

1. beeline.kz Рейтингісі 40 128. Қазақстан бойынша 105-орында.

Beeline логосымен ерекше сияқты. Әйтеуір тез есте қалады. Байқауымша бұл оператор тек белгілі бір өңірлерде танымалдылыққа ие тәрізді. Сайттары техникалық тұрғыдан өте жақсы әзірленген.

Сайттың ашылуына 2.05 секунд кетеді. Баяу деген сөз. Көбінесе жұрт “скорость интернета”, “личный кабинет” деген сөз тіркестерін теру арқылы табады. Интернет қызметіне сұраныс күшті деген сөз.

Tele2

2. tele2.kz Рейтингісі 58.201. Қазақстан бойынша 194-орында.

Tele2-ге ауысқаныма екі айдай уақыт болды. Шынымен ақша үнемделеді екен. Маған “Супер+” деген тарифіндегі ай сайын 90 минутты тегін беретіні ұнайды. Мен тәрізді аз сөйлесетіндер үшін қолайлы. Бірақ бұндай арзаншылықтан компания қандай табыс тауып жатыр екен деген сұрақ ойландырады. Әйтеуір күндердің күнінде қымбаттатып жібермей, “Арзан” деген сөздеріне адал болса деймін.🙂

Сайттары 1.171 секундта ашылады. Жылдам ашылады деген сөз. Адамдар tele2.kz сайтын “Пополнить баланс tele2” деген кілтсөзбен іздеп табады.

Altel

3. altel.kz Рейтингісі 95 577. (Alexa Traffic Rank сайт танымалдылығын шамалайды. Бұл сан үш ай көлемінде бір күнде сайтты қарағандар мен оқырман санының орташа көрсеткіші негізінде анықталады)

Басқа қаланы білмедім, бірақ Алматыда Altel жарнамасы жақсы жүрді. Ең қымбат жарнамалық орындарды ұзақ уақыт ұстап тұрды. Біраз достарым осы мобильді оператордың қызметіне көшкен. Жұрт mifi модемдерін мақтайды.

Сайттың ашылуына 0.783 секунд кетеді. Өте жылдам ашылады. Жұрт көбіне бұл сайтты интернетте Samsung mogg, Altel личный кабинет деген кілт сөздерді жазып, табады.

Activ

4. activ.kz Рейтингісі 85 780. (Alexa Traffic Rank сайт танымалдылығын шамалайды. Бұл сан үш ай көлемінде бір күнде сайтты қарағандар мен оқырман санының орташа көрсеткіші негізінде анықталады)

Ең алғашқы нөмірім осы Activ болған. Қазір нөмірім шаң басып, қағаздарымның арасында жатыр. 880 теңгелік тариф шыққан соң, “Үнемдейтін мүмкіндігім болса, ысырапқа салынудың керегі не?” дедім. Оның үстіне Activ-тің соңғы ребрендиктерін онша түсіне алмадым. Бір білгендері бар шығар.

Сайттың ашылуына 3,305 секунд уақыт кетеді. Бұл баяу ашылады деген сөз. Яғни, ол ашылып үлгергенше интернетшілер басқа сайтқа ауысып кетулері оңай.

Kcell

5. kcell.kz Рейтингісі 98 268. Бұл сайтты қарайтындардың дені әйелдер (Confidence: low).

Kcell қызметін ешқашан қолданып көрмеппін. Шамасы көпшілік таныстарымның аузынан “Ең қымбат байланыс” дегенді көп естігендіктен, сол стереотипті жеңуім қиын болса керек. Бірақ тарифтерін салыстырып көрсеңіз, басқаларға қарағанда қымбаттау екені бірден байқалады.

1.739 секундта ашылады. Ашылу жылдамдығы: орташа.

Пысы. Өткенде Facebook-тегі достарымның бірі “Ең үздік сайт қайсы?” деген тәрізді сауал қойыпты. Өз басым “Ең, ең…” дегендерді ұнатпаймын. Себебі “Ең үздік” деген дүние шартты атау деп қабылдаймын. Әлдебір сайтты ең жақсы деу үшін оны қандай критериймен анықтайтынымызға келісу керек. Ал адамдардың жақсы бір нәрседе ортақ келісімге келуі қиын.

Мәселен, біреулер үшін жақсы сайт – оқырманы көп сайты. Ал біреулер: “Бұл аздық етеді. Сыртқы келбеті де келісті болуы тиіс” деп санайды. Біреулер: “Ішіндегі ақпараты өзінікі, әрі жиі жаңаланып, пайда түсіріп тұрса болғаны” деген пікірде. Қысқасы, ең жақсы сайт дегенді сұраса: “Қандай критерийге сүйеніп айтып отырсыз” деп нақтылағанымыз жөн болар.

2 thoughts on “Сайттардың статистикасы: Beeline, Tele2, Kcell, Activ және Altel

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s