23-29 қарашадағы жағдай, 2014

Google Trends 2014: Altel, Beeline, Kcell және Tele2 туралы


Осындай “ойыншықтарға” не үшін қызығатынымды өзім де кейде түсінбеймін. Білмеймін. Мектепте алгебра мұғалімім Баян Аюповна: “Еркімбаев, есепті шешудің оңай жолы тұрғанда сен үнемі күрделі жолды іздейсің” деп ескертуші еді. Маған сол күрделі есепті шешудің қызықты сәті, тәтті дәмі ұнайтын.

Google Trends те солай. Былай қарасаң түк емес. Ал да өзіңе қызық көрінген сөздерді жазып, қайсысы трендте екенін қарап шық. Бірақ маған мәліметтердің ар жағындағы оқиға қызық. Сандардың артындағы дүниені санаңда қайтадан құрастырып, талдаған ұнайды.

Биылғы жылы мультимедиа бойынша өңірлерде бірнеше тренинг өткіздім. Google Trends-ті де таныстырған едім. Жыл соңында осы құралға мысал болсын деп бір кейсті алып қояйын деп шештім.

Қызық үшін Google Trends-ке еліміздегі мобильді операторлардың атауын енгізіп отырмын.

Google Trends қалай жұмыс істейді? Google Trends белгілі бір уақыт аралығында сөз Google-да қанша рет ізделгенін көрсетеді. 

Google Translate-ке Altel, Beeline, Kcell және Tele2 деп жазғанда төмендегідей әдемі кестені көрсетті. Керемет, ә? Бір демде әдемі графика, анализ әзірлеп береді. Сәл түсінбей қалсаңыз, тарқатайын.

Бұл кесте Қазақстандағы Интернет қолданушылар Google іздеу жүйесі арқылы 2014 жылы мобильді операторлардың атауын қалай іздегінін көрсетіп тұр.

 "Data Source: Google Trends (www.google.com/trends)."

“Data Source: Google Trends (www.google.com/trends).”

Beeline сөзін жыл басында басқаларға қарағанда жиі іздегенімен, күзге қарай тренд өзгерген.

Жаз кезінде Интернет қолданушылар арасында Beeline туралы ақпарат іздеушілер сәл саябырсып, Altel-ды көбірек іздеген. Бәлкім, Altel арнайы бір тариф енгізіп, жұрт сол туралы ақпарат іздеген шығар.

Қызықтың көкесі күзде екен. Қыркүйектен бастап динамика күтпеген мінез көрсетіп тұр. Tele2-нің Жарнама шайқасы деген атпен етсе қалған кезең еді. Tele2 бәрін қалың ұйқыдан оятты ғой🙂

Қыркүйек пен қарашада көк жолақты Altel өзінің жаңа өнімін таныстырғандықтан болар, осы сөзді көп іздеген. Tele2 операторының 880 теңгелік тарифін ұсынған кезінде де ақпарат іздеушілер көбейген. Төменде өзімен өзі жүрген жасыл жолақты Tele2 сызығы бірден таудың шыңы тәрізді үшкірленіп кеткен.

Дәл қарашаның 23-29 аралығында Интернет қолданушылар арасында үш мобильді операторды ерекше іздегенін (Beeline, Kcell, Tele2) көріп тұрған шығарсыз. Биылғы жылғы іздеудің ең жоғарғы көрсеткіштері сол кез.

23-29 қарашадағы жағдай, 2014

23-29 қарашадағы жағдай, 2014

Қарашаның соңғы аптасында не дүрлігіс болғанын білмеймін. Бірақ мобильді операторлдың әлеуметтік желілерін шолып шықсам, осы аралықта көбісі жаңа тарифтерін ұсыныпты. Яғни, қыркүйекте басталған. Яғни, Tele2-нің “жарнама шайқасының” салдарын Интернеттен қарашада анық байқап отырмыз.

Енді жұрт бұл сөздерді немесе брендтерді Google-дан көбіне қандай сөз тіркестерімен, сөздермен іздейтінін көрелік. Төменде әрбір брендтікін көрсетіп отырмын.

altelwords

 

Altel. Көбінесе интернет модеміне қатысты ақпаратты іздепті. Әрі бұл орайда алматылықтар көп іздегені байқалады. Бұл түсінікті де. Себебі Altel бірден өңірге тараған жоқ. Сосын “личный кабинетке” сұрау салған. Бұл – интернет қостырған адамдар көбіне Wi-Fi-ға ат қойып, төлем жасайтын баптаулары орналасқан жер.

beeline

 

Beeline. Бұл жерде де көбіне мобильді интернет туралы іздеген. “Личный кабинетке” кіру үшін гуглдатыпты. Сонымен қатар Beeline тарифтері туралы да сұрау салған. Бұл жерде де алматылықтар белсенді.

kcell

 

Kcell. Тағы да Алматы бірінші орында. Жұрт көбінесе тікелей кеңселерін іздепті. Сосын kcell-дің iphone ұсынатын бір жобасын жазда байқаған едім. Соған көп қызыққан тәрізді. Kcell-дің қызмет көрсету орталықтары туралы ақпаратты көбірек іздегені қызық көрініп тұр.
tele2tarif

 

Tele2. Алматылықтар іздеген. Негізге екпін бұл жерде де интернет туралы. Әрі Tele2 тарифтеріне ойысқан. Сөзсіз Tele2 өзінің 880 теңгелік “Супер+” тарифімен көп адамды елітіп отыр. Сосын бір қызығы мобильді операторлардың тарифтерін таныстырғанда оларды түсіну үшін шынымен сайттарына кіріп, асықпай барлығын түсіну керек. Шамасы сол үшін іздеген болар.

Қысқаша түйін жасар болсам, биылғы жылы мобильді операторлардың тренді бір қалыпты басталған. Жыл басында Beeline-ды өзгелерге қарағанда көп іздеген. Бірақ күздегі Tele2-нің “тентек мінезінен” кейін, нарықта жаңа тарифтер пайда болып, өзге мабильді компаниялар туралы ақпарат іздеу күшейе түскен. Бәлкім, жұрт тарифтерді салыстырғысы келген шығар. Нәтижесінде бұл Google-да Tele2, Kcell және Beeline туралы көбірек ақпарат іздеуге алып келді. Әсіресе, жұрт мобильді тарифтердегі интернетке қызыққан. Компаниялар жаңа тарифтерін ұсынған сайын сол туралы ақпаратқа инетшілер жиі сұрау салады екен.

Өкініштісі, Google маған көбіне орыс тіліндегі трендтің нәтижесін көрсетті. Бұл қазақ тілінде ақпарат аз ізделгенін білдіре ме, әлде Google қазақша бұл сөздерді назарға алмағанын білдіретінін анықтай алмай отырмын. Ал сіз қалай ойлайсыз?

4 thoughts on “Google Trends 2014: Altel, Beeline, Kcell және Tele2 туралы

  1. қазақша ақпарат аз іздегенін көрсетеді деп ойлаймын.
    егер қазақша іздеу көп болса, онда гуугл назарға алатын еді
    Ал, Теле2-ға респект, сол оператордың клиентімін, ренішім жоқ,
    Қазақстандағы басқа операторларды орындарынан қозғап, дірілдеткен сияқты🙂
    неге Activ жоқ. Activтің клиенттері көп ғо, және олардың дені қазақша адамдар деп ойлайм:)
    енді шымкентте тұратын болған, соң шымкенттегілердің дені актив қолданатынын айтқым келген
    активтің өз логосын ауысуы адамдарды қызықтыра алды ма екен? әйтеуір, сұрақ-жауап.кз те осы актив логосының ауысуы біраз қозғалды,🙂

  2. одан кейін, осы mail.ru іздеу жүйесінің трендті анықтайтын сервисі бар ма? Зеро.-кзтің статистикасына сенсек, қазақстанда интернет қолданушылардың қазнеттегі сайттарға іздеу жүйелерінен келуі бойынша, дәл бүгін 27-12-2014 күні 39 пайызбен поиск mail.ru көш бастап тұр. Ал, гуугл іздеу 27-28 пайыз шамасында. Интернет пайдалану сауаттылығы төмен аудиторияның басым бөлігі қазақша адамдар деп ойлағандығымнан, бұл поиск mail.ru-ды қолданатындардың дені осы қазақша адамдар сияқты,
    мұны да ескеру керек,

  3. Сонымен,activ-ті гуугл трендке салып көрдім
    1. Жалпы GSM Kazakhstanның екі тауар белгісіне де апат келген сықылды, екеуі қатар келіп, қата түсіп жүр әйтеуір:

    2. Іздейтін өңірлерден Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстары алда

    Бірақ, қалалар бойынша Антоновка деген жер алға шығып кетіпті, Шымкент мүлдем жоқ.

    3. Алайда, мұнда да қазақша іздеп жарытпайды екен,
    my activ пен activ center-ді іздегендер ығып жатыр

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s