СҮЙІНШІ! Google Translate-ке қазақ тілі қосылды


Google Translate Kazakh
Google аудармашысы қазақша сөйлейді. 11 желтоқсан күні Google Translate-ке қосымша 10 тіл қосылды. Сөйтіп, Google роботтары енді Интернеттегі мәтінді 90 тілге аудара алады.

Google қызметкерлері ресми блог жазбасында:

“We’ve received strong support from Kazakh language enthusiasts, and we hope to continue collaborating with the local communities in the region to add even more languages in the future, including Kyrgyz”

“Қазақ тілін қолдаушылар тарапынан үлкен қолдау таптық” деп ерекше атап өтіпті. Орталық Азия елдері тілдері ішінен Тәжік пен Өзбек тілдері де қосылған. Қырғыз тілі таяу арада қосылады деген үміт бар.

Google аудармашысының көмегіміне енді Интернеттегі дүниені қазақ тілінде тікелей түсінетін күн туды. Мысалы, енді New York Times-ты қазақша оқи аласыз.

nytimes

Facebook-тегі достарым бұл жаңалыққа қуанып, сүйінші сұрап жатыр.

Бір айтарым, Google-дағы аударманы арнайы программа жасап отырады. Сондықтан аудармада қателер болады. Ол қателерді өзіңіз қарындаштың суретін басып, түзетіп отырсаңыз, аударманың сапасы артуына үлес қосасыз.

Google Translate-ке қазақ тілін қосу үшін арнайы екі тілдегі тіл корпусы қажет болған еді. Сол үшін әуелі Wikipedia-ның қазақша контентін байытып, осындай тіл корпусын жасауға үлкен үлес қосқан Wikibilim және Bilim Media Group ұйымындағы Рауан Кенжеханұлы бастаған топқа үлкен алғыс айтуымыз керек!!!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s