Тараз. Телефон. Тренинг


Тренингтеріме студенттерімді ертіп апармайтынмын.

Бұл жолғы Таразда өткен тренингке үш студентімді ертіп апардым. Сүлеймен Демирел Университетінде оқиды. Бір жағынан басқа қаланы көрсін дедім, екіншіден универден тыс жағдайда мультимедиаға қатысты білгендерін қолданса деген ой туған. Үшіншіден, халықаралық деген мәртебесі бар тренингке қатысып жатса, кейін бір кәделеріне жарап қалар деген ой болды.

Тараздағы тренингтен кейін студенттеріме қалаға шығып тұрғындардан сауалнама жинауға тапсырма бердім. Тақырыбын “Тараз тұрғындары қандай мобильді байланыс қолданатыны, айына қанша жұмсайтынын білу” болды.

Сауаланмаға қатысқан тараздықтардың кейбірі екі оператор қызметін қолданады екен. Шағын қаланың тұрғындары асығыс болғанымен бәрі бірдей жауап беруге келіскені қуантты.

Таразға бара қалсаңыз Айша Бибі мазарына, Тектұрмас баба кешендеріне баруға кеңес беремін. Көнеден сақталған ғимараттар талай сыр ақтарады екен.

 

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s