Ақылды тұтынушы мен “тентек” оператор


Қазақстанда бизнес жасап жүрген шетелдік мамандармен сұхбат құруды бұрыннан ойластырып жүргенмін. Достарыммен шағын бизнес бастап жатқан соң шетелдіктер тәжірибесі қызық. Әсіресе, үлкен компаниялардың ұзақ мерзімдік жоспарлары, бәсекелестермен қарым-қатынасы, маркейтинг тәсілдері т.с.с.

Tele 2 басшысымен кездесудің сәті түскен соң, Tele2 Қазақстан компаниясының басқарма төрағасы Пиетари Кивиккодан “Сіздер туралы басқа мобилді операторлар не ойлайды?” деп сұрадым. Себебі Tele2-нің маркетингтік қылықтары “тентек баланы” еске түсіреді.

Ағылшын тіліндегі сұхбатты жоғарыдан тыңдай аласыз.

Сөздерді түсіну қиындық тудырса, аудармасы мінекей:

Сіздер туралы басқа мобилді операторлар не ойлайды?

– Нарықтағы басқа ойыншылар біз тәрізді бағаны төмендетуді көздейтін бәсекелестің  келгеніне қуанбайтын шығар. Әрі сөзсіз біз нарықтағы бағаны түсіріп жатырмыз.

o0nscZ301Xp3D607wz64wI8GmRs75w
Қазақстанға барып жұмыс істейтініңізді білген кезде ең бірінші не туралы ойладыңыз?

Алғаш рет бұл жоба туралы естігенімде бұның ұзақ мерзімге созылатынын бірден білдім. Себебі жаңа телекоммуникациялық нарықты қалыптастыруға бірнеше жыл керек.

Негізгі тұтынушыңыздың келбетін сомдап беріңізші?

Біздің негізгі тұтынушымыздың жасы отыздан төмен. Ақылды адам. Ол көп ақша жұмсамай өзінің қалағанына қол жеткізетін жан.

Сіздердің бизнес стратегияларыңызда қазақ тілінің орны қандай?

Әрине біздер барлық мәліметтерді екі тілде бірдей ұсынамыз. Болашақта аймақтық ерекшеліктерді ескеріп, қазақ тілінде контентіміз көбейе түседі деп ойлаймын.

Қазақстандағы жас кәсіпкерлерге қандай кеңес айтар едіңіз?

  • Қазақстан көптеген мүмкіндіктер ұсынады.
  • Жоспарды алысқа бағдарлап құрудың маңызы жоғары. Қысқа мерзімде жеңіске жетемін деп үміттенудің қажеті жоқ.
  • Бизнесті мықты, жақсы іргетастың негізінде қалау керек.
  • Сабыр сақтау керек. Себебі кедергілер міндетті түрде кездеседі 

p.s. Шетелдіктердің Қазақстанға келіп бизнес жүргізуден қорықпайтыны ойлантты. Ал сіз жеке бизнес жүргізу туралы ойланып көрдіңіз бе?

2 thoughts on “Ақылды тұтынушы мен “тентек” оператор

  1. Теле2 ойлап жүр едім өтсем бе деп. Бірақ білмеймін, 3 нөмір ұстаған тиімді бола ма? Өйткені онсыз да екі оперторда екі нөмірім бар.
    Айтқандай, жоғарыдағы сурет өтірік болуы керек, яғни соңғысы тек фотошоп деп оқып едім🙂

  2. Теле2 кәдімгідей арзан, қолданып жүрміз, соңғы рет бірлікті қашан салып едім деп ойланатаын боппын🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s