Өзің ізде


Ақпараттық технологияға қатысты өзім үшін маңызды деп тапқан үш жаңалықпен бөліскім келіп отыр.

1. Google inbox

Google қызметкерлері үнемі ізденіп жүреді. Тоқтамайды. Google кеңсесінде болғанымда бұған көзім жеткен. Шығармашылықпен айналысу үшін барлық жағдайды жасаған. Мысалы, бір қызметкер кеңсе ішіне палатка құрып соның ішінде жұмыс істеп отырса, көрші кеңседе біреу шағын бассейнде жаттығып жатты.

Осындай шығармашылық атмосферадағы қызметкерлер поштаның ішіндегі пошта деп аталатын inbox жобасын бұқараға таныстырды.

inbox деп аталатын пошта қызметі аплликейшндерден келетін мәліметтерді басқаруға көмектеседі-мыс. Әзірге тек шақырту бойынша тіркеле аласыз. Өзіме шақырту келген жоқ (осы аптада келетін шығар деп күтіп отырмын).  Сондықтан mashable-ден оқығанымды жазып отырмын.

inbox келіп, gmail күні қараң болар ма десем, олай емес екен. Бұл қосымша аппликейшн ретінде түсіну керек делінген. Не де болса, бір өзгеріс бар. Google жасаған дүниенің бәрі бірдей жақсы деуге келмес. Мәселен, buzz қызметі өзін ақтамай, тоқтап қалса, Google Reader-ді өздері жапқан еді.

2. Smipe.me

 iStartup.kz деген жоба бар. Интернетке қатысты бизнес идялармен “ауырып” жүргендердің алаңы. Белгілі бір уақыт аралығында шикі жобаны “пісіріп” бизнес тұрғысынан пайда әкелетіндей практикалық кеңестерін береді.

Сол полигонда “пісіп” жатқан жобаның бірі – smipe.me. Қаладағы іс-шаралар туралы хабардар болғысы келетін, қосымша тиын істеп, ақша тапқысы келетін, жұмыс іздеп жүрген журналистерге, қолынан жазу-сызу келетіндерге арналған. Сайтқа тіркелген соң, іс-шаралар туралы ақпараттар келеді. Өзіңіздің профайлыңызды толтырасыз. Жұмыс іздеуші сізді өзі іздеп табуы мүмкін.

Өзім де қызық болсын деп тіркеле бастап едім, бірақ телефон нөмірді енгізетін жерге келгенде тоқтап қалдым. Сосын келісімшарттарын шолып шығып едім, аккаунтты қалай өшіретінін жазбапты. Әрі менің мәліметтерім әрі қарай қалай қолданатынын анық емес. Сондықтан тіркелмедім. Бәлкім басқа біреуге пайдасы болып қалар ма дегенім ғой.

Негізі қазір бизнесте тұтынушының мәліметтерінен бизнес жасау (телефон нөмірі, жиі қолданатын сайттары т.с.с.) стратегиясы, яки Дата-бизнес өркендеп келеді. Бұлар да сондай бір жолды таңдаған шығар деп ойладым.

Не де болса, жобаларына сәттілік тілеймін. Болашақта қазақша да ақпарат ұсынатын шығар деп үміттенемін.

3. Radiotopia

Америкадағы ғылыми жетекшім радионы ғылыми тұрғыдан қарастыратын ғалым еді. Сынықтан басқаның бәрі жұқпалы дейтін бе еді… Ал маған жаңа медиа дәуіріндегі радионың трансформациялануы қызық. Қазақстанда радионың дені музыка есебінен нәпақа тауып отыр ғой. Шетелдің радиосы әлі де болса, ақпаратын, аналитикасын жақсы береді.

radiotopia деген жобаны айтпас бұрын Kickstarter туралы айтуым керек. Ағылшынтілді интернетте адамдар өздеріне ұнаған жоба әрі қарай өмір сүрсін десе, қалтасынан $ 1 (183 теңге айналасында) шығаруға дайын. Kickstarter-ге тіркеліп, адамдар өз жобасына ақша не үшін керек, қалай пайдаланатынын, не үшін ақша сұрап отырғанын жазады.

Radiotopia интернетте өз бетінше радиобағдарлама жасап жүрген әртүрлі адамдардың қосылып, ортақ бір жоба аясында бас қосуы десе болады. Сайттарында әртүрлі адамдардың бағдарламасын тыңдай аласыз. Өткен аптада олар өздері межелеген 250  мың долларды жинағанын (сомалары тіпті асып кетті) енді емін-еркін жұмыс істеуге дайын екенін хабарлады.

Жеке өз басым бұны wikipedia-ның аудио нұсқасына ұқсатып отырмын. Аудионың интернеттегі ғұмыры қандай болар екен деуші едім. Ниеттес адамдар бірігіп, ортақ жоба жасап жатқаны қуантты. Түбі бізде де көпшіліктің қаржылай көмегімен осындай жобалар пайда болатын шығар.

p.s. Өткен аптада codeo-дағы жігіттер ozinizde деген ойыншық-сайт жасапты. Шымшымасы бар екен. Сауатсыз адамды сауаттандырудың бұл да бір жолы болар. “Соны да білмейсің бе?” деп ұялтып үйретеді. Тексеріп көріңіз!

One thought on “Өзің ізде

  1. Асеке, қал-жағдайыңыз жақсы ма, үй-ішініз аман ба?
    Жаңалықтың артын бағып, өзгерістер жайлы Сіздің хабарлағаныңызды күтеміз.
    Құрметпен Нұр-Кенже!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s