Балаларға сурет салуға арналған аппликейшн


Ғайнидің электронды картинасы

Ғайнидің электронды картинасы

Өткен аптада “Ұландағы” Ботагөз Икрамова хабарласты. “Ағай, балалардың гаджеттердің қолдануына қатысты сауалнама жинап жатыр ек” деді. Ботагөзді студент кезден білемін ғой. Сондықтан пікірімді бұрмаламай жариялайтынына сенімді болған соң, ойымды жазған едім.

“Технологияға тәуелдісің бе?” деген атпен жарияланған мақалада бірнеше танымал адамдардың пікірі беріліпті. Барлығы дерлік “гаджеттерді балаға беру керек, тек нормасын білу керек” деген ойдың айналасында пікір айтқан.

Мен де солардың арасында Ғайнимен бірге Kindle-мен сурет саламыз деп айтып қалып едім. Мынау сол Ғайнидің Kindle-да салған суреттерінің біреуі ғой. Бәлкім басқа ата-аналарға да пайдалы болар деп біздің Kindle-дағы апликейшн туралы айтпақпын.

Апликейшннің аты Kids Doodle деп аталады. Егер сіз менің блогымды Android құрылғымен оқып отырсаңыз, тікелей сілтемені басып, орнатып алсаңыз болады. Тегін.

Ұнағаны бала сурет салады. Қағаз қарындашты кішкене ұмыта тұрады. Қабырғаңызда “Шимай 1”, “Шимай 2” деп аталатын балаңыздың жаңа туындылары пайда болмайды (Біз тәрізді пәтер жалдайтын болсаңыз, бұның өте маңызды екенін түсінген боларсыз)🙂 Дудлда түстерді таңдап, сурет сала алады немесе дайын тұрған бір суретті бояуға болады. Сосын сурет салып отырғанда әлгі сызықтар жарқ-жұрқ етіп жанады. Қағазға сурет салғаннан айырмашылығы осында. Баланың матарикасына да пайдалы болар деймін. Себебі саусағының ұшымен сурет салады.

Бұдан басқа да интернетте балаларға арналған қонданбалар көп екен. Мына жерде Best Apps for Kids деген арнайы сайт та бар. Бәлім, өзіңізге ұнағанын табарсыз. Немесе өзіңіз қолданып жүрген жақсы бір apps-ті білсеңіз бізге де айта отырыңыз.🙂

 

 

2 thoughts on “Балаларға сурет салуға арналған аппликейшн

    • Android негізінде жұмыс істейтін құрылғының бәрінде болу керек.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s