“Мінбер” тренингімен Қызылордаға келдік


This slideshow requires JavaScript.

“Мінбер” ЮНЕСКО-ның тренингін өткізу үшін Қызылордаға келді. Осымен үшінші рет келіп отырмын. Бұл жолы қаланың орталығына жақындау жерге орналасыппыз. Қатысушылардың ішінде Қазалы мен Аралдан келгендер де бар.

Қызылордада қазақша басылымдар көп. Жеті аудан болса, әр ауданда кем дегенде екі, кейбірінде үш қазақша газет бар. Журналистер өзара пікірлескенде “Әлі де болса, облыстағы журналистер арасында ынтымақтастықты арттыратын шаралар керек” деп жатыр.

Интернет журналистикаға қызығушылық өте жоғары. Бірақ облыстағы редакциялардың бәрінде бірдей wi-fi бола бермейді екен.

Журналистер көбіне газеттің дизайны туралы көп әңгімелейді. Соңғы кездері өңірдегі басылымдарда көп талқыланған тақырып – “Бекежан мен Төлеген”. “Қыз Жібек киносындағы тарихи шындық бұрмаланған” деп санайтындардың пікірін жиі естідім.

20140925_165644

…Ал қала күннен күнге құлпырып келе жатыр. Қаланы аралап жүргенде Астаналық леп сезіледі (аялдамалары, көшеге ұлттық зергерлік бұйымдарды қою, петуниялар. Сосын қаланың дамуы да өзеннің екі жағалауына бөлініп салынып жатыр. Жаңа қалада бір көшенің бойында үш мектеп қатар салынған екен: Қазақ-Түрік лицейі, Назарбаев Зияткерлік мектебі және жергілікті лицей мектеп. Мектеп оқушылар бір-бірімен бәсекелесіп оқитын шығар. Жалпы қалада оқу орындары көп екен. Қызылорданың әдемілігі де осында тәрізді. Студент-жастар, оқушылар көп. Бүгін аквапарк ашылады деп жатыр.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s