Tele 2 кеңсесінен көрнекі сурет

Телефон нөмірің кімнің атында?


Tele 2 кеңсесінен көрнекі сурет

Tele 2 кеңсесінен көрнекі сурет

Айттым ба, айтпадым ба, біз офис ашқанбыз. Негізі шет тілдерін үйретеміз. Жаңа медиа, мультимедиа бойынша тренингтер өткіземіз. Общымм, ТОО-мыз. Содан өткенде офисімізге бір клиент келіп, директорымыздың соткасын жымқырып кеткен. Содан бері офистің телефоны туралы жиі ойланамын.

Клиенттермен негізінен телефон арқылы байланысамыз. Олар да бізді жарнамадан көрсе, нөмірге звондайды. Көшедегі сыртқы жарнамада, постерлерде бәрінде компаниямыздың нөмірі жазулы тұр.

Ойлап отырсам, кез-келген бизнесте сіздің телефон нөміріңіз – өте маңызды құралдарыңыздың бірі. Оның тез есте сақталуы, үнемі қосылып тұруы т.с.с. Не себепті кейбір мобилді операторлар бизнеске арнап арнайы пакеттерін ұсынады десем, осыдан екен ғой.

Бірақ ең маңыздысы нөмір компания атында немесе сол компаниядағы бір қызметкердің атында болуы супер-пупер маңызды болып шықты.

Өткенде офистің телефон нөмірі кімнің атында екен деп іздесем, “Мария Ивановна” деген белгісіз біреудің атында. Tele 2 симкасын қызметкерлеріміздің бірі көшедегі сатушылардан ала салған ғой. Содан көшедегі сатушылар әдетте бір нөмірді таныстарына немесе өздерінің аттарына тіркей салады.

Енді нөмірді өз атымызға ауыстыру үшін әлгі Мария Ивановнаны тауып, соның келсімі керек екен. Оны іздеп табу дегеніңіз енді… Содан нөмірді өз атымызға ауыстырудың жолы бар ма деп, Tele 2-нің заңгеріне хабарластым. Дәлірек айтсам, кездесуге бардым. Сөйтсем болады екен.

Нөмірді қолданғаныңды дәлелдейтін құжаттар болуы керек. Мысалы, олар соңғы бір жыл көлеміндегі нөмірге қатысты ақпараттарды сұрайды. Қандай нөмірге звондадың? Қай айда қанша ақша құйдың? т.с.с. Содан кейін бір-екі қағаздарына қол қойып нөмірді өз атыңа ауыстыруға болады.

Әрине, бұл екі аптада бір рет симка ауыстырып үйренгендер үшін қажетсіз болуы мүмкін. Бірақ мемлекетке салық төлеп, нөмірі арқылы бизнес жүргізіп отырғандарға керек.


Себебі күні ертең симка жоғалып қалса, нөмірді қалпына келтіре алмайсың. Күллі клиенттерің ескі нөмірге үйреніп қалды. Барлық жарнамалық мәтіндерден де нөмірді ауыстыру керек.

Қысқасы, құқығыңыз заң аясында қорғалсын десеңіз нөміріңізді заңдастырып қойған дұрыс екен.🙂

Со

6 thoughts on “Телефон нөмірің кімнің атында?

  1. Офис жайлы айтқан жоқсыз. Алайда шет тілдірін үйрететін және жаңа медиа
    жайлы журналистерге үйрететіндеріңізді айттыңыз. Телефоным өзімнің атымда.
    Құрметпен Нұр-Кенже!

  2. Осы жайлы ойланып жүр едім) Актив операторлары да айтқан, құжатпен келсеңіз ауыстырып береміз деп.

    • Актив туралы жақсы еске салдың, Мәншүк. Актив туралы тағы жазармын. Негізі актив қымбат байланыс тәрізді.

  3. Асеке, құрбан айт құтты болсын! Жұмысыңызға сәттілік, отбасыңызға береке,
    бірлік тілеймін!
    Құрметпен Нұр-Кенже!

    2014-10-01 15:36 GMT+06:00 Нұрлат Байгенже :
    > Офис жайлы айтқан жоқсыз. Алайда шет тілдірін үйрететін және жаңа медиа
    > жайлы журналистерге үйрететіндеріңізді айттыңыз. Телефоным өзімнің атымда.
    >
    > Құрметпен Нұр-Кенже!
    >
    > +7 778 590 18 08
    >

  4. Сол нөмірдің өз атыңда болғаны дұрыс. Бауырымның телефон нөмірі менің атымда тұр еді, жылына екі рет жоғалтады, сындырады, ұрлатып алады. Ақыр соңында симканы қайта қалпына келтіруге өзім жүгіремін. ):

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s