Жауқазын ғұмырды жылатқан …. жауыздық


download

Әлі де есеңгіреп отырмын. Миыма сыймайды. Күні бойы мазасыз отырған соң не болғанын сұрап едім.

Биыл қызының мектепке барғанын айтты. Күн сайын қызының қалтасына 200 теңге салып жібереді екен. Түскі үзілісте жейтін тамағының ақшасы ғой. “Күн сайын ақшасынан тиындар артылатын, бір аптадай болды артық ақшалары жоқ.

“Ананы алдым, мынаны алдым” деп өтірік құрастыра бастады” дейді. Негізі анасына өтірік айтпайтын бала.

“Әрі сатып алдым деген заттарына ақшасы да жетпейтін еді. Содан шыныңды айта ғой, не болды? десе, 5-сыныптың қыздары келіп, қорқытып ақша алып кететінін айтыпты… “Егер әке-шешеңе айтсаң, олар жоқта үйіңе келіп, ұрып кетеміз” деп қорқытады екен.

Әлімжеттіктің тамыры 5-сыныптың оқушыларында, олардың ата-аналарында емес, тұтас қоғамда жатыр-ау… 2008 жылы “Жас қазақта” қызмет етіп жүргенде Талдықорған жақтан бір апай келген. Қызын өзінің кластастары бәрінің көзіне зорлап, онысын соткаға түсіріп алған. Содан егер ақша әкелмесең, ата-анаңа көрсетеміз деп қорқытқан оқиғаны естігенде жағамызды ұстаған едік… “Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық” туралы жазып, біраз дабыл қаққан едік. Жағдай түзелмеді…

Финляндияда, Америкада bulliying деп аталатын мұндай індетпен бала-бақшадан бастап мемлекеттік деңгейде күреседі. Ал бізде… 6-жастағы қызды осы бастан 5-сынып оқушысының қыздары мектепте қорқытып-үркітіп жатса…  :(

3 thoughts on “Жауқазын ғұмырды жылатқан …. жауыздық

  1. 1990-2000 жылдары мектепте балалардың арасында ақша жинау; жабылып сыныптағы ең әлсіз қызды (көбінесе қыздар) ұру; жігіт үшін төбелесу дегендер болды. Мұндай қорқыту-үркіту енді азайған шығар деп ойлайтынмын. Қиын-қиын.

    • Иә, жыл өткен сайын осындай дүниелер көбейіп бара жатыр. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің бір себебі осы болуы мүмкін деп ойлаймын.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s