KAZTRK сайты жаңарды


kaztrk сайты

kaztrk сайты

kaztrk-ның жаңа сайтын көрген боларсыз? Мүлдем басқаша. Шетелдің лебі сезіледі. Интерфейсі юзер френдли, яғни түсінікті.

Бұрынғы сайтты ашқанда ақпараттардан көз сүрініп, нені, қашан, қалай қарайтынымды білмей кішкене тосылып қалатынмын. Бұл жолғы сайттары көзге салмақ түсірмеді.

Жаңа сайттың ерекшеліктері көп. Ең бастысы бәрі де интуитивті деңгейде түсінікті. Кнопка саны аз болған соң ба, әлде тінтуірді апарған кезде бірден түсініктемесін беретіндіктен бе, әрі қарай сүңги бергің келеді. 

Мәселен, бұған дейін Қазақстан телеарнасының аймақтағы бөлімшелері бар екенін білсем де, олардың видеоларын қай жерден көрсеткенін білмеппін.

Соңғы нұсқада “Қазақстан” арнасының аймақтағы жаңалықтарын жеке сайттарынан оңай табасыз. Әрі әлеуметтік желілерге тіркеп қойыпты.

Осы жұмыстың барлығын “Қазақстан” телеарнасындағы шағын ғана ұжым атқарып отырғанын көп адам біле бермес.

Жаңа медианың басы-қасында жүргендер Астанаға  барғанда тоқтамай кетпейтін бір жер бар. Ол – Медиа орталықтағы “Қазақстан” телеарнасының Интернет редакциясы.

Мейрамхан апай басқаратын ұжымның еңбегі өте қызық. Қазақстандағы интернет журналистика туралы айтқанда оларды елемей кету мүмкін емес. Себебі Қазақстандағы жаңа медианың қалыптасуына, дамуына өте үлкен ықпал етіп отыр.

Бұған дейін Қазақстандағы ақпарат құралдарында жеке интернет редакциялар болмады. Дені газеттің қасынан сайт ашып, 1-2 адамға сайтқа ақпарат толтыруды жүктеп қояды. Немесе өз алдына тұтастай Интернет газет болып құрылып, контентті толтырумен, яки техникалық жағымен айналысуды жөнді қолға алмай оқырмандарымен қарым-қатынас орната алмай жатады.

“Қазақстан” телеарнасында әрине контент көп. Әрі сайттарын ұстап тұратын қаржылық мүмкіндіктер де баршылық. Бірақ мұндай мүмкіндікті өзге де мемлекеттік ақпарат құралдары жасай алады ғой.

Сайт әрине бұдан әрі дами түсіп, кейбір техникалық дүниелерді жетілдірері сөзсіз. Қазақстанның жаңа медиасына үлкен өзгеріс әкелуге себепші болып отырған ұжымға үлкен сәттілік тілеймін!

 

 

 

 

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s