ВИДЕО: Пойызда ән салған ата-әжелер


Ұшаққа мінген адам пойызбен жүргісі келмейтін сияқты. Студент кезде Жезқазғаннан Алматыға пойызбен екі күнде келетінбіз. Кейін мұхит асу үшін ұшақпен бар болғаны 20 сағаттай уақыт керек екенін білдім. Сол кезде “Жезқазғанымнан гөрі Америкаға жетуім жылдам екен” деп ойлайтынмын.

Өткен жылдың соңында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде (Қызылорда, Түркістан қалалары және Сайрам ауданында), солтүстікте Қостанайда, сосын батыста Атырауда, одан кейін шығыста Семейде тренингтер өткізуге шақырды.

Ұшақтардың ішкі рейстері уақыт бойынша сәйкес келмегендіктен, әрі ұйымдастырушылардың ережелеріне сәйкес пойызбен жүруге тура келді. Пойыздың да түр-түрі пайда болыпты. Бұрын пойыздың төресі – испанның Тальгосы деп санайтынмын. Қазір Шымкенттен Алматыға жүретін “Отырар” деген пойыз үздіктерімнің көшін бастап тұр.

Осы айдың соңында (29 сәуір) Өскеменге тренинг өткізуге барамын. Қатысамын деушілер болса, осы жазбаның астына пікір ретінде қалдырсаңыздар болады.

Видеоны былтыр Семейден Алматыға келе жатқанда жасап едім. Енді ғана жариялаудың сәті түсті. Пойыздың да артықшылығы бар. Бірақ ең маңыздысы – қасыңдағы сапарласың.

Қай жаққа бағыт алсаңыз да, сізге жақсы сапарластар кездессін!!!

Ал сіздің сүйікті пойызыңыз қайсы? Таныстарыңызға қай пойызбен жүруге кеңес берер едіңіз?

3 thoughts on “ВИДЕО: Пойызда ән салған ата-әжелер

  1. Астана мен Атыраудың арасында жаңа вагондар қатынай бастады. Никельтаудан Әйтеке би станциясына дейін баруым керек еді, небары үш сағаттың ішінде вагонның іші қатты ұнап қалды. Фирмалық мәртебесі бар екен.

  2. Асхат аға, сәлеметсізбе! сіздің Өскеменде өткізетін тренингке қалай қатыса аламын?! Міндетті түрде қатысып, сізден білмеген сұақтарыма жауап алсам деп едім…

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s