Канадада не жоғалттым? #TEDActive


20140317_160509

Уислердемін. Канаданың Бритиш Каламбиа деген провинциясы. Қонақ үйімнің терезесінен әдемі тау көрініп тұр. Айнала аппақ қарға оранған. Қасымда көршім отыр. Густаво. Бразилиядан келген. Густава және тағы басқа жиырмаға жуық TED аудармашысы TEDAcive 2014 конференциясына арнайы шақырылдық.

Былтыр күзде поштама TED-тен хат келген. “Осылай да, осылай, TED видеоларын аударып жүргеніңізге рахмет. Келер жылы конференция өтеді. Соған шақыратын аудармашыларды іріктеп жатырмыз. Қатысқыңыз келсе, мына сауалнаманы толтырыңыз” деген соң толтырып жіберген едім. Бармақтай бағым бар екен, 20 орынның бірі бұйырды.🙂

TED жиыны туралы бұрын естіген боларсың? Бәлкім, “Білім” телеарнасындағы хабардан көрген шығарсың немесе интернетті аралап жүріп кейбір видеоларын көріп, “мына пәтшағарлар сұмдық сөйлейді екен” деп тамсанған шығарсың.

TED – таратуға тұрарлық идеялардың басын қосып, әлемге технология, ойын-сауық және дизайн саласы туралы тың ойларын ұсынатын бейресми форматтағы ұйым. Жылына бірнеше рет конференциялар ұйымдастырып тұрады. Видеосын бір көрген адам, TED не үшін керек екенін айтпай-ақ түсінетін сияқты. Айтпақшы, Алматы мен Астанада TEDx ұйымдастырылған (x деген белгі әртүрлі елдерде өтетін TED жиынын білдіреді).

This slideshow requires JavaScript.

Бүгін TED-тің алғашқы күні болды. Дүние жүзінен небір “жындылар” жиналған екен. Басында бағдарламасын алғанда бұл жиынды “жындылар (шығармашылық иелері дегенім ғой, есі ауысқандар деп түсініп қалып жүрмеңдер) қажылығы” деп атағым келген. Себебі TED-тің де бұлжытпай орындалуы тиіс салттары бар екен. Мысалы, барлық адамға есімі жазылған бейджек береді. Кісілер бір-бірін есімімен атайды. Бәрі бір-бірімен амандасады. Өзімен бірге бір сыйлық көтеріп келіп, оны басқа біреумен алмастырады. Адамдар мейлінше қолындағы компын, айпады мен телефонын аз қолданып, жұртпен сұхбаттасуды бірінші орынға қоюы тиіс (жазбаны кешіктіріп жазуымның себебі де осы).

Бүгін таңертең робот құрастырдым. Сосын қолға тағатын бір резеңке білезік жасадым. TED аясында осындай шығармашылық бұрыштар бар. Сосын екі тренингке қатыстым. Бірі – студияны жоспарлау екіншісі жұмыс орнындағы халықаралық мәдениет деп аталды.

Студия құрастыру тренингінде адамдардың технологиялық құралдарға деген тәуелділігін азайтудың жолдарын іздедік. Екі сағаттың ішінде шешімін тауып қана қоймай, оның суретін салып, жұртқа таныстырдық. Сұмдық керемет ойлар айтылды. Мен басында кіл америкалықтардан құралған топта болдым. Екінші раундта бір қытай, араб, сосын америкалық болдық та, соңғы раундта сегіз адам болдық. Ең бастысы технологияға (минут сайын телефонына үңіліп, поштасын күніне он рет қопарып, статустарына қанша адам лайк қойғанын тексеретіндерді айтамын) арқа сүйеуді азайта бастау керектігін ұқтым. Тренингтегі кейбір элементтерді бұйыртса, сәуірде Өскеменде өтетін тренингімде қолданып көрсем деп отырмын.

Екінші тренингте бүгінгі жұмыс кеңселерінің дизайны мен оның қызметкерлері арасындағы қарым-қатынастың түрлері туралы болды. Әртүрлі құрлықтағы адамдардың жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі екендігіне, әрі оның күн санап өзгеріп жатқанына тоқталды.

p.s. айтатын ойлар көп. Асығып жазып отырмын. Ұшып кетіп қалмай тұрғанда түртіп қояйын дегенім ғой.

One thought on “Канадада не жоғалттым? #TEDActive

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s