Сары шашты қыз бен мұжық


Сурет CC рұқсаты негізінде Flickr мұрағатынан алынды

Бесіннің кезі болатын. Ғимараттың ішінде бір бөлмеден екіншісіне шапқылап жүргенмін. Ағылшын тілін оқытатын бөлмеміздің алдында бір мұжық тұр. Бәлкім адасып жүрген болар деген ой келді. Қасына барып “Көмек қажет пе? Әлдекімді іздеп жүрмісіз?” дедім. Осы кезде оң жақ қасына пирсинг қыстырған сары шашты қыз келді. Арақтың иісі гүмп ете қалды. “Баламызды ағылшын тілі курсына жаздырайық” деп едік деген соң, ішкі кіруін өтіндім.

Қызыл диванымыз бар. Ол қызыл диван үлкен еңбекпен келген. Келген қонақтың бәрін құрметтеп, соған отыруын өтінеміз. Шай береміз дегендей. Отырмаймыз деп шорт кесті. Курсқа қатысты ақпаратты сұрап жатыр. Бізде негізінен мұғалімдер қазақша сөйлейтіндер. Сондықтан 6-сыныпта оқитын ивандарына қиын болмас па екен деп қоямын іштей. Бір жағынан ата-аналары өздері ақыл тоқтатып, ең болмаса балаларына шет тілін үйренуге жағдай жасап жатқанынан ішім жылып тұрған.

Кедергі келтірмейін деп келген қонақтарды офис-менеджерге табыстап, өз шаруаммен кеттім. Сәлден соң, ағылшын тілін оқытатын кеңсемізге қайта келдім. Бөлмемізден оқтай ұшып шыққан жирен шашты қыз мені қағып кетті. Сасқанымнан “Бәрі жақсы ма?” деппін. Ентелеп ішкі кірдім. Бәлкім арада бір түсінбестік болып қалды ма дегенім ғой.

…. 5-10 минутта бастығымыз келді. Соткасын іздеп жүр. Антұрғандар офис-офисті шарлап, кісі мүлкін ұрлап жүргенін сонда түсіндік. Біздің ғимаратта барлық қабатта камера орнатылған. Бастығымыз дереу полиция шақырды. Камерадағы видеоны да қарадық. Алақ-жұлақ етіп, сыртқы есіктен қашып кетіп барады екен… сары шашты қыз бен мұжық… қолдарында сотка…

10 thoughts on “Сары шашты қыз бен мұжық

  1. Иә, ондай оқиғалар болады өмірде. Менен баяғыда бір апа жолдан өткізуімді сұраған,демеп жібергенмін. Бір мезетте қарасам сөмкемдегі қапшығым жоқ (қапшықтағы ақша емес,жеке бас куәлігім мен кредит.карточкаларым маңызды болды маған, сол сәтте). Жүгіріп жанына барып “беріңіз қапшығымды” деп төтесінен айттым, амал жоқ қайтарды.Жағдайының оң емесін айтты,мен шыдамай сонда да иілдім, қолына сол әмияндағы бар ақшаны (екі мыңға жуық теңге бар-тын) бердім,бірақ біраз уақытқа дейін есеңгіреп жүрдім…

    • Көшеде соңғы кездері үлкен кісілер мені тоқтатып ақша сұрайтын болып жүр. Бір қызығы бәрінің айтатын оқиғасы біреу: “Тараз, Түркістан не Шымкент жақта бір ауылда тұрушы едім. Автобусқа ақшам жетпей қалды дейді немесе емханадан шығып едім, ауылға қайтатын ақшам жоқ” деп айтады. Басында 1-2 кісіге қолымда бар азын-аулақ ақшамды беруші едім. Кейін айтатын оқиғалар ұқсас болып кеткен соң күмәнім көбейіп, беруді доғардым. Бір күні сондайлардың біреуін тоқтатып, тәптіштеп бәрін сұрап көрмесем…

  2. “Арақтың иісі гүмп ете қалды” деген жазбадан үркіп қалып едім… соңы ұрлықпен біткен екен ә. Әйтеуір ішкен, ішіп алып ұялмастан арақ иісі мүңкіп тұрған адаммен лажы болса сөйлесуден қашатын едім, сізге де ендігі жолы солай болуды ұсынамын Асеке.

    • басында сөйткіміз келген. Бірақ ата-анасы осындай болса, баласының не жазығы бар. Баласының білім алуын ойлап келген екен ғой деген ой келіп, сөйлескен едік. Алдағы уақытта енді мұқияттау боламыз. Ескерткеніңізге рахмет!🙂

    • Хайырлысы! Жоғалғанынан жақсырағы бұйырсын!!! Осылай анда-санда қонақ болып, пікір қалдырып, қуантып тұрсаңызшы!🙂

  3. Неше түрлі жол табады екен ау. Айтпақшы Асхат сен де жазып жүр екенсің ғой арасында:) Мен енді фоллоу жасап қойдым

  4. Күнде ақша сұрай берген соң, отырған әйелден себебін сұрап көрдім. Мардымсыз жауап берді. Көп адамға сене бермеймін, мына әйелдің сөзіне тіпті сенбедім. Әдетке айналған сияқты ақша сұрау.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s