Сен жалғыз емессің, Тоты!


Семейдегі белсенді блогшы деп Тотыны танитынбыз. Бұл жерде блогшы деп қазақ интернетіне жаны ашып, оның дамуына сөзімен емес, ісімен де белсенді үлес қосып жүрген жанды айтып отырмын. Тоты «Мінбердің» семинар-тренингіне қатысып, блог тіркеген. Содан бері Семейліктерге жаңа медиаға қатысты ақпараттар беріп, шамасы келгенінше түсіндіріп жүретін.

Бұл жерде блогшы деп қазақ интернетіне жаны ашып, оның дамуына сөзімен емес, ісімен де белсенді үлес қосып жүрген жанды айтып отырмын.

Кейін Семейде Данияр есімді блогшы бар екенін де білдік. Білдік те қуандық. Себебі Данияр сонымен қатар Интернеттегі жобаларды қазақшалауға да үлес қосып жүр. Мәселен, Facebook-ты қазақшалауға әрі Skype-ты қазақ тіліне аударуға сүбелі үлес қосуда. Даниярдың сабырлығы көпке үлгі!

Сөйтіп Абай еліндегі мен білетін блогшымыздың саны екеу еді.

Апта басында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің шақыртуымен журналистика мамандығы студенттеріне тренинг өткізіп келдім. Қазақ бөлімінде оқитын студенттер саны басым. Ұзын-саны 80-ге жуық студент қазақ журналистикасына қызмет еткісі келеді.

Негізі 30-шақты студентке өткіземін деп жоспарлағанмын. Медиа нарықтың жаңа түрін – интернетті игеру керектігін ұқтыруды, жаңа мүмкіндіктер бар екенін көрсетуді жоспарладым. 50-ге жуық студент қатысты.

“WordPress.com-нан блог тіркеуді көрсетсеңіз” деп сұраған соң, оны да көрсеттім. «Басты мақсатым – блогшы қылдыру емес. Ең бастысы WordPress тәрізді платформада жұмыс істеу арқылы жазбаның қалай жарияланатынын, сайттың ішкі құрылымдарын түсіндіру» дедім.

Бір жақсысы Шәкәрім университетінің басшылығы журналистика мамандығы студенттеріне арнайы компьютер залын (проекторы бар екен), интернетін бөліп отыр + жаңа медиа студия ашып жатыр.

Ал Семей қаласында бар болғаны екі телеарна және 3-4 газет бар. Яғни, журналистика мамандығы түлектері не жұмысты басқа қаладан іздеуі керек немесе өздеріне жұмыс жасап алуы керек. Мен екінші жолын ұсындым. Осы бастан бір медиа жобаны бастап, қолға алуға кеңес бердім. Біразы кеңесімді құп көрген тәрізді.

Тоты, қазір Астанадасың. Бірақ Семейге бара қалсаң, біле жүргейсің. Сен енді жалғыз емессің. Артыңнан ерген 50-ге жуық блогшы іні-сіңілің бар. Семейдегі интернеттің қазанын қайнататын жанашырларың бар.

p.s. Семейдегі шай-файыма қатысып, ойға ой қосқан семейлік Әйгерім, Қуаныш, Айбек, Данияр, Құндыз, Балжан және Маржанға үлкен алғысымды білдіремін. Семейге барып-қайтуыма септескен, Бибігүл апай, сіздерге де мың алғыс!!!

3 thoughts on “Сен жалғыз емессің, Тоты!

  1. Жарайсың,Асхат! Өңірлерге жаңа медианы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ісінде қосқан үлесің мол! Қаншама жастар пайдалы ақпарат алды. Алла разы болсын! Семей жерінде де мұндай тренингтер күнде өте бермейді. “Мінберге” кезінде Меруерт Сафаева (қазір Астанада), Рыскүл, Қуаныш, Әйгерім де қатысқан. Данияр да талантты жастардың бірі. Бәріңнің бастарың қосылғаны жақсы болды, фейсбук желісіндегі суретті көріп қуанып отырмын.

  2. йә блог құрылтайға қатысып барып сондағы блогшыға “Блогқұрлытай” сәлемдемесін апарып беріп жүргенін оқығаным есімде. Артынан өтірік айтапысам Есенгулмен бірігіп блог жайлы біраз жыл жұмыс жасады ғой деимін. кккк Еңбегі ақталыпты.Жарайсың балақай!

  3. Бәрінен де Асхаттың қазақ үшін жасап жатқан еңбегін бағалау керек. Қазақтілді интернетті дамыту – өзіміз үшін қажет.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s