Молдовада не жоғалттым?


Америкада оқып жүргенде Статистика деген курс міндетті пәндердің қатарында еді. Мектепте физика-математикасы көбірек оқытылатын сыныпта болсам да, сандардан алшақ жүретінмін. Содан, амал жоқ, бір семестр ағылшынша статистика оқыдым. Өте ұнады!

Оқыған білімім текке кетпесін деп, бұны журналистикада қалай қолданамын деген сұраққа жауап іздедім. Сөйтсем, әлемде Дата журналистика деген статистикалық терең анализді қажет ететін журналистік зерттеудің түрі дамып келеді екен. Сонымен «ауыра бастадым».

Қазақстанда бұл аурумен «ауыратын» тағы бір адам бар. Ол – Гүлім Әмірханова. Сөйтіп, Гүлім екеуміз Дата журналистикаға қатысты Қазақстанда бір жоба бастасақ па деп ойлайтынбыз. Бірақ неден бастаймыз деген сұрақ туғанда нақтылы жоспар көрінбейтін.

Сөйтіп жүргенде Молдовада Еуропа мен ТМД елдерінен 30 адамға арналған арнайы екі күндік тренинг өтеді дегенді көзім шалды. Дереу өтінішімді жібердім. Қатаң іріктеулерінен өтіп, сол 30 үміткердің қатарына ілініппін. 🙂 Шүкір!

Молдоваға Дата журналистика бойынша екі күндік тренингке қатысуға кетіп барамын. Бұйыртса, Кишиневтегі ойларымды да жазармын.

Молдоваға барамын деп күллі жұмыстарымды ыңғайластырған түрім бар болсын. Қызылордадағы тренингтен соң бірден Атырауға одан Түркия арқылы Молдоваға ұштым. Енді пайдалы бір ілім бере гөр деп дұға қылудамын.

Біз сияқты Дата журналистикамен «ауыратындарға» мына кітапты оқуға кеңес беріледі. Bootcamp-тан соң тың ойлар пайда болып, Қазақстанда Дата журналистикаға байланысты бір жобаларды қолға алармын деп үміттенемін.

Advertisements

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s