Ақұдай мен айналайындар елінде


Суретті түсірген Махмуд Байходжаев

Мультимедиалы журналистика тренингіне қатысушылар (Суретті түсірген Махмуд Байходжаев)

Ақұдай дегенді алғаш осы блогосферада естідім. Қателеспесем, ақұдай деген никпен блогшымыз да бар.

Интерньюстің жобасымен еліміздің оңтүстігіндегі бірнеше өңірге мультимедиадан тренинг өткізбекпіз. Алғашқысын Қызылордадан бастадық.

Тренингте жай ғана мультимедианы түсіндіріп қоймай, әлеуметтік желіге қатысты эксперимент жоба бастағым келді. Сөйтіп, Қызылордаға бара жатқанда пойыз ішінде «Әлеуметтік желі журналистикасы» деген атпен арнайы алгоритм құрастырдым.

Асхат Еркімбай

Әлеуметтік желі журналистикасы

Басты мақсат журналистерге әлеуметтік желілерде жеке брендтерінің қалыптастыруына көмектесу, әрі белгілі бір газетке емес жеке өздерінің брендтеріне жұмыс істегенде нені ескеру керектігін ұқтыру болды.

Алайда тренингке қатысушылардың дені жас журналистер болғандықтан, бұл алгоритм тек тренингтің үшінші күнінде іске қосылды. Оған дейін үнхабар мен бейнехабар жасауды, оларды әлеуметтік желілерде таратуды көрсеттім.

Өмірінде ешқашан да микрофонға өз дауысын жазып сөйлеп көрмегендер, камера ұстап көрмегендердің үнхабарлары мен бейнехабарлары төмендегідей болып шықты. Жаман емес!!!

Мынау тренингке қатысушылардың G+ парақшасы, facebook тобы және twitter ілмектері.

Ақұдай деген ру емес, бар болғаны айналайын деген сөз екен. Қызылорда өңірінің Қазалы ауданы мен Арал маңының тұрғындары Ақұдай деп айтады. Ақұдайлықтардың «сухопутный» (жергіліктілер), «морской» (арал маңындағылар) және «воздушный» (әке-шешелерімен немесе өзге себеппен көшіп кеткендер) деген үш түрі бар екен.

Суреттегі картада ақұдайлайтындарды белгіледім. Картадағы нүктені бассаңыз, ақұдай мен айналайынға қатысты аудиофайлдар ойналады.

пысы. Өткен аптада Қостанай өңірінің имамдарына жаңа медиадан лекция оқығаным бар еді. «Мұнаралықтар» біраз суреттерімді жариялаған екен. Қызылордада өмірімде бірінші рет болдым. Қала өте ұнады! Қызылордада мені қонақ қылған барлық достарыма үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Advertisements

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s