Интернет журналистің айлығы қалай есептелуі керек?


2013-03-30 07.45.31

Жұрт ақпаратты интернеттен алатындықтан, журналистер де ақпаратты интернетке лайықтауға мәжбүр. Тиісінше, интернет-журналистерге сұраныс артпақ. Бұл қазақ тіліндегі де ақпарат алаңына қатысты.

Дәстүрлі ақпарат кеңістігінде әрбір редакция журналистке тұрақты айлығын, қаламақысын тағайындайды. Ал енді интернет-журналистің еңбегін қандай критерийге негіздеп анықтау керек?

Шетелде әрбір интернет-басылым өзінің ішкі ережесін қабылдайды. Мәселен, бір басылым, журналистің мақаласын көргендер мен қарағандарға негіздеп, айлық төлейді. Бұл тәсілдің бір кемшілігі – журналистер оқырман тарту үшін жеңіл-желпі тақырыпты көп иектеп кетеді.

Сонда интернет журналистің айлығы қалай төленуі керек? Егер бәріне бірдей айлық тағайындалса, бір журналист көбірек жұмыс істеп, екіншісі азырақ жұмыс істеуі мүмкін ғой. Бір журналист мақаласына сурет те түсіріп, видео да қосып, үнхабарды да жазса ше?

Егер әрбір журналистке күніне сайтқа мынша ақпарат салып отыр дейтін болсаң, онда сапа жағы әлсіреп, журналистер рейтинг қуып кетуі кәдік. Қысқасы, дижитал дәуірде журналисті ақшамен мотивациялау қиын.

Шетелдің кейбір сарапшылары мықты журналист әлдебір сайтқа байланбай-ақ өз алдына сайт ашып, табыс таба алады. Сондықтан әрбір журналист өзінше бренд екенін ұмытпайық депті.

Әрине, шетелде интернет журналистика нарықтық қарым-қатынас есебінен дамып отыр. Әйткенмен біздің журналистерге де осы бастан өздерін интернетте бренд ретінде қалыптастыруды ойластыра бастағандары жөн.

Бренд дегенде белгілі бір тақырыпты жақсы білетін кәнігі маман, яки сарапшы болу керек дегенді меңзеп отырмын. Интернетте адамның көз алдында жүрсеңіз жұрт сізге көбірек сенеді, әрі жазғандарыңыз да ойдан шығарлықтай болып жатса, құныңыз артпақ. “Атың шықпаса, жер өрте” деп әлеуметтік желінің “шаңын” шығарып жүрсеңіз атыңыз шығар, брендіңіз де қалыптасар, бірақ оның құны арзан болуы мүмкін екенін ойлаған жөн

Түбі интернет-журналистің айлығын қарастырғанда оның брендінің құнына мән беретін боламыз. Қазір тойға әншіні шақырғанда танымалдығына орай ставкалары әртүрлі болады емес пе? Бұл да солай болатын түрі бар.

3 thoughts on “Интернет журналистің айлығы қалай есептелуі керек?

  1. Өзіміз жақсы білетін тақырыпта блог не сайт ашып өз жазған жұмыстарымызды жинасақ та блогер-сарапшы ретінде қаржы табуға болатын сияқты.

  2. Бұрын ақпараттық агенттікте жүргенде әрбір ақпаратқа төлейтін. Хабардың маңыздылығына , жеделдігіне, т.б. критерийлеріне қарай 1,5 – 5 мың теңге шамасында еді. Қазір қалай екенін білмедім. Одан бері де 3-4 жылай өтті.🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s